Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырманың мазмұны



Бөлмедегі ауаны салқындатып немесе жылытып тұратын күнделікті кондиционер орнатылған. Бөлмеде ең ыңғайлы жағдай ауа температурасы тұрақты болғанда туындайды. Бөлменің сыртындағы ауаның температурасы күн сайын өзгеріп отыратындықтан және ол ішкі ауа райына байланысты болатындықтан, ол бөлмедегі ауаның бір қалыпты күйіне кері әсер етеді, күнделікті кондиционерді қолмен басқару қажеттігіне әкеліп соғады. Тапсырма бөлмедегі ауаны тұрақты ұстап тұру үшін кондционерді автоматты түрде басқарылатындай етуден тұрады (5.1 сурет).

Тұрмыста кондиционерлерді қолдану шеберлігі бөлмедегі ауаны салқындату немесе жылыту процесі инерцияны иемденетінін көрсетеді. Айқын емес айтқанда, “салқындату” режимін қосқан кезде салқын ауаны көшіру басталады да, бөлмедегі ауа біртіндеп төмендей бастайды. Бірақ сөндірген кезде де температура белгілі уақыт арасында белгілі мөлшерге дейін төмендей береді. Ол “жылы” режимін қосып және сөндіргенде көрінеді. Қолданылып отырган моделдер тұрақтағышты солға бұрғанда кондиционер сөнеді, ал “жылы” режимін қосу тұрақтағышты оңға бұрғанда жүзеге асады деп қарастырайық.

5.1 – сурет. А йқын емес басқару моделін бөлмедегі ауаны

кондиционерімен байланыстыру

Кондиционерді басқару процесінің және көрсетілген режимдерді қосып сөндірген кездегі қосымша шығынды жою үшін осы ерекше жағдайды ескеріп, шығыс параметрі ретінде тек қана ауаның температурасын емес, сонымен қатар оның өзгеру жылдамдығын да ескерген жөн.

Бұл жағдайда, ол бөлмедегі ауаны кондиционер арқылы қолмен басқарған кезде қолданылатын эвристикалық ереже түрінде берілуі мүмкін:

1. Егер бөлмедегі ауа температурасы өте жылы, ал температураны өзгерту жылдамдығы тұрақты болса, онда кондиционердің реттегішін солға қарай өте үлкен мөлшерде бұрып, “салқын” режимін қосу қажет.

2. Егер бөлмедегі ауа температурасы өте жылы, ал температураны өзгерту жылдамдығы тұрақты емес болса, онда кондиционердің реттегішін солға қарай орташа мөлшерде бұрып, “салқын” режимін қосу қажет.

3. Егер бөлмедегі ауа температурасы жылы, ал температураны өзгерту жылдамдығы тұрақты болса, онда кондиционердің реттегішін солға қарай үлкен мөлшерде бұрып, “салқын” режимін қосу қажет.

4. Егер бөлмедегі ауа температурасы жылы, ал температураны өзгерту жылдамдығы тұрақты емес болса, онда кондиционерді сөндіру қажет.

5. Егер бөлмедегі ауа температурасы өте салқын, ал температураны өзгерту жылдамдығы тұрақты емес болса, онда кондиционердің реттегішін оңға қарай өте үлкен мөлшерде бұрып, “жылы” режимін қосу қажет.

6. Егер бөлмедегі ауа температурасы өте салқын, ал температураны өзгерту жылдамдығы тұрақты болса, онда кондиционердің реттегішін оңға қарай орташа мөлшерде бұрып, “жылы” режимін қосу қажет.

7. Егер бөлмедегі ауа температурасы салқын, ал температураны өзгерту жылдамдығы тұрақты емес болса, онда кондиционердің реттегішін оңға қарай үлкен мөлшерде бұрып, “жылы” режимін қосу қажет.

8. Егер бөлмедегі ауа температурасы салқын, ал температураны өзгерту жылдамдығы тұрақты болса, онда кондиционерді сөндіру қажет.

9. Егер бөлмедегі ауа температурасы өте жылы, ал температураны өзгерту жылдамдығы нөлге тең болса, онда кондиционердің реттегішін солға қарай өте үлкен мөлшерде бұрып, “салқын” режимін қосу қажет.

10. Егер бөлмедегі ауа температурасы жылы, ал температураны өзгерту жылдамдығы нөлге тең болса, онда кондиционердің реттегішін солға қарай орташа мөлшерде бұрып, “жылы” режимін қосу қажет.

11. Егер бөлмедегі ауа температурасы өте салқын, ал температураны өзгерту жылдамдығы нөлге тең болса, онда кондиционердің реттегішін оңға қарай өте үлкен мөлшерде бұрып, “жылы” режимін қосу қажет.

12. Егер бөлмедегі ауа температурасы салқын, ал температураны өзгерту жылдамдығы нөлге тең болса, онда кондиционердің реттегішін оңға қарай орташа мөлшерде бұрып, “жылы” режимін қосу қажет.

13. Егер бөлмедегі ауа температурасы қалыпты күйде, ал температураны өзгерту жылдамдығы тұрақты болса, онда кондиционердің реттегішін солға қарай орташа мөлшерде бұрып, “салқын” режимін қосу қажет.

14. Егер бөлмедегі ауа температурасы тұрақты, ал температураны өзгерту жылдамдығы тұрақты емес болса, онда кондиционердің реттегішін оңға қарай орташа мөлшерде бұрып, “жылы” режимін қосу қажет.

15. Егер бөлмедегі ауа температурасы тұрақты, ал температураны өзгерту жылдамдығы нөлге тең болса, онда кондиционерді сөндіру қажет.

Бұл ақпарат берілген айқын емес басқару моделін жүзеге асыру үшін қолданылатын шығыстағы айқын емес жүйесінің қоры, ережелерін құрғанда қолданылады.





Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 387 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...