Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері



Бір де бір дәрілік зат ұрық үшін 100% қауіпсіз болуы мүмкін емес. Бала жолдасының тосқауылы препараттардың көп бөлігін өткізеді, ал стресс кезінде оның өткізгіш қабілеті жоғарылайды. Анасының кейбір аурулары кезінде (диабет, артериалды гипертензия) пайдаланылатын дәрілік заттардың ұрық ағзасына түскен мөлшерінің кері шығуы төмендейді. 2-ші кестеде жүкті әйелдің дәрілік заттарды қабылдауының қауіпті тобы келтірілген.

Қазіргі кезде тератогендік келесі топтардың препараттары зерттеу құралдары болып табылады: психофармацевтік заттар, антиконвульсанттар, антибиотиктер, әсіресе аминоглюкозидтер, хлорамфеникол (левомецитин), тетрациклиндер, гормондар.

Әдеби көрсеткіштер бойынша антиконвульсанттарды жүктілік кезінде пайдалану ұрық кемтарлығын 2-3 есе жоғарылатады. Эпилепсиямен, диабетпен ауыратын, анамнезінде түсіктер мен ұрық кемтарлығы бар 35 жастан асқан әйелдерге жүктілік қарсы көрсетілген.

Бақылауларға сәйкес эстрогендер мен прогестогендер жүктіліктің алғашқы 4 айында қабылданбауы тиіс. Сонымен бірге, құрамында белсенді компоненттері аз және сіңірілуі шектелген сыртқа қолданылатын дәрілік заттардың да (көз тамшылары, майлар) тератогендік әсерлері бар екендігін есте сақтаған жөн.

4 кесте.

Жүкті әйелдердің дәрілік заттарды пайдалануы кезіндегі ұрық зақымдалуының қауіпті топтары (БДҰ мәліметтері)





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2152 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...