Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 3. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік



Лекцияның мақсаты: Экономикалық институттардың мәнін, меншік қатынастары және құқықтық мазмұнын ашу.

1. Меншік түрлері мен формалары

2.Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру:этаптары, формалары, әдістері

1. Кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері мен формалары

2. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-құқықтық формалары

3. Экономикалық институттар мәні,ролі мен ерекшіліктер.

1. Меншік- күрделі де көпжақты құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.

Меншікті қарастырудың 2 тәсілдемесін ажырату керек:

1-ші, меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастыру. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысынан қатынастар.

2-ші, меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.

Меншіктік қатынастардың келесідей түрлері болады:

А) иемдену қатынастары;

ә) мүлікті шаруашылық пайдалану қатынастары;

б) меншікті экономикалық өткізу қатынастары.

Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:

а) екі жұп категорияларының өзара байланыстары: иемдеу-жатсыну;

ә) жекелену –қоғамдану сияқты категориялардың өзара байланысы;

б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;

в) табыстарды үйлестіру тәсілдері;

г) суъектілік-объектілік талдау.

Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдікрермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасқан санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

Меншік құқықтарын жүзеге асыру үшін меншік құқықтарының айрықшалануы өте маңызды.

Меншік құқықтарының айрықшалануы-бұл мншіктің объектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау.

Меншік субъектісінің 3 негізгі құқықтары бар:

А) иелік ету

ә) пайдалану;

б) билік ету.

2.Меншік- тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.

Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңбәрінде иемдену тәсілдерінің айырмашылықтары бар болғандықтан, түрлі иемдену нысандары немесе меншік нысандары ажыратылады. Оларға:

1) жеке иемдену нысандары;

2) ұжымдық иемдену нысандары;

3) қоғамдық иемдену нысандары.

Меншік түрлері мен формалары:

1. Жеке меншік:

А) еңбекке негізделген жеке меншік;

ә) еңбекке негізделмеген жеке меншік.

  1. Ұжымдық меншік:

а) серіктестіктер;

ә) кооперапивтік;

б) акционерлік;

в) біріккен.

  1. Қоғамдық меншік:

а) жалпы мемлекеттік;

ә) муниципалдық болып бөлінеді.

3.Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет иелігіне алу, жекешелендіру процестерімен байланысты.

Мемлекет иелігінен алу- мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шарралар жиынтығы.

Жекешелендіру- мемлекет қарамағындағы кәсіпорындарды жеке меншік компанияларға айналдыру.

Жекешелендіру формалары:

А) мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу;

б) мемлекеттік меншік объетілерін концессияға беру;

в) мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру;

г) еңбек ұжымының мүшелеріне сату;

д) адамдарға аукциондық және конкурстық әдіс арқылы сату.

Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесін 4 кезеңге бөліп қарауға болады:

І-ші кезең 1991-1992 жылдар арлығын қамтиды. Бұл кезеңде мемлекеттік орталықтандырылған –жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату.

ІІ-ші кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Жекешелендірудің 2-ші кезеңінің негізгі мақсаты- мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объетілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емс активтерді өтеусіз және өтеуімн өткізіп беру жолымен қайтаруды процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып табылады.

ІІІ-ші кезеңі 1996-1998 аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы 246 Қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылады.

3-ші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекшелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып табылады.

ІІІІ-шікезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтиды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы 683 қаулысымен бекітілген “1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылды.

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты- жекелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаранттық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету.

1. Кәсіпкерлік дегеніміз- меншіктік және қарызға алынған қаржылар есебінен тауар өндіру және қызметтер көрсету үшін, осылардың негізінде пайда табу барысында шаруашылық ұйым құру. Кәсіпкерлікпен айналысатын адамды кәсіпкер деп атайды. Ол тиімді тәсілдерді амл ретінде таңдап ұйымдастырады, жаңалыққа жаны жақын, тәуекелшіл, іскер адам. Кәсіпкер үшін ең негізгісі- пайда табу.

Кәсіпкердің пайдасы мен меншік иесі кірісі арасындағы айырмашылықтарды білуіміз қажет.

Меншік иесінің табысының түрлері:

А) дивиденд;

ә) депозидтік процент;

б) рента.

Меншік иесінің белгілі бір білімі болмайды, бірақ ол өзінің қолындағысын жалға беру арқылы пайда табады. Ал, кәсіпкер үшін басты ақша емес, оның білімі, тапқырлығы болып табылады. Кәсіпкер тәуекелшілікке салынып, өзінің білімі арқасында өнім өндіріп пайда табатын адам. Сондықтан да кәсіпкер- нарықтың белсенді агенті, ал меншік иесі нарықтың пассивті агенті.

Ұйымдасуына қарай кәсіпкерлік 3-ке бөлінеді:

А) жеке-дара;

ә) аралас;

б) мемлекеттік.

2. Меншік түрінің көптүрлілігі нарық экономикасын ұйымдастырудың шарты. Ол кәсіпкерлік формасының көптүрлілігін көрсетеді.

Қазіргі кезде экономика капиталға деген жеке меншіктікті көрсетпейді, ол ұйымдық формасына көп көңіл бөледі. Сондықтан біз кәсіпкерліктің 2 формасын қарастырамыз:

А) ұйымды-құқықтық;

ә) ұйымды-экономикалық.

Ұйымды-құқықтық формасына бастапқы кезде заңды түрде ұйымдасқан кәсіпкерлік қызмет жатады. Оның келесідей формалары бар:

1. Жеке фирма;

2. Серіктестік: толық, аралас, жауапкершілігі шектелген;

3. Мемлекеттік кәсіпорындар;

4. акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі).

Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам.

Серіктестік- жеке адам мен заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша бірге жауап береді.

Акционерлік қоғам- бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам.

Кооператив- бұл қоғам қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау.

Мемлекеттік кәсіпорындар-бұл заңды, экономикалық дербестігі жоқ кәсіпорындар.

3. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-экономикалық формасы дегеніміз- ұйымдасқан түрде қызмет жүргізу барысында кәсіпкерлердің арасындағы келісімдік кәсіпорындар.

Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

1. Картель- бұл баға жөнінде нарықта өнімді өткізу жөнінде бір саладағы кәсіпкерлер арасындағы келісім.

2. Синдикат- бір саланың кәсіпкерлері арасында бәсекені жою мақсатында біріктіріп өнімдерін өткізу ұйымы.

3. Концорциум- ірі қаржы операцияларын біріктіріп жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кәсіпкерлер ұйымы.

4. Концерн- көпсалалы акционерлік қоғам.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Меншіктің экономикалық жоне күқықтық мазмүны.

2.Иемдену жөне меншіктен айыру қатынастары.

3.Меншік нысандары.

4.Меншік нысандарының көптүрлі болуының объективтік қажеттіліктері мен себептері.

5.Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-құқықтық формалары

6.Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-экономикалық түрлері

7. Фирма-ұлттық шаруашылықтың негізі





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 6663 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...