Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу



Сыртқы жыныс мүшелерінің тазалығын жасай білу керек. Оған қажетті құралдар: кереует, корнцангтар, залалсыздандырылған материал, жыныс мүшелерін өңдеуге арналған ерітінді, леген.

Орындау тәсілі:

1. бұл зерттеудің қажеттілігін жүкті әйелге түсіндіру;

2. кереуетке немесе акушерлік креслоға жатқызып, астына леген қою;

3. өңдеуге дейін қолға резеңке қолғап кию;

4. жыныс мүшелерін өңдеуге арналған ерітіндіге (1:6000 перманганат калий, 5% йод ерітіндісі) батырылған мақта тампонымен жыныс мүшелерін келесі тәртіпте өңдейді: кіші жыныс еріндері, үлкен жыныс еріндері, санның ішкі беті, аралық, аналь тесігінің маңайы.

Осыдан кейін дәрігер жүкті әйелді екі қолымен зерттеу арқылы тексеріп, оны босануға дайындығының жағдайын анықтайды (жатыр мойнының пісіп-жетілуін, ашылуын, баланың жамбас қуысының кіреберіс бөлігіне қандай бөлігімен жатқанын).

Босандыру жоспарын жасап, жүкті әйелді босану алдындағы бөлмеге тасымалдайды.

Оның қан тобын, резус-факторын және қан ұю қасиетін анықтап, ақуыздың бар екенін сульфацил қышқылымен сынау жасап, анытау керек.

Босанудың бірінші кезеңінде жүйелі толғақ басталып, жатыр мойны жайылып, толық ашылады (10-12 см). Жатыр мойнының ашылуы толғақтың күшіне, жиілігіне, ұзақтығына байланысты. Босанудың басында толғақтың ұзақтығы - 10-15 сек.; ортасында - 30-40 сек.; соңында - 50-60 сек.

Толғақтың күші үш түрлі болады: әлсіз (10-15 сек.), орташа (30-40 сек.) және күшті (45-50 сек.). Босанудың басында толғақ 15-20 мин сайын қайталанып, бір-екі секундқа дейін біртіндеп жиілейді. Жатыр бұлшық еттерінің жиырылып (контракция), өзара тартылып (ретракция), төменгі сегмент пен жатыр мойнының созылуы (дистрация) жатыр мойнының ашылуына әкеп соғады. Тұңғыш және босанып жүрген әйелдердің жатыр мойнының ашылуы әр түрлі, себебі тұңғыш босанатын әйелдерге жатыр мойнының ішкі және сыртқы еріндері жабық, оларда жатыр мойнының ашылуы ішкі еріннен басталып, мойын түтігі біртіндеп қысқарып, жұқара бастайды,
       
   

осыдан кейін
       
   

барып сыртқы ернеу жұқарып толық ашылады.

       
   

37 сурет. Сыртқы өзектің толық ашылуы және нәрістенің басының әйел жамбасының кіреберісінде.   1- қиылысуы 2- алдыңғы қағанақ суы 3- артыңғы қағанақ суы
 
 

36 Сурет. Босанып жүрген әйелдер, жатыр мойыны жұқарған, сыртқы өзегі толық ашылған.   1- ішкі өзекке сәйкес келетін орны 2- сыртқы өзегі

Ал босанып жүрген әйелдерде мойын түтігі бір–екі саусақ өлшемінде ашық болады, сондықтан жатыр мойының ішкі және сыртқы ернеулерінің ашылуы бір мезгілде басталады. Жатыр мойнының ашылу қарқыны тұңғыш босанатындарда бір сағат ішінде ­ 1 сантиметр, босанып жүргендерде ­ 2 см. Жатыр мойнының толық ашылуы 10 см-ге немесе бес саусақ өлшеміне сәйкес.

Бірінші кезеңнің ұзақтығы тұңғыш босанатындарда - 11-12 сағат, босанып жүрген әйелдерде - 7-8 сағат. Әдетте, қағанақ суы жатыр мойны толық ашылғаннан кейін кетеді, кейде қағанақ суы толғақ басталмай немесе басталысымен кетуі мүмкін.

Егер қағанақ суы толғақ басталмай тұрып кетсе, оны алдын ала кетуі дейді, толғақ басталғаннан кейін кетсе, оны ерте кету дейді.

Босану кезеңдеріндегі қынаптық зерттеу көрсеткіштері:

1) Жүкті әйел перзентханаға түскенде;

2) Қағанақ суы кеткенде;

3) Жыныс жолдарынан қан кеткенде;

4) Нәрестенің жүрек соғысы нашарлағанда;

5) Босану қарқынын анықтау үшін (тұңғыш босанатындарда 6-8 сағаттан кейін; қайталап босанатындарда 3-6 сағаттан кейін);

6) Екінші кезеңнің алдында.

Дәрігер бірінші кезеңде әйелдің жалпы жағдайын (қан қысымын, тамыр соғуын), нәрестенің жүрек соғысын және де толғақ күшінің жиілігін, ұзақтылығын анықтайды. Сонымен қатар ауру сезімін жеңілдететін дәрі-дәрмектер қолданады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2520 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...