Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бақылау және босануды жүргізу



Әйел босанудың бірінші кезеңіне қарағанда жылжу кезеңінде (екінші кезең) көп энергия мен күш жұмсайды. Жылжу кезеңіндегі әйелдің күшенуін ауыр физикалық күшпен салыстыруға болады. Осының нәтижесінде жүрек-қан тамыр жүйесі, тыныс алу, бұлшық ет және жүйке жүйесіне көп қысым түседі. Жүрек-қан тамыр ауруларымен ауыратын әйелдерде нәрестенің жылжу кезеңінде жүрек жеткіліксіздік қаупі артып, кеш токсикозды әйелдерде қан қысымының жоғарылауы, преэклампсия және эклампсия дамуы мүмкін. Туу залында әйелді Рахманов төсегіне басын иық белдеуіне дейін көтеріп орналастырады. Әйел жамбас және сан буындарын бүгіп, аяқ табанын арнайы қойғышқа орналастырып, күшену кезінде сол қойғышқа аяғын тірейді. Күшену кезінде күші жеткілікті болу үшін қолымен керует қырынан ұстанады.

Каталкадан кереуетке ауыстырмас бұрын, әйелдің үстіне стерильді жейде, басына орамал, аяғына стерильді шұлық кигізеді, бөксе астына стерильді жаялық салады.

Қуылу кезеңінің басынан аяғына дейін әйелдің жанында дәрігер мен акушер болуы керек. Қуылу кезеңінде әйелдің жалпы жағдайын, тері жамылғылары мен кілегей қабаттарының түсін, тамыр соғысынн, қан қысымын өлшеп, әйелдің көңіл-күйін, ауаның жеткіліктілігін, бас ауруын, көру қабілетін, т.б. жағдайларын сұрастырып отыру қажет. Туу ағымын мұқият бақылап, күшенудің жиілігін, ұзақтығы мен күшін анықтап, жатырдың төменгі сегментінің жағдайына (ауырсынуына), контракциялы сақинаның орналасу биіктігіне көңіл аудару керек.

Әйелдің жалпы жағдайын бақылаумен қатар нәрестенің де туу жолдарынан қозғалуын, оның жағдайын бақылап отыру қажет. Әрбір әйел күшенуінен кейін нәрестенің жүрек соғысына, оның жиілігіне, ырғағына, дыбысына көңіл аударып отыру керек.

Қуылу кезеңінде сыртқы жыныс мүшелеріне көңіл бөлудің маңызы зор. Үлкен және кіші жыныс еріндерінің ісінуі көбінесе тар жамбас әсерінен туу жолдарындағы жұмсақ ұлпалардың қысылғандығын көрсетеді. Жыныс еріндерінен қанды бөлінулердің байқалуы – жұмсақ ұлпалардың жыртыла бастауының немесе плацентаның уақытынан бұрын бөліне бастауының белгісі болады.

Акушер көмегі нәресте басы жыныс қуысын «кесіп-жарып» шығысымен басталады: нәресте басы жамбас түбіне қатты қысым көрсетіп, оны созады және оның басының өзі де осы мезгілде босану жолдарының қабырғаларынан қысылады, осының әсерінен аралық жыртылып, нәресте миының қан айналымы бұзылуы мүмкін. Осы кезде дұрыс көрсетілген акушерлік көмек бұл асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Акушерлік көмек көрсетер алдында акушер стерильді халат, ұзын алжапқыш киеді, қолын мұқият жуып, стерильді қолғап киеді, аузы мен мұрнын стерильді маскамен жабады. Босануды қабылдауға нәресте басы көрінгенде ғана кіріседі.

Әйелдің сыртқы жыныс мүшесін, жамбастың ішкі бетін 5% йодтың спиртті ерітіндісімен немесе 1% йодонат ерітіндісімен өңдейді. Аналь тесігінің маңайын стерильді дәкемен жабады, бөксе астына стерильді төсеніш қояды.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1925 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...