Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 6. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері



Лекцияның мақсаты: Сұраныс пен ұсыныс негіздеріне жеке-жеке тоқталу және салыстыру.

1.Сұраным заңы.Сұраным қисығы.Сұранымға ықпал жасаушы факторлар.

2.Ұсыным заңы.Ұсыным қисығы.Ұсынымға ықпал етүші факторлар.

3.Икемділік үғымы.Икемділік коэффициенті.

4.Тұтынушылық таңдау

Сұраныс – белгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс тауарлар мөлшері.

Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.

Сұраныс заңы:

А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;

ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.

Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.

Сұраныс төлем қабілеті бар қажеттілікті көрсетеді. Жалпы айтқанда сұраныс бұл рыноктың баға құрылу процесіне әсер ететін жақтарының бірі. Негізінен сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, оның ішінде ең маңыздысы – баға болып табылады. Жалпы баға мен сұраныс арасында кері байланыс бар. Яғни, бағаның көтерілуі сұраныстың азаюына әкеп соғады және керісінше. Баға мен сұраныс шамасының арттықтылығ кері байланыс сұраныс заңы деп аталады.

P - баға

Q – тауарлар мөлшері

P

Q

Тұтынушылар әрбір баға бойынша осы тауардың көбін сатып алғысы келсе, онда d1 -ден d2 –ге ауысады, ал тауарды аз қалау – сұранысты азайтады және сұраныс қисығын солға d1 -денd3 –ке қозғалтады. Сонымен қатар сұраныс қисығының қозғалысы мен сұраныстың өзгеруі бағаның факторының әсерінен де болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

- тұтынушылар таңдауы;

- сатып алушылар саны;

- сатып алушылар табысы;

- балама тауарлардың бағасы;

- қолайлы жағдайды күту.

Сонымен қатар осы қарастырылған бір фактордың және екінші фактордың әсерінің нәтижесінде сұраныс сезімталдығын анықтау үшін икемдік деген түсінік пайдаланылады. Икемдіктің өлшем бірлігі болып икемдік коффиценті табылады.

Икемдік коффицентін келесі түрде анықтауға болады:

{ К (и.б.) = Q өсуінің %-ті /P өсуінің %-не }

(и.т.) = сұраныс шамасының өзгеруінің %-і/

/табыс шамасының өзгеруінің %-не }

Ұсыныс – бұл өндірістің сату үшін рынокта ұсынылатын тауарлар мөлшері. Баға неғұрлым жоғары болса, өндірушілер тауарларын рынокқа соғұрлым көп шығарғысы келеді немесе керісінше. Баға мен ұсынып отырған өнімнің мөлшерінің арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады.

S - ұсыныс P

P - баға

Q – мөлшер саны

S2 S S1 Q

Негізінен қисығының өзінің қозғалысы мен ұсыныс өзгеруі бағалық емес факторларының әсерінен болады.

Ұсыныс қисығы егер осы тауарға шығын-р тұрақты кезінде рынокта көп өнім ұсынылса, SS -тан S1S2-ге жылжиды, ал тауардың ұсынысының азаюы ұсыныс қисығын солға SS -тан S1S3-ке қозғалтады.

Бағалық емес факторларға:

- ресурстар бағасы. Яғни, олардың түсуі өндіріс шығындарын азайтады және ұсынысты көбейтеді. Бұл жерде ұсыныс қисығы оңға жылжиды. Ресурстарға бағаның өсуі керісінше әсер етеді.

- технология. Оның жетілуі ресурстарға бағаны түсіреді және 1-пунктте көрсетілгендерге әсер етеді.

- салықтар. Салықтардың көтерілуі өндіріс шығындарын көбейтеді және ұсынысты азайтады. Яғни, ұсыныс қисығы солға жылжиды.

- басқа тауардың бағасы. Олар ұсыныс қисығын қалай болса да жылжыта алады.

4.Икемділік дегеніміз – бір айнымалының екінші айнымалыға жауап ретінде өзгеру дәрежесі. Икемділіктің негізгі көрсеткіші икемділік коэффициенті болып табылады. Икемділік коэффициенті дегеніміз – бір айнымалының пайыздық өзгеруінің екінші айнымалының пайыздық өзгеруін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің екі түрі бар: сұраныс және ұсыныс икемділіктері.

Сұраныс икемділігінің келесідей түрлері бар: сұраныстың баға бойынша икемділігі, қиылысымды бағалық икемділік, табыс бойынша сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің негізгі формасы баға бойынша ұсыныс икемділігі болып табылады.

Ұсыныс көлемінің бағаның өсуіне байланысты өзгеруінің дәрежесі ұсыныс икемділігімен сипатталды. Ол ұсыныс икемділік коэффицентімен өлшенеді.

К = Q салыстырмалы (%) / P салыстырмалы өзгеріс (%).

5. Тұтыну іс-әрекетінің теориясы. Сұранымның негізін адамның тұтыну қабілеттілігі құрайды. Тұтынушының іс-әрекеті оның тұтынуының қалай қолданбауында, материалдық игіліктер мен қызмет көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты.

Тауар пайдалылығы – адамдардың қандай да болмасын тұтынысын қанағаттандыру қабілеттілігі.

Тауар пайдалылығы – жалпы және шекті пайдалылық болып жіктеледі.

Жалпы пайдалылық – адамдардың белгілі тауар мен қызмет жасау жиынтық бірлігін тұтынуға қанағаттануы.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Сұраным заңы.Сұраным қисығы.Сұранымға ықпал жасаушы факторлар.

2.Ұсыным заңы.Ұсыным қисығы.Ұсынымға ықпал етүші факторлар.

3.Сұраным мен ұсынымның әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі.

4.Сұраныстың баға бойынша икемділігі.

5.Тұтынушыныц пайдалықты максималдауы туралы кардиналистік жөне ординалистік талдаулар (трактовкалар).





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 2416 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...