Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тері аурулары



Терi екi қабаттан тұрады: эпидермис және дерма. Жатыр iшiлiк дамудың ерте кезеңiнде эпидермис тек бiр қабат жасушалардан тұрады, ал жатыр iшiлiк дамудың аяғында жасушалардың iшкi және сыртқы қабаттары пайда болады. Жасушалардың ішкі қабаты - негiзгi (базальды) мембрана деп аталады. Жаңа туған баланың эпидермис қалыңдығы 0,15-0,25мм, ал ересек адамдарда 0,25-0,36мм. Эпидермис пен дерма аралық шегi тегiс емес, қатпарлы. Базальды мембрананың шала дамуына байланысты эпидермис өте жеңiл дермадан бөлiнедi, сондықтан әр түрлi терi ауруларында терінің бір жерін басса, сол жерде тез күлдiрулер пайда болады. Ересек адамдар дермасымен салыстырсақ, бала дермасы құрамында ерекшелiктер бар: балалардың дермасы көбінесе жасушалардан тұрады, тек 6-7 жасынан коллагендi және созылғыш тіндері дамып, құрамы бойынша ересек адамның тіндері құрамына жақындайды, дамуы бойынша тек 35 жаста ғана дамып бiтедi. Тырнақтар жатыр iшiлiк кезiнiң 5-жұмасында пайда болады, олар өзгерген эпидермистен тұрады. Тырнақтар соңғы фалангалардың шетiне дейiн өседi, сондықтан, бала жетiлiп туғандықтың бiрi негiзгi бөлiсi болып саналады.

Шаштары жаңа туған балада әр түрлi түстi және ұзындығы да әр түрлi. Бiрiншi екi жыл аралығында басындағы шашы өте баяу өседi. (0,2мм күнiне, ал үлкен балаларда 0,3-0,5мм). Кiрпiктерi өте тез өседi, осыған байланысты 3-5 жасар баланың кірпік ұзындығы ересек адамдардың кірпік ұзындығындай болады.

Түғанға таман тер бездерінің саны ересек адамдағыдай. Сондықтан, бала бойының өсуіне байланысты тер бездерінің саны дене үстіртіне қарағанда прогрессивті азаяды. Сонымен бірге, тер шығаратын өзектері шала дамуына байланысты тер бөлу қызметі де жетілмеген. Олардың дамуы тек жеті жасқа таман аяқталады. Бірінші болып дамып бітетін бездер - бас және маңдай тер бездері. Бала басының терлеуіне байланысты нәресте мазасызданады, басын жастыққа үйкейді, осы себептен шүйде шашы түседі. Кешірек тер бездері кеудеде және артқы бойында дамып бітеді. Тер бездерінің дамуы бала өмірінің бірінші екі айында өте жоғары болып келеді. Санағанда, екі апталық бала терісі арқылы бір кг дене салмағына тәулігіне 25 г су бөлінеді екен, бір айында – 30-36 г, бір жасының аяғында – 40-50 г. Тер бездерінің дамуына байланысты екі апталық нәрестелер қоршаған ортаның жылылығы отыз бес градус болғанда, ал екі айлық бала – жиырма жеті–жиырма сегіз градуста терлей бастайды. Кішкентай балалар тіпті қоршаған ортаның жылылығы төмендегенге де терлей бастайды, осы процесті олар тоқтата алмайды.

Бала туғаннан кейiн бiркелкi iсiңкi, ағарыңқы болады. Соңынан физиологиялық эритемаға (терiнiң қызаруы) айналады. Шала туған бала физиологиялық эритемасы өте айқын. Физиологиялық қызару 1-2 күннен кейiн физиологиялық сарғаюға ауысады. Физиологиялық сарғаю 2-3 күннен 7-10 күнге дейiн созылады. Шала туған балаларда физиологиялық сарғаю бiр айға дейiн созылуы мүмкiн. Сарғаю кезеңі ұзақ уақытқа кетсе - патология туралы ойлауға болады, әсiресе Рһ-фактор не АВО- жүйесiндегі өзгерiстерге байланысты болуы мүмкiн.

Т е р i н i ң ф и з и о л о г и я л ы қ р ө л i ө т е м а ң ыз д ы. Бiрiншiден, қ о р ғ а у функциясы жас балаларда шала дамыған. Сондықтан, терiсi тез жарақатталады, инфекция да жеңiл түседi, жергiлiктi иммунитетi де төмен. Бала терісінің үсті ересектермен салыстырғанда, құрғақ, тез қабыршақтанады, себебі, терінің бездер аппаратының қызметі әлі нашар және бала терісінің құрғақтануға бейімділігі жоғары. Осы шалалықтарға байланысты балада эритема, баздану, себореялық дерматит т.б. ауырулар пайда болуы жоғары.

Екіншіден, терi – т ы н ы с м ү ш е с i болып саналады. Жаңа туған балаларда бұл функциясы ересек адамдарға қарағанда 8 есе артық болып тұр.

үшіншіден, б ө л у ф у н к ц и я с ы әлi дұрыс дамымаған. Тер бездері де шала дамыған.

Төртіншіден, р е з о р б ц и я л ы қ ф у н к ц ия с ы (сору функциясы) жоғары, себебі - баланың терiсi өте жұқа және қан тамырларына бай, сондықтан улы әсерлi заттардан жасалған майларды (мысалы, сары сынаптан) қолдануға болмайды, олар өз әсерiн бауыр, бүйрек, жүрек-қан тамыр жүйесiне тигiзедi.

Бесіншіден, т е р i к ө п в и т а м и н д е р, ф е р м е н т т е р, б и о л о г и я л ы қ б е л с е н д i з а т т а р п а й д а б о л а т ы н м ү ш е б о л ы п т ұ р.

Т е р i д е әр түрлi рецепторлар көп, сондықтан терi қоршаған ортаға бейiмделу жолында үлкен рөл аткарады. Терморегуляциясы шала дамыған, яғни терi қан тамырларға бай, денесi үлкен көлемдi, сондықтан жаңа туған бала тез тоңады да тез қызады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 3004 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...