Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ШАЛА ТУҒАН БАЛА ЖӘНЕ ОНЫҢ КүТІМІ



Балалардың күніне жетпей тууы педиатрияның негізгі мәселелердің бірі. Біздің елде әр оныншы нәресте күніне жетпей туады. Соңғы 10-15 жыл ішінде шала туған балалардың күтімін үйымдастыру едәуір жетіліп, жоғары сатыға көтерілді. Сондықтан, мейіркештің бүл бағытта жетіп дайындалуына көп көңіл бөлінуде. Егер нәресте құрсақта дамудың 38-40 апталық мерзімінен бұрың дуниеге келіп, салмағы 2500,0 граммнан, бойының үзындығы 45 см-ден кем болса - бұл бала шала туған деп есептеледі.

Дене салмағының мөлшеріне байланысты шала туған балаларды 4 дәрежеге бөледі:

І дәреже -2000гр-2500гр

ІІ дәреже -1500гр-2000гр

ІІІ дәреже -1000гр-1500 гр

І V дәреже 1000 гр-нан төмен

Ш а л а т у ы л ғ ан д ы қ т ың б е л г і л е р і.

- Дауысы жіңішке, шынқылдақ,

- Қимылдары жай,

- Терісі қызғылт, шарбарланып тұрады,

- Тері асты май нашар дамыған,

- Құлақ қалқандары жұмсақ, сондықтан басына жабысып тұрады,

- Қыз балалардың үлкен жыныстық еріндері толығып жетілмеген, ал ер балалардың

ұмасы бос болуы мүмкін,

- Кіші еңбектері ашық,

- Тырнақтары жұқа, нәзік, ұясын толық жаппай тұрады.

Ш а л а т у ы л у д ы ң с е б е п т е р і:

- Аяғы ауыр әейлдердің токсикозы

- Аяғы ауыр кезде жүқпалы ауруларымен ауыру (әсіресе тұмау)

- Әйелдердің жыныс мүшелері аурулары

- Алкоголь мен темекінің зиянды әсері

- Жиі аборт жасату, түсіктер

- Психикалық және күш стесстері

- 18 жасқа дейі және 30 жастан кейін бала көтеру.

Шала туған баланың барлық жүйелері мен мүшелерінің қызметтері жақсы дамып жетілмеген. Осыған байланысты шала туған баланы күтуден өз ерекшеліктері бар. Әйел уақытынан ерте босанатын болса, кувез дайындау керек. Нәрестені орайтын жөргектерді, кіндікті біріншілік және екіншілік өндеу үшін пакеттерді, нәрестенің терісін тазартуға арналған залалсыздандырылған өсімдік майды жылыту үшін кувез ішінің жылылығы 360 С-ден кем болмау жөн. Қувез ішінің жылылығы шала туғандықтың дәрежесіне байланысты белгіленеді. Мысалы, 1-1,5 кг салмағымен туған балаға арналған кувез жылылығы 34-350 С, 1,5-2кг салмағымен туған балаға арналған кувез жылылығы 32-34о С; 2,0-2,5 кг салмағымен туған балаға арналған кувез жылылығы 30-320 С; 2,5 және одан артық кг салмағымен туған балаға арналған кувез жылылығы 28-300 С болу керек.

Шала туған баланы кувезде күту

Орталық нерв жүйесінің дамып жетілмеуіне байланысты шала туған балалардың дене температурасын реттеу, тыныс алу, ас қорыту және иммундық жүесінің қызметі дұрыс жетіп дамымаған.

Жылылықты сақтау орталығының дұрыс жетілмеуіне байланысты шала туған бала тез тоңғыш және тез қызыңқырағыш болады. Шала туған баланың тоңғыш болуына тері асты майының жұқалығы, жалпы жылу бөлінудің төмендігі себеп болады. Осыны еске алып, шала туған балаға ерекше күтім жағдайын жасау керек:

Шала туған баланың келесі ерекшелігі - тыныс алуының дамып жетілмеуі. Олар І минутта 40-80 рет дем алады, дем алуы үстірт, бір қалыпты емес, дем алуы кей кездерде тоқтап қалуы мүмкін (апноэ). Бұның себебі тыныс алу орталығының дамып жетілмегендігіне және дем алу ағзаларының анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

ІІІ -ІV дәрежеде туылған шала балаларда ему және жұту шартсыз рефлекстері болмайды. Бұл балаларды тамақтандыру өте қиын.

Баланы тамақтандыру әдісі шартсыз рефлекстерге байланысты:

а) егер шала туған балада ему және жұту шартсыз рефлекстері жоқ болса, ол баланы мұрыннан жіберілген полиэтилен зонд арқылы тамақтандырады;

б) егер балада ему рефлексі жоқ, бірақ жұтыну рефлексі болса - ол баланы қасық немесе тамызғыш арқылы тамақтандырады

Тамақтандыру жилігі баланың салмағына, ему қабілетіне байланысты, оларды 7-12 рет тамақтандырады.

Аурулардан қорғау жуйесінің жетілмеуіне байланысты шала туған бала жиі ауыруға бейімді. Сондықтан, бөлімшеде оларды жеке боқстарға жатқызу керек. Бұл бөлімінің санитарлық тазалығын, барлық қызметтерінің жеке гигиенасын қатал сақтауын қадағалап отыру керек.

Шала туған баланың күтімін өткізуге байланысты кейбір елдерде (Германия, Нидерландылар, Швеция, Ағылшын) «кенгуру» әдісі н қолданады. Бірінші рет осы әдіс Боготада (Колумбия) қолданылған, бұл кезде анасы жөргектенген баланы тік жағдайда өз киімі астында кеуде аралығында немесе бір сүт безінің үстінде ұстайды. Осыған

Шала туған баланы ана денесінің жылуымен жылыту

байланысты сүт көлемі көбейе бастайды және анасымен нәрестенің тығыз қарым қатынасына байланысты бала дене қызуы бір қалыпты температуралық тәртіпте сақталады.

Шала туған балаларды перзентханадан және әдейіленген бөлімшелерден шығару көріністері: нәрестенің керуетте жатқандағы дем алуының тұрақтандыруы, анасында балаға жеткілікті сүт көлемі пайда болуы, денсаулығы жақсы болуы.

І - ІІ дәрежедегі шала туған балалар І жасқа жеткенде даму бойынша өз құрдастарын қуып жетеді, ал ІІІ - І V дәрежедегілер - 2 жасында.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 10602 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...