Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Лекцияның мақсаты: Нарықтық шаруашылықтыц жалпы сипаттамасын студенттерге түсіндіру,тақырыпты ашу.
1. Нарық экономикасының қажеттілігі, мәні
2. Нарықтың мәні, пайда болу шарттары, қызметтері
3. Нарық құрылымы
4. Нарық инфрақұрылымы
5. Нарық механизмдерінің негізгі элементтері
6. Маркетинг мәні және оның қызмет ету принциптері
1. Нарық экономикасына өту ҚР-да егемендік алғаннан басталады. ҚР-сы 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап егеменді ел болып экономикада белгілі бостандығын алып, шаруашылық процестерін рыноктық қатынастарға бұрғызды.
Нарық экономикасын қалыптастыру 3 сатыдан тұрады:
1. Өндіріс. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына байланысты нарық қалыптасады.
2. Экономика. Өндірістен экономикаға ауысу. Айырбас еңбек өнімін тауарға айналдырып, ал айырбастың өзін рынок жасайды. Яғни, “сатушы рыногі” қалыптасады.
3. Нарық экономикасы. Өндіруші өз алдына рынок құра алмайды. Нарық сатып алушылар болғанда ғана құрылады. Бұл кезде “тұтынушылар нарығы” қалыптасады.
Нарық қатынастары дегеніміз- сатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастар.
ҚР-сының нарықтық экономикаға өтуін 3 кезеңге бөлеміз:
а) І кезең- 1991-1993 жылдар мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру;
ә) ІІ-ші кезең- 1994-1995 жылдар нарық түрлерін дамыту;
б) ІІІ-ші кезең- 1995-2000 жылдар Қазақстанның әлемдік позицияда өз орнын алуы.
Нарық экономикасы дегеніміз- сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен реттелетін, тауарлар мен қызметтер айырбасының баламасымен, шаруашылық есепке, кәсіпкерлік қызметке негізделген экономика.
Нарық экономикасының артықшылықтары:
1) ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
2) өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
3) тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрект ету бостандығын қамтамасыз етеді;
Нарық экономикасының кемшіліктері:
1) табыс алуға кепілдік бермейді;
2) толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
3) қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;
5) ұжымдық пайдаланатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.
2. Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады:
1-ден, нарық - сұраныс пен ұсыныс қатынастары немесе сатушы мен сатып алушылардың өзара қатынастары;
2-ден, нарық- бұл тауарлар айырбасы қатынастарының жиынтығы, тауар өндірісі мен айналым заңы бойынша ұйымдастырылған айырбас;
3-ден, нарық- тауар мен ақша айналымы қатынастарының жиынтығы;
4-ден, нарық- өнімді өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын елдер арасындағы және елдің ішіндегі айырбас сферасы.
Нарықтың пайда болу шарттары:
А) қоғамдық еңбек бөлінісі;
ә) өндірушілердің экономикалық оқшаулануы;
б) өндіруші еркіндігі, кәсіпкерлік бостандық.
Нарықтың атқаратын 5 қызметі бар:
1. Ақпараттық;
2. Делдалдық;
3. Баға белгілеу;
4. Реттеуші;
5. Ынталандырушы.
3. Нарық бір-біріне байланысты жеке нарықтардың жүйесін көрсететін тауар айналымы қатынастарынығ дамыған жүйесі. Сондықтанда нарық өндірісті қамтамасыз ететін тікелей байланысты элементтерді, сонымен қатар материалдық және ақшалай элементтерді қарастырады.
Нарық құрылымы дегеніміз- тауарлық қатынастардың дамыған жүйесі ретінде әртүрлі өзара байланысты жеке нарықтардың жиынтығы.
Рыноктың экономикалық құрылымы мыналармен анықталады:
- меншік нысандарымен;
- тауар өндірушілер құрылымымен;
- тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
- шаруашылық құрылымдық бөлімшелерін жекешелендіру мен мемлекеттен алу деңгейі;
- елде пайдаланылатын сауда деңгейі.
Рынокты келесідей критерийлері бойынша бөлуге болады:
1.рыноктық қатынастар объектілерінің экономикалық қызметі бойынша:
- материалдық игіліктермен қызмет көрсетулер рыноктары;
- өндіріс құралдары рыноктары;
- ғылыми-техникалық жасалымдар рыноктары;
- құнды қағаздар рыногі;
- жұмыс күші рыногі.
2. Рыноктарды тауарлық топтар бойынша:
- өндірістік бағыттағы тауарлар рыногы;
- халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік тауарлары рыногы;
- шикізаттар мен материалдар рыноктары.
3. рыноктардың өндірістік белгілері бойынша:
- аймақ ішілік;
- аймақ аралық;
- ұлттық;
- халықаралық (әлемдік).
4. Бәсекені шектеу дәрежесі бойынша:
- монополиялық;
- олигополиялық;
- салааралық.
5. Рыноктық қатынастар субъектілерінің түрлері бойынша:
- сатып алушылар мен сатушылар ретінде кәсіпорындар мен ұйымдар жүретін көтерме сауда рыноктары;
- сатып алушылар ретінде жекелеген азаматтар жүретін бөлшек сауда рыноктары;
- ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алатын рыноктар.
6. Экономикадағы эаңдылықты сақтаудың ескерілуімен:
- ашық, ресми;
- ашық емес “жасырын”,”қара”.
4. Рыноктық инфрақұрылым- бұл ерекше рыноктар негізінде әрекет етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының жиынтығы, рыноктық экономика объектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен олардың белгілі бір нақты рыноктық кеңістіктегі бірлігін қамтамасыз ететін қызметтер түрлерінің жиынтығы.
Нарықтық инфрақұрылым 3 элементтен тұрады:
а) рынок түрлері;
ә) сауда саласы;
б) нарықтық институттар.
Нарықтық инфрақұрылым элементтері: тауар және қор биржалары, сауда үйлері, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, жәрменкелер, көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда өнеркәсіптік палаталар, кедендік мекемелер, түрлі қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелер.
5. Нарық механизмінің 5 негізгі элементі бар:
а) өндірушілер мен тұтынушылар;
ә) меншіктің жеке және аралас нысандары;
б) баға;
г) сұраным мен ұсыныс;
д) бәсеке.
Сұраныс дегеніміз - белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.
Сұраныс заңы:
А) баға мен сатыалынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;
ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.
Сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар 2-ге бөлінеді:
а) бағалық факторлар;
ә) бағалық емес факторлар.
Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді. Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:
а) баға;ә) бағалық емес фактрлар.
Нарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз- нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға.
6. Маркетинг ағылшынның “меркет” –нарық деген сөзінен шыққан.
Маркетинг - бұл өнімдерді айырбастау мақсатымен өндіру және сатып - орналастыруға байланысты қалыптасқан іс-әрекет. Оның міндеттері: а) алдын-ала іздестіру;ә) алдын-ала ойластыру; б) тұтынушыға керегін тауып беру, неге мұқтаж екенін анықтау.
Маркетингтің негізгі қызметтері:
1. айырбастау;
2. тауарларды тасу;
3. қосымша қызметтері.
Зерттеу объектісіне қарай маркетингтің 5 түрі болады: а) тауар;
а) қызмет көрсету;
б) ойлау;
в) инвестиция;
г) жаңарту.
Орналасу сферасына қарай: а) ішкі; ә) халықаралық.
Маркетингті құрандыларға келесілер жатады: а) өнім; ә) баға; б)ұсыну; в)сатып-өткізу.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Нарықтың пайда болуы мен қалыптасуының экономикалық және әлеуметтік шарттары.
2. Нарықтыңмәні.
3.Нарықтың құрылымы, рыноктың түрлері және олардың жіктелуі. Рыноктық инфроқұрылым. Биржа, банк, сауда, коммерция.
4. Нарықтық экономиканың артықшылықтары және кемшіліктері.
5. Нарықтық экономиканың модельдері.
6. Нарықтардың типтері, бәсеке түрлері және олардың негізгі сипаттамалары.
Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 9988 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!