Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ОҚу пӘні бойынша глоссарий



Аннигиляция – бір-бірімен соқтығысқан кезде бөлшектің және оған сәйкес антибөлшектің басқа бөлшекке түрлену процесі.

Антиферромагнетизм – заттағы атомдардың немесе иондардың магниттік моменті антипараллель, ал магнит өрісі болмаған кездегі магниттелуі нөлге тең магнетизм.

Валенттік алқап – температура абсолют нөл болғанда валентті электрондармен бүтіндей толтырылған, электрондардың энергия мәнінің рұқсат етілген алқабы.

Газ разряды – электр тоғының газ арқылы өту процесі.

Доғалық разряд – газ плазма күйінде болатын, катод разрядтың өзімен қыздырылған пайда болған электрондар иондауында басты роль атқаратын, тогының үлкен тығыздығы бар өздік газ разряды.

Диполдық электр моменті – диполь зарядын оның иініне көбейтіндісіне тең және ось бойымен теріс зарядтан оң зарядқа бағытталған, электр диполін сипаттайтын вектор.

Умов-Пойтинг векторы – электромагниттік өрістің энергия ағынының тығыздық векторы.

Өзара индуктивтілік – бір контурдағы ток күші мен басқа контурды баса өтетін, сол ток жасаған магнит ағыны арасындағы, екі контурдың пропорционалдық коэффициентін анықтауға арналған электр тізбегінде магнит байланысының сипаттамасы.

Инварианттылық – физикалық шарттар өзгерген кездегі физикалық шамалардың өзгеріссіз қалуы.

Индукциялық ток – индукцияның электр қозғаушы күшінен туған, тұйық контурдағы электр тогы.

Қанығу тогы газ иондануының берілген интенсивтілігі кезінде мүмкін болатын максимал электр тогы.

Құйынды өріс – қандай да бір тұйық контур бойынша айналмасы нөлге тең болмайтын векторлық өріс.

Магнетик - барлық заттарға олардың магниттік қасиеттерін қарастырған кезде қолданылатын термин.

Өткізгіштік ток өткізгіштегі электр өрісінің әсерінен пайда болатын электр тогы.

Плазма оң және теріс зарядтардың тығыздығы іс жүзінде бірдей болатын, бүтіндей немесе бөліктеп ионданған газ.

Разрядтық аралық - электр разряды өтетін газдағы электрод аралық кеңістік.

Реостат электр тізбегіндегі ток пен кернеуді оның кедергісін өзгерту жолымен реттеуге арналған құрылғы.

Тәж разряды – беттік қисықтығы үлкен (үшкір) электродтардың маңайында кенет біртекті емес электр өрісінде пайда болатын жоғары вольтті өздік газ разряды.

Транзистор құрамында екі p-n өтуі және электр тербелістерін күшейтуге және генерациялауға, сонымен бірге басқа да мақсаттар үшін электр тізбегіне жалғауға арналған үш түйіспесі бар жартылай өткізгішті құрал.

Трансформатор айнымалы электр тогының кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған құрал.

Триод үш электродты электрондық шам немесе үш электродты жартылай өткізгіш құрылғы.

Ферримагнетизм иондардың құрамына кіретін магниттік моменттер екі немесе көп жүйе астылықтарын құрайтын заттың күйі.

Ферримагнетик ферромагнетизмді байқататын зат.

Фуко токтары массивті өткізгіштерде пайда болатын индукциялық токтар.





Дата публикования: 2015-01-14; Прочитано: 950 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (1.064 с)...