Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Лекцияның мақсаты: Қоғамдық өндіріс нышандары ұгымына сипаттама беру,ақшаның мәнін, түрлерін және тақырыптың мақсатын ашу.
1. Қоғамдық шаруашылық формалары
2. Тауар және оның қасиеттері
3. Құн теориясы және шекті пайдалылық теориясы
4. Ақшаның пайда болуы, мәні және атқаратын қызметтері
1.Қоғамдық шаруашылықтың 2 формасы бар:
1. Натуралды шаруашылық- бұл адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдасатын шаруашылық.
Бұл жүйе келесідей қасиеттерге
а) тұйық шаруашылық;
ә) тікелей шаруашылық нысандары;
б) әмбебап еңбек.
Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар:
А) ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтығы;
ә) Ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі;
б) өндіріс пен тұтыну арасындағы тура экономикалық байланыстар.
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасу кезеңінде туып, құл иеленуші мемлекеттерде үстемдік етті және феодалдық қоғамның басты қасиеттерінің бірін құрады.
2. Тауарлы шаруашылық- бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі.
Мұндай жүйе оның ерекшеліктерін сипаттайтын белгілерге ие болады:
А) ашық шаруашылық;
ә) еңбекті бөлу;
б)жанама шаруашылық байланыстар.
Тауарлы өндірістің пайда блуының негізгі 3 шарты бар:
А) қоғамдық еңбек бөлінісі:
ә) тауар өндірушілердің жеке меншігінің пайда болуы;
б) артық өнімнің пайда болуы.
Тауар өндірісінің 2 түрі бар:
А) жай тауар өндірісі;
ә) капиталистік тауар қндірісі.
2. Тауар дегеніміз- адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандырытын, сату және сатып алу арқылы айырбастау үшін өндірілетін еңбек өнімі.
Тауардың 2 қасиеті бар:
а) тұтыну құны-заттың адамның нақты бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.
ә) айырбас құны- Бұл тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа пайдалы заттарға айырбастала білу қасиеті.
Айырбас пропорциясы тауарларға енгізілген құн көлеміне байланысты болады. Сонымен тауардың 2 қасиеті болады: пайдалылық және құн.
Тауардың 2 жақтылық қасиетінің болуы тауарға сіңген еңбектің 2 жақтылығына байланысты. Тауар өндіруге 2 түрлі еңбек жұмсалады: а ) нақты еңбек - бұл жеке мамандардың тауар өндіргенде тұтыну құнын жасауға шығындалған еңбек;
ә ) абстрактылы еңбек - бұл адамдардың дене күші мен ақыл-ой энергиясын жұмсауы, осының көмегімен тауарларды айырбастау процесінде адам еңбегінің қоғамдық сипатқа ие болуы немесе тауардың құнын анықтауға шығындалған еңбек.
Тауарға сіңген еңбектің 2 жақтылығын ашқан К.Маркс.
3. Құнның еңбек теориясының негізі мазмұны (Уильям Петти, А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс) келесідей қағмдалардан көрінеді:
1.Рыноктық айырбастың түрлі өнімдері бірдей ішкі мазмұнға – құнға ие.
2.Барлық тауарлардың құны тауар өндірушілердің қоғамдық еңбегімен жасалады. Құн- тауарға айналған қоғамдық еңбек.
3. Құнды құрайтын еңбектің өзі оның күрделілігі немесе сапассы бойынша ерекшеленеді. Еңбек қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Күрделі еңбек- бұл көбейтілген қарапайым еңбек.
4. Еңбектің ішкі өлшемі бар, ол- жұмыс уақыты.
5. Тауар құны жұмыс уақытының қоғамдық қажеттігімен анықталады.
6. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты- бұл төменде көрсетілген кедерде өнімдерді дайындауға жұмсалатын уақыт:
а) өндірістің қоғамдық дұрыс жағдайы кезінде;
ә)жұмыстың орташа шапшаңдығы кезінде;
б) қызметкерлердің орташа біліктілігі кезінде.
(Егер құнның еңбек теориясы қоғамдық шығыннан шыға отырып құнға түсініктеме берсе, шекті пайдалылық теориясы игіліктер құны мен бағасына пайдалы заттар тұтынушысының экономикалық психологиясы тұрғысынан түсініктеме береді.
Пайдалылық – бұл өзінің жек қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белгілі бір игіліктердің ролі туралы әр сатып алушының беретін субъективті бағасы.
Игілік құндылығы – бұл адамның өмірі мен әл-ауқаты үшін тұтынатын заттың маңыздылығын түсінуі.
4. Ақша- жалпыға бірдей балама болып табылатын ерекше тауар.
Ақшаның экономикалық ролі оның қызметерінен көрінеді.
Ақшаның атқаратын 5 қызметі бар:
А) құн өлшемі;
ә) айналым құралы;
б) байлық жасау құралы;
в) төлем құралы;
г) әлемдік ақшалар.
Қазіргі таңда ақшаның үш қызметі орындалады:а) құн өлшемі; ә) айналым құралы; б) төлем құралы.
5. Рыноктық қатынаста ақша мен инфляция процесі байланысты. Инфляция (қампию)- бұл айналым сферасын ұлттық шаруашылықтың шын қажеттілігімен артық толтыру. Инфляция кезінде қағаз ақшалар: а) алтынға; ә) тауарларға; б) шетелдік валюталарға қарағанда құнсызданады. Осының әсерінен бірінші жағдайда алтынның қағаз ақша түріндегі нарықтық бағасы артады. Екінші жағдайда тауарлар бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетелдік ақша бірлігіне қарағанда ұлттық валюта бағамы төмен түседі.
Инфляция ақша жүйесінің “ауруын” көрсетеді. Ол шаруашылық сфераларды қиратып, алыпсатарлықты күшейтеді, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан мемлекет инфляциямен күрес шараларын жүргізеді.
Баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігі мына формула бойынша көрсетіледі:
М*V=P*Q
Ондағы: М- ақша бірлігінің массасы;
V - ақша айналымының жылдамдығы;
Р- тауар бағасы;
Q - рыноққа ұсынылған тауарлар саны.
Инфляцияның пайда болу себептері:
1. мемлекеттік бюджет тапшылығы;
2. инвестициялаудың жоғарлауы;
3. өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігінің жоғарлауымен салыстырғанда еңбек ақының тез өсуі;
4. мемлекеттік бағаның белгіленуі.
Инфляцияның түрлерін анеықтаудың 3 критерийі бар:
А) баға өсуінің қарқыны;
ә) баға өсуінің сәйкестендірілу деңгейі;
б) инфляцияны күту және күнібұрын болжау.
Инфляцияның 2 типі бар:
а) сұраным инфляциясы;
ә) ұсыным инфляциясы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қоғамдық өндіріс нышандары ұгымының сипаттамасы.
2.Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нышандары: натуралды жөне товарлы.
3.Еркін бәсекелік тауар шаруашылығы жэне ұйымдастырылған рынок.
4.Құн заңы. Құн және баға.
5.Осы күнгі ақшаның түрлерІ, олардың табиғаты жөне тұрлері.
6.Инфляция мәні,түрлері және зардаптары.
Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 2583 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!