Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Созылмалы гломерулонефрит



Жедел ағымды нефриттің белгілері 3-6 айға дейін сақталса - созылыңқы, ал 12 айдан кейін созылмалы гломерулонефрит деп есептеледі.

П а т о г е н е з і толық анық емес. Бірақта, иммундық жетіспеушілікке, тұқым қуалауға, бүйректегі дисплазия элементтеріне байланысты екені анық.

Ж і к т е л у і: нефротикалық, гематуриялық және аралас түрі.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і.

Н е ф р о з д ы қ т ү р і - нағыз нефроздық синдром - ісіну, протеинурия (тәулігіне 3 г-нан асады), гипопротеинемия (55 г/л), гипоальбуминемия (40% аз) белгілермен сипатталады. Қан қысымы жоғарыламайды, гематурия болмайды. Ауру кенеттен мұздаудан, баспадан, респираторлы жұқпадан кейін басталады. Ауру ұзақ, толқын тәрізді ағыммен сипатталады. Ақыр аяғында созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды.

Г е м а т у р и я л ы қ т ү р і - тек қана зәр синдромы, яғни жеке гематурия не гематуриямен бірге протеинемия кездеседі. Экстраренальдық синдромдар кездеспейді. Сондықтан, бала ауру екені тек жоспар бойынша тексергенде ғана білінеді.

А р а л а с т ү р і. Егер нефроздық синдром, гематурия белгілері тұрақты болса, бұл жағдай нефриттің ең ауыр, аралас түріне аударылғаны. үстінде айтылған белгілерге гипертониялық белгілер қосылады: бел аймағының, бастың ауруы, солғындық, көрудің нашарлауы. Балада анемия белгілері пайда болады. Жүрек көлемі сол жаққа кеңіген, ұшында – систолалық шу. Қан қысымы жоғарлаған. Рентгенде жүрек «отырған үйрекке» ұқсас, сол жақ қарыншада - артық жүктеме белгілері пайда болады. Көз түбінің қысымын зерттегенде гипертониялық ангиоретнопатия табылады. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі аурудың екінші жылында пайда болады.

Ажырату диагнозы келесі аурулармен өткізіледі: жүйелі аурулардағы нефриттермен, Шенлейн - Генох ауруының нефритімен, урологиялық аурулармен (бүйрек ісігі, туберкулез, тас аурулары, аномалиялы абструкциялық өзгерістер), тұқым қуалайтын нефриттің түрі - Альперт синдромымен.

Е м і. Еміне диета, шөппен емдеу, дәрі-дәрмектермен емдеу жатады. Ауру баланың диетасы бүйрек функцияларының бұзылыстарына байланысты. Егерде бүйрек функцияларының бұзылыстары болмаса – түзды шектеу (35-40 мг/кг күніне). Тамақтан саңырауқұлақтарды және солардан жасалған тағамдарды, ет және балық сорпаларын, тұздалған, бұрыштаған, сүрлеген тағамдарды диетадан шығару

Төсек режимі баланың жалпы жағдайына, гипертониялық және ісіну белгілеріне байланысты. Төсек тәртібі тек ауруың өршу кезінде белгіленеді.

Созылмалы жұқпа ошақтарының емдеуі – негізгі емнің үзбесі болып саналады.

Д ә р і – д ә р м е к т е р м е н е м д е у. Созылмалы гломерулонефриттің нефроздық түрінде преднизолон 1 мг/кг 4-6 апта бойы беріледі. Преднизолонді гепаринмен (200-400 б/кг) және антиагрегантті дәрілермен (курантил), метиндолмен үйлестіріп берген дұрыс болады. Цитостатиктер беріледі: азатиоприн (имуран) 4-5 мг/кг, хлорбутин (лейкеран) 0,1-0,2 мг/кг тәулікке 6-8 ай бойы. Соңғы кездері осы "4 компонентті ем" көмектеспесе, "белсенді ем дәстүрі" қолданылып жүр: плазмофорез, иммуносорбция және стероидтер немесе циклофосфамидті емдік мөлшерінен 10-15 есе асырып беру.

Болжамы аурудың клиникалық түріне байланысты болады. өмір болжамы аралас түрлерінде нашар болады.

Д и с п а н с е р л і к б а қ ы л а у: өмір бойы ауру адам диспансерлік тізімде тұрады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 3638 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...