Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жетіліп туған бала және оның қүтімі



Ж е т ілі п т у ғ а н б а л а қ ұ р с а қ т а ғ ы д а м у д ы ң 3 9 – 4 0 а п т а с ы (280 күні) ө т к е н н е н к е й і н д ү н и е г е к е л е д і, о н ы ң с а л м а ғ ы 2 5 0 0, 0 г р а м м н а н, б о й ы 4 5 с м - д е н а р т ы қ б о л а д ы.

М е з г і л і н д е д ү н и е г е к е л г е н б ал а н ы ң б ел г і ле р і:

1. Дауысы қатты шағады.

2. Қимылдары пысық.

3. Бойы 45-56 см.

4. Салмағы 2500-6000 г.

5. Терісі жұмсақ, түкті, қызғылт.

6. Тері асты майлы қабаты жақсы дамыған.

7. Құлақ қалқаны қалпын келіп тұрады.

8. Кіндік сақинасы семсер тәрізді өсік пен шат сүйектердің қосылыс аралығының дәл ортасында орналасқан.

9. Ер балалардың аталық бездері ұманын ішінде, ал қыз балалардың үлкен жынысты еріндері кіші жынысты еріндерін жауып тұрады.

Жатырішілік кезеңде газдар алмасуы жатыр қанайналымы бойынша қамтамасыз етіледі, босану кезде осы қанайналым бұзыла бастайды, нәресте ағзасына оттегінің түсуі азаяды, қанында көмір қышқылдары көбейеді. Осыған байланысты баланың тыныс алу орталығы тітіркенеді, дифрагмасы және кеуде бұлшық еттері жиырылады, өкпелері жазылады. Осыған байланысты бала қатты айқайлайды да, нәрестенің өмірінде бірінші рет тыныс алуы пайда болады.

Іңгәләп, бірінші дем алып, кіндігі кесілгеннен бастап бала өзі қоршаған ортаға беймделе бастайды. Сондықтан ағзада әртүрлі өзгерістер пайда болып, сәбидің жағдайы нашарланғандай болады. Бірақ, бұл өзгерістер уақытша, емдеуді қажет етпейді, сондықтан оларды физиологиялық жағдайлар деп атайды.

1. Ф и з и о л ог и я л ы қ қ ы з а р у - теріге қалыптан тыс қан толуы. Бұл жағдайдың себебі - бала қоршаған ортаның өзгеруі: жатырда 37 0С, ал бөлмеде 25-260С, жатырда бала суда болса - туғаннан кейін құрғақ қоршаған ортаға түседі. Жағдай 2-3 күнге созылады, емдеуі қажет емес, тек денесі қабыршақтанса, қайнатылған сүйық майын майлаған жөн

2. Ф и з и о л о г и я л ы қ с а р ғ а ю - бала туғаннан 2-3 күннен кейін пайда болады - баланың терісі, көзінің ақ қабығы, шырышты қабықтары сарғайып кетеді. Себебі - эритроциттердің жарылып, олардан шыққан билирубинді әлі дамып жетілмеген бауыр дер кезінде шығарып үлгермеі. Бұл сарғаю 7-10 күнде өтеді.

3. Д е н е с а л м а ғ ы н ы ң ф и з и о л о г и я л ы қ к е м у і - түғаннан кейін 3-4 күндері баланың туғандағы салмағы 150-300 граммға төмендеп, 10 күні қалпына келеді. Себебі: ана сүтінің аздығы, организмдегі сұйықтың зәрмен, термен, өкпе арқылы бөлунуі. Салмақтың кему мөлшері 3-8 % тен көп болмау керек. Ол үшін баланы ерте анасының сүт безіне салу керек.

4. Т р а н з и т о р л ы қ қ ы з б а - түғаннан кейін 3-4 күндері баланың дене қызуы 39-400 С дейін көтерлеуі мүмкін, жалпы жағдайы көп бұзылмайды.

Себебі: сұйықтықты аз беру және бөлмеде жылылығының жоғары болуы. Сондықтан балаға көбірек анасының алдынғы сүтін беріп, баланы қымтамаған қажет.

5. Ж ы н ы с м ү ш е л е р і н і ң ж ы н ы с т ы к к р и з і. Кейбір нәрестелердің сүт бездері ісініп, азырақ үлкейеді де 3-4 жүмада қалпына келеді.

Осы кезде кейбір қыз баланың қынабынан қан аралас сұйықтық көрінеді, ал ер баланың ұмасы ісініп кетеді. Бұндай жағдай 1-2 күнге созылады. Себебі - әйелдің жынысты гормондары нәресте ағзасына бала жолдасы және ана сүті арқылы өтуіне байланысты. Емдеуді қажет етпейді, тек қыз баланың тақымын әлсіз марганец ерітіндісімен жуып тұру керек.

7. Б ү й р е к т і ң н е с е п қ ы ш қ ы л д а р ы әсерінен б о л ғ а н и н ф а р к т 3-4 күнге созылады. Зәр бәлгеннен кейін жөргекте қызғылт - қоңыр дақтар, сонымен қатар құм сияқты заттар қалады. Балаға осы кезде сүт мөлшерін көбірек беру керек.

Т р а н з и т о р л ы қ п р о т е и н у р и я – зәрде ақуыздар көлемі көбейгені, оның себебі - капиллярлар өткізгіштігі жоғарлауы. Сондықтан, бірінші екі күндер арасында зәр бөлу жиілігі тек қана төрт-бес рет тәулігіне, келесі күндері зәр бөлуі жиіленеді, оныншы күнге зәр бөлу жиілігі жиырма-жиырма беске дейін жетеді. Дені сау баланың зәрі сабанды сары түсті.

М е к о н и й – иіссіз, қою, қоңыр түсті масса. Меконий жатырішілік өмірдің төртінші айында пайда болады, оның құрамында эпителий, жұтылған ұрық жанындағы сулар, ұрықтың ас қорыту мүшелерінің бөліктерінен тұрады. Бала өмірінің төртінші күнінде табиғи тамақтандырудың арқасында меконий жойылады да, оның орнына өтпелі нәжіс пайда болады, оның түсі көкшіл-қоңыр, ол шырышты, кейде көбікті болады. Жиілігі тәулігіне он ретке дейін барады. Кейбір кездерде бала мазасызданады, іші кеуіп кетуі мүмкін. Содан кейін қалыпты нәжіс пайда болады, оның жиілігі екі-алты рет тәулігіне, ол сары түсті, бір қалыпты, қышқыл иісті, ботқа тәрізді.

Жаңа туған балаға ерекшелік шарттар және әдейіленген күтім керек. Негізгі шарттардың бірі болып қатаң түрде т а з а л ы қ т ы ж ә н е а с е п т и к а л ы қ ш а р а л а р д ы с а қ т а у б о л ад ы.

Туғаннан кейінгі анасы мен баласы арасында пайда болған байланыс жалғасқаны жөн, сондықтан нәресте мен анасын бір бөлмеге жатқызады. Осыған байланысты жаңа туған баланың және тұрақты алмасып тұрған медицина қызметкерлерінің қарым-қатынасы азаяды да, балаға шартты – патогенді қоздырғыштардың еңу мүмкіндігі төмендейді.

Олардан айырым, анасынан бөлек жататын балаларға антибилтиктерге тұрақты шартты – патогенді гооспиталды қоздырғыштардың еңу мүмкіндігі өте жоғары.Ана сүтінде осы микроағзаларға қарсы әдейіленген антиденелер жоқтығынан балаларда тері, респираторлы, ас қорыту мүшелердің аурулары жеңіл пайда болады.

Анасының қасында жатқан бала жиі ана сүтімен қоректену керек. Біріншілік сүттің – уыздың ерекшеліктеріне байланысты нәресте өз өмірінде бірінші иммунизацияны алады. Баланы жиі, түнгі үзіліссіз (түнгі мезгілде пролактиннің пайда болуы күндізгіден жоғары), баланың қалауынша емізу керек. Жиі емізу және сүт безінің сүттен босауы лактацияның сапалық және саналық қалпына келуіне әсер етеді.

Посттағы мейіркеш анаға қажетті мөлшерде керекті залалсыздандырылған жөргектермен (жиырма-жиырма бес жөргек әр балаға тәулік бойы) қамтамасыз етеді, бала күту ерекшеліктерге, сүт безінің күтіміне үйретеді.

Әр бөлмеде көрінікті жерде анасы үшін келесі «Н ә р е с т е к ү т і м і ж ә н е т а м а қ т а н д ы р у т у р а л ы к е ң е с т е р» атты ескерткіші ілулі тұру керек. Осы ескерткішке байланысты әр ана есінде сақтау керек:

- Анасы мен баланың бір бөлмеде болуы қатаң санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіпті, жеке бас гигиенасын сақтауды, медицина қызметкерлерінің барлық талаптарының орындауын қажет қылады,

- Күнде нәрестенің анасы үстөл бетін, бала керуетін, жөргектеу үстөлді, клеенканы бір пайыздық хлорамин ерітіндісімен сүртеді, содан кейін жиырма минут бойы бөлмені кварцтайды.

- Баланың бірінші туалетін және бірінші тәуліктегі күтімін анасын бала күтіміне, залалсыздандыратын ерітінділерді қолдануға үйретіп жатқан мейіркеш жасайды. - Келесі күндері нәрестені жөргектеу алдында әйел ұқыпты қолдарын жуу тиісті. Керуетте жатқан баланың көздерін анасы фурациллинда суланған, зарарсыздандырылған мақта домалақшаларымен сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарата сүртеді. Әр көзге бөлек мақта домалақшасын қолданады. үшінші домалақщамен анасы бала бетін сүртеді.

- Бала тақымын анасы жылы ағынды су астында, қалқанға бала денесін тигізбей, жуады. Қыз баланың тақымын алдынан артқа қарата жуады.

- Баланың бұтаралығын жуу үшін анасында сақталатын тек балаға арналған сабынды қолданады,

- Баланы бір пайыздық хлорамин ерітіндісімен сүртілген жөргектеу үстөлде жөргектерге орайды,

- Қолданылған жөргектерді ішінде клеенка қабы бар бакка лақтырады,

- Таза жөргектерді басқа заттардан бөлек сақтау керек,

- Баланы жиі, қарыны ашқанда, түнгі үзіліссіз, тек ана сүтімен тамақтандыру керек,

- Сүт бездерін өндеу үшін сабын, май, бриллиант жасылын қолдануға болмайды, сүт бездерін тек сумен жуу керек. Әр емізген сайын сүт безін жуу қажет емес, жуғанда сүт безінен қалыпты микрофлорасы жойылады және терісі жарылады,

- Сорғыштарды, шыныларды, әр түрлі қоспаларды қолдануға тыйым салынады,

- Балаға ана сүтінен басқа ешқандай сұйықтық беруге болмайды,

- Баланы тамақтандыру алдында әйел басына орамал тартады, қолдарын екі қайтара сабынмен жуады, құрғатып сүртеді, тізесіндегі зарарсыздандырылған жөргекке нәрестесін жатқызып, емізе бастайды,

- Емізу ұзақтығы шексіз, бала ұзақ емуіне байланысты сүт көлемі көбейе береді.

- Баланы емізіп болғаннан кейін, сүт қалдығын зарарсыздандырылған ыдысқа сауып тастау керек,

- Емізгеннен кейін сүттің бірнеше тамшысын сүт безінің ұшына жағу, содан кейін кептіру керек. Кремдерді және майларды қолдану қажет емес.

- Әр ана өз баласының мінез-құлқын, тері түсінің өзгерістерін, дене қызуын, нәжіс сипатын, зәр бөлу жиілігін байқап жүру тиісті. Барлық пайда болған сұрақтарды дәрігерге немесе мейіркешке қоюға болады.

Кіндік қалдығынын және кіндік жарасының күтімін неонатолог-дәрігер өткізеді. Ол үшін посттағы мейіркеш зарарсыздандырылған лотокқа мақта домалақшаларын, даке салфеткаларын, мақта оралған таяқшаларды, стерильді жеке бас пакетін дайындайды. Бөлмеге кірер алдында дәрігер және мейіркеш қолдарын жылы ағынды сумен сабындап жуады, содан соң бессаусақты қолғап киеді. Халаттарын медицина қызметкерлері күн сайын ауыстырады. Балаға туғаннан кейін бірінші төрт күн ішінде туберкулез, вирусты гепатит, полиомиелитке қарсы егу (вакцинация) өткізіледі. Баланың даму тарихіна дәрігер егуге қарсылықтары жоқ екенін белгілейді, ал мейіркеш егудің істелінген уақытын және сериясын белгілейді. Егуден кейін төрт-алты апта өткеннен кейін егу орнында бес-он мм көлемді п а п у л а, в е з и к у л а немесе п у с т у л а пайда болады, о л а р д ы е м д е у г е б о л м а й д ы!

Нәрестелерді перзентханадан туғаннан кейін жағдайы қалыпты болса үшінші күні шығарады.

Дені сау баланы кіндік қалдығы түскеннен кейін екі-үш күн өткесін қана суға түсіруге болады. Суға түсірудің гигиеналық мақсатынан басқа ынталандыру қасиеті бар. Суға түсіріп жатқанда бала тоңып қалмауына назар аудару керек. Бірінші күндері, кіндік жарасы жабылмай тұрғанда, баланы қайнатылған, калий перманганат ерітіндісі қосылған суда жуындырады. Аптасына баланы екі рет сабынмен шомылдырады. Шомылдырғаннан кейін баланың тері қатпарларын залалсыздандырылған өсімдік маймен сүрткен қажет.

Бала киімін және жөргектерін басқа адамдардың заттарынан бөлек жуады, міндетті түрде қайнатады және үтіктейді.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 7454 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...