Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері



Бірінші тәсіл - нәресте басының мезгілінен бұрын шалқаймауын қамтамасыз ету. Ол үшін акушер сол қолын шат үстіне және жыныс қуысынан «кесіп-жарып» шығып келе жатқан бас үстіне қойып, жайлап бастың мезгілінен бұрын шалқаймауына және босану жолдарынан тез жылжымауына кедергі жасайды.

Екінші тәсіл – бастың шығуы. Бұл кезде аралық ұлпасына түсетін күшті азайту қажет. Ол үшін оң қолдың алақанын аралыққа қойып, төрт саусақты сол, үлкен саусақты оң жыныс ернеуіне тірейді. Бармақ ұштарымен үлкен жыныс ернеуінің жұмсақ ұлпаларын жайлап басыңқырап, төмен түсіреді, бір мезгілде оң қол алақанымен аралық ұлпасын басып, оны қорғайды, оған түскен күшті азайтады.

Үшінші тәсіл - әйелдің күшену күшін реттейді. Күшену күшін реттеу үшін шүйде шұңқыры симфиздің төменгі жиегіне тірелгенде әйел күшенуін тоқтатып, терең және жиі тыныс алуы керек. Акушер әйелдің күшенуі біткенше қолдарымен бастың жылжуын ұстап, біртіндеп, оң қолының саусақтарымен жыныс ернеуін созып, сол қолмен басты жоғары көтеріп, шығарып алады.

Иық белдеуінің босауы. Нәресте иығын босатып, оны тудырып алу әрекеті. Нәресте басы туылғаннан кейін иық іштен, бас сырттан бұрылады. Әйел күшенген кезде нәресте басы бетін анасының сол не оң жақ санына бұрады, иық ішке бұрылысын жасап, жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді.

Алдымен бірінші, сосын екінші иығы шығады. Ол үшін акушер нәресте басын екі қолмен ұстап, бұрын шыққан иығы босап шыққанша ақырындап төмен тартады. Кейін оң қолын аралыққа қойып, сол қолмен басты жоғары көтеріп, келесі иықты босатады. Иық белдеуі шыққан соң, қолтық астына екі қолдың сұқ саусақтарын енгізіп, оны жоғары көтеріп, нәрестені тартып тудырып алады.

47 сурет. Нәрісте басымен туылғандағы акушерлік көмек (аралықты қорғау)

 
 

       
   

       
   

           
     


Нәресте туғаннан кейін босанудың қорытынды кезеңі – бала жолдасының бөлінуі басталады. Уақытының қысқалығына қарамай, бұл кезең қан кету қаупінің алдын алу үшін зор абайлық пен мұқият болуды талап етеді.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1990 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...