Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Босану кезеңдерінің қалыпты ағысы



Әйелдің босанып, нәрестенің өмірге келуі табиғи заңдылық. Босану жоғарғы жүйке, нейро-гуморалдық, гипоталамус-гипофиз жүйелеренің жыныс мүшелерімен қарым-қатынасының жұмылуынан пайда болатын күрделі физиологиялық құбылы. Жүктілік пен босану қалыпты жағдайда өту үшін орталық жүйке жүйесінің мыңызы зор. Себебі орталық жүйке жүйесінде «босану доминанты» қалыптасады. «Босану доминанты» пісіп-жетілмесе, ойдағыдай қалыптаспаса, босану кезеңдері өзінің физиологиялық жолынан ауытқиды.

Босанудан бірнеше күн бұрын мынандай белгілер пайда болады: қағанақ суы азайып, нәресте басы жамбас қуысының кіреберісіне тіреліп, жатыр түбі төмендейді, жыныс жолдарынан «шырышты тығын» аға бастайды, жатырдың жиырылу қабілеті артады.

Босанудың басы жүйелі толғақпен басталады. Бұл толғақтың алдында бірнеше сағат бұрын дайындық кезеңі болады, ол қалыпты жағдайда алты сағатқа созылады.

Прелиминарлық дайындық кезеңі деп жатырдың қозу қабілетінің артып, әлсін-әлсін жатырдың жүйесіз, ретсіз жиырылып, сирек толғақтың басталуы, жатыр мойнының қысқарып (1-2 см-ге дейін), жұмсарып, жамбас қуысының орталық бағытына сәйкес келіп, мойын өзегінің ашылып, жетілуі. Бұл кезең әйелдің мазасын алмайды, ұйқысын бұзбайды. Сөйітіп, жүйесіз сирек толғақ біртіндеп жүйелі босану толғағына көшеді.

Босану кезеңдерінің қалыпты жағдайда өтуі үшін мынандай шарттар қажет:

1. Жыныс мүшелерінің дұрыс дамып жетілуі және босану жолдарының дайындығы;

2. Күшті, жүйелі толғақ;

3. Нәресте салмағының орташа болып, оның жатырда дұрыс орналасуы.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 3522 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...