Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Вирус гепатиттері



Вирус гепатиттері – гепатотроптық вирустармен қоздырылатын, әр түрлі жолдармен берілетін, уытталу белгілерімен және көбіне бауыр жасушаларының зақымдануымен сипатталатын адамның жұқпалы аурулары.

Жастар арасында тарайтын және саргаюмен сипатталатын ауру туралы бірінші рет Гиппократтын шығарламаларында айтылған. 752 жылы Рим папасы қасиетті Бонифацийге жазған хатында сарғаюмен ауыратын адамдарды оңашалау керек екіндігі туралы жазған. Келесі 1000 жыл ішінде сарғаюмен қалыптасатын аурулар эпидемиялары туралы ешқандай мәліметтер болған жоқ. Кейіннен сарғсю эпидемиясы туралы 17 ғасырдағы Испания соғысы кезінде жазылған, сонда ғана сарғаюдың соғыстармен бойланысты екені белгілі болды. Тарихта 96 сарғаюдың эпидемиясы туралы белгілі. Екінші әлем соғысы кезінде гепатит эпидемиясы ең ірі масштабты болды. Соңғы 50 жыл аралығында гепатит көптеген елдердің тұрғындары арасында жайылды. Қазіргі кезде гепатиттің 7 түрі белгілі, оларды латын әріптерімен А, В, С, Д, Е, Ғ, У деп атаған. Осы вирустар адам бауырын зақымдау мүмкіншіліктерің әлі толықтырмаған, сондықтан қашық емес болашақта гепатиттің жаңа түрлері пайда болуы ықтимал. Барлық вирустар қоршаған ортада тұрақты, ұшпалы емес.

А және Е гепатиттері фекалді-оралді жолмен беріледі (тамақ, су, қарым-қатынас арқылы). Гепатиттердің осы түрлерімен ересек балалар ауырады.

В, D, С гепатиттері парентералды жолмен тарайды, олар: қан арқылы (нашар залалсыздандырылған шприцтер және инелер, кесетін құралдар арқылы, операциялар кезінде, тіс емдеген кезде, тері және шырышты қабаттардың эндоскопияда және басқа манипуляцияларда зақымданғанда), қарым-қатынас арқылы (тіс шоткалары, ойыншықтар, ұстара, ыдыс, орамал т.б.), жынысты жолмен, трансплацентарлық жолмен (ауру немесе тасымалдаушы әйелден ұрыққа).

Барлық гепатиттерге лайықты түрлері:

- Инаппаранттық түрі – гепатиттің бұл түрінде клиникалық–биохимиялық белгілері жоқ, ауруды тек вирусологиялық және серологиялық тесттермен анықтайды.

- Субклиникалық түрі – клиникалық көріністері болмаса да, қанның сарысуында трансаминазалар белсенділігі жоғары.

- Сарғаюсыз түрі - сарғаюдан басқа барлық клиникалық белгілері және лабораторлық тесттердің өзгерістері бар.

- Сүртілген түрі: аурудың айқындалған клиникалық белгілері жоқ.

- Типтік түрі: бауыр закымдануының клиникалық және лабораторлық белгілері айқын.

А, Е, Ғ вирусты гепатиттері – ішек жұқпалары, ал В, С, Д, У – парентералды жолмен берілетін жұқпалар.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 1751 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...