Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бала жолдасының бөліну кезеңі



ІІІ-ші кезең нәресте туылғаннан кейін басталып,бала жолдасының бөлінуімен аяқталады.

Нәресте туғанан соң 2-3 минуттан кейін қайтадан толғақ басталады, ол әйелдің ішінің төменгі жағының ауырсуынуымен сипатталады.

Бала жолдасының бөліну кезеңіндегі толғақ плацентаның жатыр қабырғасынан бөлінуі салдарынан жатыр қабырғасымен плацентаның байланысы бұзылады, осының нәтижесінде плацента аймағындағы қан тамырларының үзілуі пайда болады.

Жатыр қабырғасынан бала жолдасы 2 әдіспен бөлінеді, яғни бала жолдасының орталықтан(плпцентаның орталық бөлінуінен) және шеткі аймақтарынан бөліну кезінде бала жолдасының орнында жатыр және плацентаның қан-тамырларынан аққан қан ретроплоцентарлы гематома түзіп, плацента мен жатыр қабырғасының арасына жиналады.

Ретроплаценталы гематоманың түзілуі мен бірге, бала жолдасының бөліну толғағының жиілігі мен күші плацентаның жатыр қабырғасынан ары қарай бөлінуіне әсерін тигізеді. Шеткі бөліну кезінде ол плацентаның шеткі аймағында болады, жатыр-плацентарлы қан-тамырларынан аққан қан гематома түзбейді, сондықтан қан жатыр қабырғасынан және ұрық маңындағы қабыршыққа жиналады.

Осы уақытта плацентаның бөлінуі және жатыр қабырғасының бала жолдасының төменгі жатыр бөлігіне түсіп, 2-2 минуттан кейін босанушы әйелдің бала жолдасын тууы басталады.

Плацента қағанақ қабықшаларымен бірге төмен түсіп әйел күшенгенде босану жолдарынан қабықшамен жабылған ұрықтың бетімен сыртқа аударылып туылады.

Бала жолдасының бөлінуінен кейін жатыр қатты жиырылады, нәтижесінде бала жолдасының аймағындағы жатыр қан-тамырлары қысылып, қан кету тоқтайды.

Бала жолдасының бөлінуінен кейін қан кетудің тоқтауы қанның ұю процесіне байланысты.

Қалыпты босану кезінде қан кету мөлшері 250 мл аспайды. Кей жағдайларда 50-100 мл құрайды. Мұндай қан кету физиологиялық болып саналады.

Босанушы әйелдің массасына байланысты қан кетудің мөлшері 0,5% қалыпты, ал одан жоғары болса поталогиялық.

Осы кезеңнін аяқталуы мен босану кезеңі аяқталады, әйелді босанған әйел деп атайды.

Бала жолдасының бөліну кезені калыпты жагдайда 20-30 минутка созылады

 
 

 
 





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1807 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...