Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тұмау



Тұмау (грипп) - уытталудың айқын белгілерімен, жоғары қызбамен, жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуымен сипатталатын жедел вирустық ауру.

Қоздырғышы - А,В,С серотипті вирустар. Олар – облигатты жасушаларішілік арамтамақтар.

Э п и д е м и о л о г и я с ы. Тұмаудың негізгі ерекшелліктері:

1. Тұмаудың вирусы қоршаған ортада тұрақты емес. Адам ағзасысыз вирустер өледі; дезерітінділергі, күн сәулелеріне, қыздыруға, кептіруге сезімталдығы жоғары. Төмен температуаны өте жақсы көтереді, суық жерде бір айға дейін өмір суре алады.

2. Аурудың көзі – науқас адам. Берілу жолы – ауа-тамшылы жол.

3. Тұмаудың қабылдаушылығы өте жоғары. Тез қабылдайтындардың арасында -

бірінші рет тұмаумен кездесіп тұрған 6-12 айлық балалар.

4. Тұмаудан кейін әдейіленген қысқа мерзімді иммунитет пайда болады.

Тұмаудың вирусы тыныс мүшелер арқылы ағзаға еңіп шырышты қабыққа жергілікті әсер, ал орталық жүйке және әндокрин жүйелеріне жалпы токсикалық әсер көрсетеді.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і: Инкубациялық (жасырын) кезеңі қысқа, бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін. Ауру жедел басталады, уытталу белгілері ерте пайда болып, тез дамиды, дене қызуы 400–қа дейін көтерілуі мүмкін. Тұмаудың вирусы орталық жүйке жүйесіне және жүрек – қанталыр жуйесіне әсер еткеннен жалпы уытталу белгілері пайда болады: жалпы әлсіздік, қалтырау, бас ауруы, бас айналуы, құсу, ұйқышылдық. Бала кейде ішінің ауырсынуына, буындарының сырқырауына шағымданады. Жалпы уытталу белгілерімен қатар жергілікті өзгерістер пайда болады: көмейдің қызаруы, тұмау, құрғақ жөтел. Аурудың 3 күнінде тұмаудың белгілері айқындалады. өкпе дыбысының корап иірімі, құрғақ немесе ылған сырылдар, қатаң тыныс алу пайда болады.

Асқынусыз өтетін тұмау кезінде қызба 1-6 күн бойы тұрақталады, соңынан қатты терлеумен ере жүре тез басылады. Дене қызуы тез төмендегенде коллапс болуы мүмкін.

Аурудың үшінші күнінен бастап қанда лейкопения, лимфо-, немесе моноцитоз айқындалады. ЭТЖ – қалыпты жағдайда немесе төмендейді. Келесі екі-үш жұма аралығында аурудың әлсіздіктенуі (астенизация) туады: бас ауру, әлсіздік, ұйқысыздық. Тұмаудың ауыр түрлерінде нейротосикоз көріністері пайда болады.

Нейротосикоз - ол вирустық, бактериялық, вирусты-бактериялық әсерлерене байланысты өзіне тән емес ағзаның реакциясы. Көбіне орталық нерв жүйесі және вегетативті нерв жүйесі зақымданады.

Сәбилердегі тұмаудың ағымы өте ерекше. Аурудың басталуы жедел, дене қызуы 38-390, кейде емізулі балалардың дене қызуы қалыпты болуы мүмкін. Сәбилердің тәбеті төмендейді, олар солғын, қыныр, үйқысы мазасыз. Мұрынының бітелуі және құрғақ жөтел сәбідің емуіне кедергі жасайды, дұрыс еме алмағаннан баланың дене салмағы төмендейді. Осы жағдай 3-6 күнге дейін созылады. 2-3 күннен кейін дене қызуы қалпына келсе де, жалпы әлсіздік, тері түсінің бозаруы, тершеңдік бірнеше күнге дейін созылады. Тұмаудың ауыр турі ларингитпен асқынуы мүмкін. Осындай балаларды тез емханаға салу керек, олар жалған крупқа байланысты тұншығып қалуы мүмкін. Ең жиі кездесетін тұмаудың асқынулары: пневмония, отиттер, пнелонефриттер, менингиттер т.б.

Диагноз қойғанда баланың тұмаумен аурып жүрген адаммен қарым – қатынаста болғанына назар аудару керек. Вирусологиялық зертханаларда: риноцитоскопия, иммунофлюоресценция, серодиагностика зерттеулерді, бала жұтқыншағынан вирусты бөліп алуды қолданады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2042 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...