Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Санитарлық өңдеу



Босануға келіп түскендердің босану бөлімшесіне жұқпалы аурулар әкелуін және дені сау босанушылардың ауруханаішілік жұқпалы аурулардың ауыруын ескерту жұмысы, босанушылардан сұрастыру және тексеру жүргізетін санитарлық-өткізу блогының бірінші буыны – фильтрде жасалады.

Фильтрде температураны өлшейді, тамыр соғысын тыңдайды, болуы мүмкін жұқпалы ауруларды немесе жұқпалы науқастармен байланысын анықтау үшін сұрастыру жүргізеді, тері қабатын (бөртпелер, іріңді жаралар, қышыма және т.б.) қарайды, аранды тексереді.

Фильтрден кейін әйел адам денсаулық жағдайына байланысты (физиологиялық немесе обсервациялық) бағытталған бөлімшенің санитарлық бөліміне түседі.

Екінші буын – бұл жүкті әйелдерді немесе босануға келіп түскендерді санитарлық өңдеу орны.

Жүктінің немесе босануға келіп түскендердің санитарлық өңдеуін, құралдар мен күтім бұйымдарының дезинфекциясын дұрыс жүргізу қажет.

Ол үшін:

- резеңкелі қолғап киіледі;

- қол мен аяқтағы тырнақтар алынады;

- қоласты ойықтағы түктер бір рет қолданылатын лезвиемен қырылады;

- корнцангкпен ұстатылған ылғалды тампон көмегімен залалсыздандырылған сұйық сабынмен алдын ала жұмсарту арқылы қасағадағы түктер қырылады;

- тазалау клизмасы қойылады.

- клизма қою аяқталғаннан кейін үштік пен Эсмарх күрешкесі 3% хлорамин ерітіндісіне 1 сағатқа салынады;

- резеңкелі қолғап шешіліп, қол жуылады;

- іш босатқаннан кейін босанушы жеке сабын және залалсыздандырылған жөкемен жуынып, сүртініп, залалсыздандырылған киім киеді;

- аяқ және қол тырнақтары йодпен, төс ұштары гауһар жасылымен өңделеді.

Тазалау клизмасын қолдану кезеңі алдында, кесар тілігі операциясынан кейін, жүктіліктің ауыр гестозы кезінде, уақытынан бұрын болатын босану кезінде қоюға болмайды.

Босануға келіп түскендердің тері қабаты қаралады, дене температурасы өлшенеді, педикулезге тексеріледі, екі қолының да АҚ өлшенеді, тамыр соғысы саналады, нәрестеніңжүрек соғысы тыңдалады және қынапты тексеру, диагноз қою және босану жоспарын құру үшін байқау бөлмесіне бағытталады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2336 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...