Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аденовирустық жұқпа



Аденовирустық жұқпа – тыныс алу мүшелер, көз, ішек бойынша лимфоидтық тінінің және шырышты қабықтарының зақымдануымен және біртоға айқындалған уытталу белгілерімен сипатталатын ауру. Қоздырғышы – 40 серотипті аденовирустар. Аденовирус жұқпасының көзі - ауру адамдар және тасымалдаушылар. Тез қабылдаушылар 6 айдан 3 жасқа дейінгі балалар. Иммунитеті – тұрақсыз.

П а т о г е н е з і: Аденовирустар адам ағзасына тыныс жолдары, көзініңң коньюнктивасы, ішектер арқылы еңіп, кірген жердегі жасушаларды зақымдайды. Осымен қатар аймақты лимфотүйіндерде вирустар көбейеді және сақталады, осыған байланысты мұрынның, көмейдің, тандай бездерінің шырышты қабықтары қабынады.

Коъюнктивада – фиброзды үлдірлер пайда болады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і: Жасырын кезең 4-7 күн, кейде 12 күнге дейін созылады. Дене қызуы 38-390 С, кейде субфебрилді, 4-14 күндей байқалады. Уытталу белгілері келесі: бас ауру әлсіздік, тәбәті төмендеу. Тұрақты белгілерге ринит, тонзиллит, фарингит, конъюнктивит, микрополиаденит жатады. Әуелі конъюнктивит баланың бір көзінде пайда болады, сонан соң екінші көзге көшеді. Сипаттамасына байланысты конъюнктивиттің түрлері катаралды, фолликулярлы, үлдірлі болуы мүмкін. Бала көзі ісінеді, қызарады, ішінде бөгде зат бар сияқты сезім пайда болады. Бала көзінен сарысулы-іріңді бөліктер бөлінеді. Процесс алға басқан кезде көзде нәзікті, өрмекшінің торы тәріздес үлдір пайда болады, бірнеше күннен кейін ол ақшыл-сары түсті, тығыз үлдірге ауысады. Кейде бауырмен көк бауырдың үлкені болады.

Ең жиі кездесетін аденовирус инфекциясының түрі – пневмония, ол көбінесе бір жвсқа дейінгі балаларда пайда болады.

Е м і ж ә н е а л д ы н а л у ы. Ауру баланың емі үйде өткізіледі. Ауыр түрмен ауыратын балалар міндетті түрде емханаға жатқызылады. Қызба кезінде балаға төсек тәртібі тағайындалады. Балаға сүтті-өсімдікті, дәрумендерге бай, диета көрсетімді. Аурудың бірінші 1-2 күн аралығында арнайы дәрілерді қолдану керек, олар: лейкоцитарлық интерферон (2 сағат сайын 0,25 мл мұрынға тамызу), иммунил, оксолин майы. Ауыр жағдайда донорлық иммуноглобулин 0,1-0,2 мг/кг, ацикловир қолдану, мұрын қуысына дезоксирибонуклеаза еретіндісін тамызу. Балаға аскорбин қышқылы, рутин, аскорутин тағайындалады. Уытталу белгілерін азайту үшін детоксикалық ем, оның арасында – көп мөлшерде ауыз арқылы сұйқтықтар ішу туралы кепілдеме беріледі. Антибиотиктер вирустарға қарсы әсер етпейді, сондықтан дәрігердің белгілеуі бойынша асқынулар пайда болғанда тағайындалады. Конъюнктивиттің және кератоконъюнктивиттің емі көз дәрігердің бақылауы бойынша өткізіледі, ауру бала көзіне 0,2% дезоксирибонуклеаза ерітіндісін, 30% сульфацил-натрий ерітіндісін тамызады, гидрокортизон майын қаақ артына салады.

Симптомдық ем: қызу көтеріліуін төмендету (панадол, парацетомол), қақырык түсіретін дәрілер (алтей түнбасы, мукалтин, бромгексин, мүсәтірлі – анис тамшылары), катты қурғақ жөтелде либексин, глауцин беруге болады. Физиоем тағайындалады.

К ү т і м. Аурудың жеке бас гигиеналық тәртібіне және мекеменің тазалығына әдейі назар аударылады. Мұрын және ауыз қуысының тазалығын сақтау - өте маңызды. Бала терлеуіне байланысты мейіркеш киімін және ақжаймаларын ауыстырып тұру абзал. Мейіркеш ішкі киімін ауыстырғанда – баланың ылғалды терісін құрғатып сүрту тиіс. Пневмонияның алдын алу үшін ауруды төсегінде жиі аударып тұру қажетті.

А л д ы н а л у. Жедел респираторлы – вирусты жұқпаларда ауруларды оңашалау және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау керек. Бала үйінде жатса, оны бөлек бөлмеге жатқызады немесе шымылдықпен керуетін бөлектеп қояды. Емханаға жатқанда – оны бокске орналастырады. Күтім жасайтындар төрт қабатты маска кию жөн. Ауруларға бөлек ыдыс және орамал бөлінеді. Жеке бастың алдын алушылығы үшін лейкоцитарлық интерферон күніне төрт рет тамшыланады. Ерте жастағы балаларға – тұмауға қарсы глобулин тағайындалады. Жедел респираторлы-вирусты аурулардың аурушаңдығын төмендету үшін бала ағзасының жалпы қарсылығын жоғарлату,керек.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2283 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...