Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д- гипервитаминозы



Д - дәруменнің шамадан тыс көбеюі бала ағзасының сезгіштік қабілетін ескерместен, көп мөлшерде, бақылаусыз қолданған жағдайда кездеседі.

П а т о г е н е з і: Көбінесе Д – гипервитаминозы «Д» - дәруменін, ултракүлгін сәулесін, кальций препаратарын қатар қолданғанда кездеседі. «Д»-дәруменінің көп мөлшерде еңуі ішектегі кальций мөлшерінің сіңімділігін жоғарлатады, осыған байланысты гиперкальциемия пайда болады. Кальций көп мөлшерде тек түтікті сұйектерде ғана емес, бүйректерде, тамырларда, миокардта, өкпеде және басқа ағзаларда да жиналып, кальцинозға соқтырады. Осы себептен «Д» дәруменнің уландыру әсері осы ағзаларға тиеді. Бұл ауру екі жасқа дейінгі балаларда кездеседі.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і: Баланың тәбеті төмендейді немесе жойылады, бала салмағы нашар қосылады, бала үйқышыл, мазасыздық немесе селқостық пайда болады. Тері қабаттары бозарып, құрғайды, бауырдың және көк бауырдың үлғаюы, тахикардия, жүрек соғуының әлсізденуі, жүрек шек аралығы кеңею, систолалық шу, іш қату немесе іш өту кездеседі. Дизурия, альбуминурия, цилиндрурия пайда болады.

Қанда–гиперкальциемия анықталады. Зәрде кальций және фосфаттар мөлшері жоғарлайды. Балаға Сулкович сынағын кальций мөлшерін анықтау мақсатымен өткізеді. Ол үшін Сулкович реактивін екі есе көп зәр мөлшерімен араластырады. Дені сау балалар зәрі 1-2 минут арасында лайлы болады. Кальций көлемі көп болғанда – зәр бірден лайланады. Кальций көлемі аз болса – қоспа мөлдір болып қалады.

Е м і: Ауруханада өткізіледі. Мақсаты: детоксикалық ем өткізу, ішкі ағзалардың бұзылған функцияларын және минералдар алмасуын калпына келтіру, және кальций тұздарын ағзадан шығару. Д- дәруменін және кальций тұздарын беруді бірден тоқтату,

бала диетасынан кальцийге бай тағамдарды (сиыр сүтін, ірімшікті) алып тастау. Міндетті түрде 5% глюкоза ерітіндісін, көк өніс шырындарын және тағамдарын, көп мөлшерде шай ішу. «Д»-дәруменнің физиологиялық антагонисттарын - А, С, В тобының дәрумендерін тағайындау: А дәруменін екі тамшыдан (5000-10000 ХБ), екі рет күніне, Е дәруменін 5-10 мг/ тәулігіне, В1 дәруменін – 5 мг/тәулігіне, С дәруменін – 200-300 мг/тәулігіне, преднизолон – 1 мг/кг дене салмағына 8-10 күн бойы.

Диспансерлік бақылау 3 жасқа толғанша дейін өткізіледі.

Спазмофилия

С п а з м о ф и л и я – сәбидің алғашқы 6-18 айларында тырысу және түйілу халіне бейімділігімен айқындалатын, этиопатогенезі бойынша мешелмен ұқсас ауру.

Э т и о п а т о г е н е з. Ауру «Д»- дәруменді көп мөлшерде қабылдағанда немесе ультра- күлгін сәулесі мол көктем күнінде бала ашық қалып, терісінде Д-дәрумен көп мөлшерде пайда болғанда дамиды. Қанда қалыптағы кальций денгейі 2,6-2,7 ммоль/л, фосфор денгейі 2,6-2,7 ммоль-л. Спазмофилия ауруында кальций мөлшері қалыптан асады. Фосфор деңгейі өсуіне байланысты, мешелге тән ацидоз орнына алкалоз дамиды, осыған байланысты перифериялық жүйке жүйесінің қозғыштығы артады. Кальций сүйектерде көп мөлшерде жиналуынан, спазмофилияға бейімдейтін жағдайдың бірі - гипокальциемия болып табылады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і.Спазмофилияның екі түрі бар: жасырын және айқын.

Жасырын түрі жиі кездеседі, оны дер кезінде анықтаудың маңызы зор. Сірә, баланың жалпы жағдайы жақсы, психикалық дамуы жасына сай, олардың барлығында жасырын мешелдің көріністері болады. Жасырын спазмофилияны келесі белгілерге байланысты анықтауғаболады:

Х в о с т е к белгісі- бет сүйегінің шығыңқы жағын саусақпен жеңіл тықылдатқанда, соған сәйкес ауыздың, қас қағымдық дірілі пайда болады.

Л ю с т ф е н о м е н і: перкуссиялық балғамен кіші жілік басын тықылдатқанда, табанның тез жиырылуы және оның сыртына иілуі байқалады.

Т р у с с о б е л г і с і - иықтағы екі басты бұлшық ет тұсындағы тамыр – жүйке байламын саусақпен басқанда, сәби қолының төменгі жақтағы бұлшық еттінің тартылуы нәтижесінде «акушер қолының» көрінісі шығады. Сонымен қатар, әр тұрлі вегетативтік бұзылулар болады: жүрек соғуының жиіленуі, тершендік; иек, қол еттерінің дірілдеуі, тынысының тұрақсыздығы, үйқысыздық, мазасыздық.

А й қ ы н т ү р і н і ң жиі кездесетіні – л а р и н г о с п а з м.

Бала айқайлағанда, жылағанда көмейдің қарысуы болады, ол ауа жұтудың қиындауымен сипатталады. Көмей түгел жабылса - сәби көгереді, кейде есінен айрылуы мүмкін; қорқу, терлеу пайда болады. Әдетте, көмейдің қарысу талмасы сәтті аяқталады, бірнеше секундтен кейін қарысу тиылып, бала шуылдата ауа жұтады да, бірте-бірте дем алысы қалпына келеді.

Қ а р п о п е д а л ь д ы қ қ а р ы с у – табан мен қол еттерінің тоникалық қарысуы. Ол ұзақ, бірнеше сағаттқа, бірнеше күндерге созыулуы мүмкін. Бұл кезде қол денеге жабысып, қолдың басы иіліп, II-III саусақтары қарысудан «акушер қолына» ұқсас болады. Тізе жартылай бүгіліп, табаны салбырап тұрады. Көздің, жақтың, мойын бұлшық еттерінің тартылуы, уақытша қылилануына, жақтың қарысуына, мойынның сіріспелігіне соқтырады. ¦зақ қарысу кезінде баланың кол-аяқтарының сыртқы жағы ісінеді.Кейбір кездерде бала аузының айналма бұлшық еттері тырысып, баланың аузы балық аузына ұқсас болады. өте сирек жағдайларда тыныс бұлшық еттерінің, қуықтың, бронхтардың бұлшық еттерінің тырысуы мүмкін.

Ең ауыр түрі – э к л а м п с и я. Ол тонико – клоникалық қарысу түрінде көрініп, сәби есінен танып қалады.

Қарысу беттен басталып, жаққа ауысады, содан кейін дем алу бұлшық еттерімен қоса дене еттерінің бәріне таралады. Баланың басы артқа шалқайып, беті қисайып, аузынан көбік шығып, тері түсі көгеріп, бүкіл денесі ырғақты селкілдейді. Тырысудың басынан бастап, бала талып қалады. Талма ұзақтығы бірнеше секундтан 20-30 минутқа

Қарпопедальдық қарысу

дейін созылады. Эклампсия кезінде баланың тыныс алуы және жүрек соғуы тоқтап қалуы мүмкін. Шабуыл біткеннен кейін бала ұйықтап қалады. Эклампсия жиі бір жасқа дейінгі балаларда кездеседі.

Диагноз қойған кезде баланың жасын, мешел белгілері барын-жоғын, маусымды, аралас немесе қолдан тамақтандыруды есте сақтау керек. Диагноз қоюға қандағы гипокальциемия және гипофосфатемия көмектеседі.

Е м і.

Ларингоспазм кезінде көрсетілетін жедел көмек:

- Таза ауа жеткізу

- Салқын су бүрку, мұрынына үрлеу, мүсәтір спиртін иіскету

- Бұлшық ет арқылы – реланиум 0,1мл/жасына

- Тамыр арқылы кальций глюконат 1,0 мл/ жасына

- Нәтижелелігі болмаса – интубация не трахеотомия жасау.

Бала міндетті түрде ауруханаға салынады. Оған көп мөлшерде сұйықтар, ана сүті немесе донорлық сүт белгіленеді. Донорлық сүт болмаса – берілетін сиыр сүт көлемін азайту керек.

Спазмофилияның ауыр түрінде, тонико – клоникалық тырысуларда, дәрі –дәрмектерді қолдану: 0,5% реланиум (седуксен) - 0,1 мл/жасына; 20% ГОМК –100 мг/кг. Осы екі препараттарды тіпті бір шприцпен еңгізуге болады. 25% магний сульфат – 0,2 мл/кг + 2,0 мл 0,5-1% новокаин жіберуге болады. Қандағы кальций мөлшерін анықтағаннан кейін, 10% кальций хлоридін не глюконат кальцийін көк тамырға еңгізген дұрыс.

Тырысудан кейін, 3-4 күні мешелге қарсы ем бастау керек, және ацидоз пайда болуға 10 % аммоний ерітіндісін береді. Д-дәруменге қарсы әсер ететн дәрумендердер белгіленеді: А - дәрумені 2 тамшыдан 2 рет, Е - дәрумені 5-10 мг тәулігіне, В1 дәрумені 5 мг тәулігіне, С – дәрумені 200-300 мг тәулігіне және кесте бойынша 8-10 күн бойы - преднизолон.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 3003 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...