![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Бұл тапсырма күнделікті компьютер қондырылған бөлмедегі ауа температурасын басқару процесімен байланысты. Тапсырманың мақсаты бөледегі ауаны бір қалыпты ұстап тұратындай етіп, кондиционердің реттегішін автоматтандыру керек.
Айқын емес қорытынды жүйесінің айнымалыларын құру үшін, кіріс және шығыс лингвистикалық айнымалыларын қайтадан қарап шығу керек. Бір кіріс лингвистикалық айнымалысы ретінде бөлмедегі ауа температурасын қолдану керек екені белгілі: β1 - "ауа температурасы", ал екінші кіріс лингвистикалық айнымалысы β2 -"ауаның температурасын өзгерту жылдамдығы". Шығыс лингвистикалық айнымалысы ретінде кондиционерді «салқын» және «жылы» қосу режимінің реттегішінің бұру бұрышы: β3 - "реттегіштің бұрылу бұрышы". Ережелерді жазуды қысқарту үшін қосалқы айнымалылардың термдерінің сандық берілуі көрсетілген
(5.1 - кесте).
Сандық берілуі | Ағылшын тіліндегі нотация | Орыс тіліндегі нотация |
NB | Negative Big | Тұрақты емес үлкен |
NM | Negative Middle | Тұрақты емес орташа |
NS | Negative Small | Тұрақты емес кішкентай |
ZN | Zero Negative | Тұрақты емес нөлге жақын |
Z | Zero | Нөл, нөлге жақын |
ZP | Zero Positive | Тұрақты нөлге жақын |
PS | Positive Smal | Тұрақты кішкентай |
PM | Positive Middle | Тұрақты орташа |
PB | Positive Big | Тұрақты үлкен |
Бұл жағдайда шығыс айқын емес жүйесі келесі 15 айқын емес ережелерінен тұрады:
ЕРЕЖЕ-1: ЕГЕР "β1 бар РВ" ЖӘНЕ "β2 бар PS", ОНДА " β3 бар NB"
ЕРЕЖЕ -2: ЕГЕР "β1 бар РВ" ЖӘНЕ "β2 бар NS", ОНДА " β3 бар NS"
ЕРЕЖЕ -3: ЕГЕР "β1 бар РS" ЖӘНЕ "β2 бар PS", ОНДА " β3 бар NM"
ЕРЕЖЕ -4: ЕГЕР "β1 бар PS " ЖӘНЕ "β2 бар NS", ОНДА " β3 бар Z "
ЕРЕЖЕ -5: ЕГЕР "β1 бар N В" ЖӘНЕ "β2 бар NS", ОНДА " β3 бар P B"
ЕРЕЖЕ -6: ЕГЕР "β1 бар N В" ЖӘНЕ "β2 бар PS", ОНДА " β3 бар PS "
ЕРЕЖЕ -7: ЕГЕР "β1 бар NS " ЖӘНЕ "β2 бар N S", ОНДА " β3 бар PM "
ЕРЕЖЕ -8: ЕГЕР "β1 бар NS " ЖӘНЕ "β2 бар PS", ОНДА " β3 бар Z”
ЕРЕЖЕ -9: ЕГЕР "β1 бар PB " ЖӘНЕ "β2 бар Z ", ОНДА " β3 бар NM”
ЕРЕЖЕ -10: ЕГЕР "β1 бар PS " ЖӘНЕ "β2 бар Z ", ОНДА " β3 бар NS”
ЕРЕЖЕ -11: ЕГЕР "β1 бар NB " ЖӘНЕ "β2 бар Z ", ОНДА " β3 бар PM”
ЕРЕЖЕ -12: ЕГЕР "β1 бар NS " ЖӘНЕ "β2 бар Z ", ОНДА " β3 бар PS”
ЕРЕЖЕ-13: ЕГЕР "β1 бар Z " ЖӘНЕ "β2 бар PS", ОНДА " β3 бар NS”
ЕРЕЖЕ -14: ЕГЕР "β1 бар Z " ЖӘНЕ "β2 бар N S", ОНДА " β3 бар PS”
ЕРЕЖЕ -15: ЕГЕР "β1 бар Z " ЖӘНЕ "β2 бар Z ", ОНДА " β3 бар Z”
Терм-жиынының бірінші лингвистикалық айнымалысы ретінде T1 = {" өте салқын", "салқын", "орташа", "жылы", "өте жылы"} жиындары қолданылады да, олар T1={NB, NS, Z, PS, PB} сандық түрде жазылады (5.2 - сурет). Терм-жиынының екінші лингвистикалық айнымалысы ретінде Т2= {" тұрақты емес", "нөлге тең", "тұрақты"} жиындары қолданылады да, олар T2={NS, Z, PS) сандық түрде жазылады (5.3-сурет). Терм-жиынының шығыс лингвистикалық айнымалысы ретінде Tз= {"өте үлкен солға қарай", "үлкен солға қарай", "орташа солға қарай", "кондиционерді сөндіру", " орташа оңға қарай ", " үлкен оңға қарай ", " өте үлкен оңға қарай"}, олар Tз={NВ, NM, NS, Z, PS, РМ, РВ} сандық түрде жазылады. Бұл Т2 термдердің сәйкестік функциялары 5.4-суретте көрсетілген.
5.2- сурет. «Ауа температурасы» кіріс лингвистикалық айнымалылары термдерінің сәйкестік функциясының графигі
5.3- сурет. «Температураның өзгеру жылдамдығы» кіріс лингвистикалық айнымалылары
5.4- сурет. Кіріс лингвистикалық айнымалылары термдерінің сәйкестік функциясының графигі
«Реттегіштің бұрылу бұрышы »
Бұл жағдайда ауа температурасы Целсий градусымен өлшенеді, температураның өзгеру жылдамдығы – минуттағы Целсий градусымен, ал бұрылу бұрышы – бұрыштық градуспен өлшенеді. Соңғы жағдайда реттегішті оңға бұрған кезде «жылы» режимі қосылғанын, ал солға бұрғанда «салқын» режимінің қосылғанын білдіреді.
Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 468 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!