Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тексерудің қосымша әдістері



Р е н т г е н д і к т е к с е р у ұрықтың орналасуын, ұрық санын, кейбір даму кемістіктерін, жамбас құрылысының ерекшеліктерін, оның өлшемін және ұрық басының өлшеміне сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен, рентгенографияға нақты диагноз қою үшін әдеттегі тексеру жолымен (пальпация, аускультация, қынапты тексеру, т.б.) мәліметтер ала алмаған жағдайда ғана жүгінеді.

Ультрадыбыстық сканерлеу ірі мекемелерде болатын күрделі аппаратура көмегімен жасалады. Бұл әдіс дамудың ерте кезеңдерінде ұрық жұмыртқасын анықтауға мүмкіндік береді. Жүктіліктің кеш кезеңдерінде ультрадыбыс көмегімен ұрықтың орналасуын (басын, денесін, аяқ-қолын, ішкі мүшелерін), т.б. анықтайды. Оған қоса жүктілік мерзімін анықтауда маңызды саналатын басының, кеуде торының, т.б. өлшемін, сонымен қатар дамудың кейбір ерекшеліктерін де (гипотрофия, гидро- және микроцефалия, т.б.) анықтауға болады. Плацентаның тіркескен орны, ұрық саны, сұйықтықтың аз-көптігі және жүктіліктің басқа даму ерекшеліктері анықталады. Ультрадыбыстық тексерудің ана мен балаға зияны жоқ.

Э л е к т р о к а р д и о г р а ф и я ұрық гипоксиясын уақытында анықтауда маңызды саналатын жүрек жұмысын тексеруде кеңінен қолданылады. Бұл әдіс 14-16 апталық ұрықтың жүрек жұмысын тіркеуге мүмкіншілік береді. Электрокардиография көмегімен егіздерді, жамбасқа орналасуын, т.б. анықталады.

Ф о н о к а р д и о г р а ф и я – ұрық жүрегінің жұмысымен туындаған дыбыстық құбылыстарды тіркеу әдісі. Бұл әдіс жүрек соғысының жиілігін (қалпын, жиілеуін, сиреуін), қарқынын (қалыпты, аритмия), дыбысын, т.б. анықтауға мүмкіндік береді, ал ол болса дер кезінде ұрық гипоксиясы және басқа патологиялық кемістіктерді аңғартады.

А м н и о с к о п и я - бұзылмаған қабықтар арқылы көрінетін қабықтар мен қағанақ суларын тексеру әдісі. Сулардың боялуларының өзгеруі мен тазалық дәрежесі (жасылтым, сары, лас) бойынша басталмақшы асфиксия, ұрықтың гемолитикалық аурулары және басқа асқынулар туралы айтуға болады. Амниоскопия стационарда өткізіледі.

А м н и о ц е н т е з - су шығару және оны тексеру үшін (гемолитикалық аурудың ауыр формасына, гендік ауруларға күдік болғанда және басқа асқынулар) ұрық қуысының қабығын тесу.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2464 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...