Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лимфалық – гипопластикалық диатез



Бұл диатез инфекция жоқ болса да лимфотүйіндердің тұрақты үлкеюімен, эндокрин жүйесінің функциясы бұзылуымен, қоршаған ортаның әсерлеріне нашар бейімделумен, аллергиялық реакцияларға бейімділігімен сипатталатын ауру. Жиі лимфалы-гипопластикалық диатез аллергияға бейімділігі бар отбасылардан шыққан балаларда кездеседі. Лимфалық – гипопластикалық диатездің қалыптасуында негізгі рөльді қоршаған ортаның себепшарттары ойнайды және аллергиялық жағдайларға тұқым қуалаушылығы бар отбасыларында кездеседі.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і: лимфалы-гипопластикалық диатезі бар балалардың дене салмағы көп болады, бала солғын, селқосты, тургоры нашар, терісі божыраған. Қан қысымы төмен. Дене құрылысының сәйкестігі бұзылған (денесі және мойыны қысқа, қол-аяқтары ұзын). Балалар тез щаршағыш, қатаң және ұзақ уақыт әсер ететін қоздырғыштарды көтере алмайды, тез жүдейді. Тері асты майы баланың ішінде және сандарында көп мөлшерде дамыған. Лимфалы-гипопластикалық диатезбен ауыратын балаларда лимфалық тіні жасушаларының жүйелі көбеюі пайда болады. Лимфалық туіндердің барлық топтары үлкейеді, жұтқыншақта аденоидтар жайылып өседі, бадамша бездерінің және бауыр мен көк бауыр көлемі үлкейеді. Айырша безінің көлемі ұлғаяды.

Бала жүрегінің көлемі үлғаяды, «тамшылы» түрлі болады. Балаларда ұзақ ағымды шырышты қабықтарының қабынуы кездеседі, олар: ринофарингиттер, конъюнктивиттер, трахеобронхиттер. Тыныс алу ағзалардың қабынуы өте жеңіл пайда болады және ауыр түрде өтеді. Кейбір кезде бүйрек үсті безінің жетіспеушілігіне байланысты бала кенеттен өліп кетуі мүмкін.

Рентгендік зерттеуде – айрықша безінің кері дамуы қалып қояды. Баланың қанында – лимфоциттер саны көбейген.

Бұл диатез үш-алты жасар балаларда кездеседі. өсуіне байланысты бала жағдайы жақсарады, тіпті бала жазылып кетуі мүмкін. Асқынулар арасында жыныстық дамуы қалып қоюы мүмкін.

Е м і: күн тәртібін сақтауы, таза ауада ұзақ болу, массаж, гимнастика, дене шынықтыру. Диетасында - сыир сүтін және жеңіл қорытылатын көмірсуларды шектеу. Сыир сүтінің орынына айран беруге болады. Балаға бүйрек үсті безі қызметін жоғарлататын дәрі-дәрмектер беріледі, олар: глицерам, дибазол, метацил, пентоксил, В5, В6, В12, В15, Е, А дәрумендер, алоэ, элеутерококк, женьшень, калий оротаты.

Алдын алу: аяғы ауыр әйелдің жыныстық жолдармен берілетін жүқпаларын емдеу, аяғы ауыр әйелдің және жаңа туған баланың жасына сәйкес дұрыс тамақтануы.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2281 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...