Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар



Жедел респираторлы – вирусты жұқпалар тыныс жолдарының зақымдану белгілерімен сипатталытын аурулардың көпсебептік тобы. Бала жас шамасының жұқпалы аурулары арасында олар бірінші орында тұр. Сәбилер мен мектепке деінгі балалар арасында өте жиі байқалады. Бұның себептері: тыныс жолдарының кейінгі жастарына қарағанда тарлығы әрі қысқалығы, Тыныс бұлшық еттерінің салыстырмалы әлсіздігі, көмей желбезегі астының әлсіздігі, балалардың ларингоспазмға бейімділігі.

ЖРВИ әлсіз, созылмағы тонзиллитпен, мешелмен, гипотрофиямен, әкссудатті-катаралды диатезбен ауыратын балаларда жиі кездеседі.

В. М. Ждановтың дерегі бойынша 3 жасқа дейінгі балалар жылына 2-12 ретке дейін ауырады, 3-6 жасарлар орта есеппен 6 рет, ал 7-17 жасарлар 3 рет.Ең жиі жедел респираторлы – вирусты жұқпаларды қоздыратын агеннтер арасында грипп, парагрипп, аденовирус вирустары белгіленеді.

Э п и д е м и о л о г и я с ы. Ауру көзі - вирус тасымалдаушы не ауру адам. Дені сау адам жедел респираторлы – вирусты жұқпаны науқас адам түшкіргенде бөлетін сілекей, қақырық арқылы аэрогенді жолмен жұқтырады. Аденовирус жұқпасы қоздырғыштың қоршаған ортада тұрақтылығынан фекалды-оралды және қарым-қатынастық жолмен да таралуы мүмкін. Кірер қақпасы – ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабықтары.

П а т о г е н е з і. Қоздырғыштардың сезімталдығы тыныс жолдарының шырышты қабығының эпителийіне өте жоғары. Жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарына түсіп, вирус эпителий жасушаларына еңеді, көбейеді, және шырышты қабықтың қабыну процесстерін қоздырады. Зақымданған жасушалардың ыдырауына байланысты вирустар және уыттар қанға түсіп, уыттануды дамытады. Уыттау әсері капиллярларға бағытталған. Қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігі, эластикалығы, тонусы бұзылуына байланысты мүшелерде және жүйелерде уытталу (токсикоз) пайда болады. үстінгі зпителийдің қорғаушылық әсерінің төмендеуі, иммундық қорғаудың жергілікті факторларының басылуы бактериялық жұқпаларды белсендіртп, тыныс алу жолдарының зақымдануына және асқынулардың пайда болуына соқтырады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і жергілікті және жалпы белгілерден қосылады. Жергілікті белгілеріне мұрын бітелуі, соңынан сарысулы не сарысулы- ірінді бөліктер пайда болуы, түшкіру, жұтқыншақтың артқы қабырғасының қызаруы, құрғақ не ылғалды жөтел жатады. Жалпы белгілерге дене қызуы жоғарлауы, әлсіздік, солғындық, тері түсі бозару, құсық пайда болуы жатады. Ауыр жағдайларда – тырысу пайда болады.

Е м і:ауырудың түріне байланысты, бірақта есте сақтау керек: 1. алғашқы 1-2 күнде - вирусқа қарсы әсер ететін дәрілер қолданылады (лейкоцитарлық интерферон, оксалин майы, тұмауға қарсы гамма-глобулин, ДНК-аза); 2. антибиотиктер вирусқа әсер жасамайды, сондықтан жеке тағайындалу тиіс; 3. детоксикалық ем тағайындалғанда, балаға сұйықтарды тек ауыз арқылы беруге болады; 4. жедел респираторлы – вирусты жұқпалардың негізгі емі – симптомдық және жергілікті ем.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2620 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.017 с)...