Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 11. Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу



Лекцияның мақсаты: Жиынтық сұраным мен ұсынымның факторларын, макроэконеомикалық тепе-теңдікті, экономикалық өсу және оның қарқынын толық қарастыру.

1. Жиынтық сұраным

2. Жиынтық ұсыным

3. Макроэкономикалық тепе-теңдік

4. Экономиклық өсу және өсу қарқындары

5. Экономикалық өсу ресурстары

1. Жиынтық сұраным дегеніміз - белгілі бір баға деңгейімен ұсынылған жалпы тауарлар мен қызметтер көлеміне сұраныс. Ол тұтынушылардың, кәсіпорындардың, мемлекеттің жалпы сұранысын көрсетеді.

Жиынтық сұраным инфляция деңгейімен сәйкестендірілген нақты ЖҰӨ элементтерінің ақшалай сұранымын көрсетеді. Ақшаның сандық теориясына сәйкес, жиынтық сұраным (АД) келесі формула бойынша есептеледі:

М*У

АД= ----------;

Р

АД- жиынтық сұраным;

М- айналыстағы ақша саны;

У- табыс қозғалысындағы ақшаның айналу жылдамдығы;

Р- баға деңгейі.

Жиынтық сұраныс қисығы тауар сұранысы қисығы сияқты сұранымның кему заңымен мінезделеді. Ұлттық өнімге деген сұраным жоғары болады, егерде ақшаның айналу жылдамдығы және айналымдағы ақша массасы жоғарласа.

Жиынтық сұраным мен баға деңгнйі арасындағы байланыс кері болып табылады. Жиынтық сұраным тұтыну мен инвестициялық тауарларға деген сұранымды көрсетеді.

Жиынтық сұранымға әсер ететін факторлар:

1. Процент ставкасы;

2. Инфляция деңгейі;

3. Импорттық тауарлар санының өсуі;

4. Тұтынушылар күтімі;

5. Қалыптасқан салықты инвестициялық режим.

2. Жиынтық ұсыным дегеніміз - өндірілген ұлттық өнімнің барлық элементтерінің ақшалай көрінісіндегі ұсынымның топтастырылған деңгейі.

Жиынтық ұсыным- бұл қалыптасқан баға деңгейіне сәйкес ұсынылатын және өндірілетін тауарлар менқызметтердің жалпы саны.

Баға деңгейі мен жиынтық ұсыным арасында тура қатынас болады. Баға деңгейі өскен сайын ұсыным да өседі.

Баға индексін есептеу үшін нақты уақыттағы анықталған жиынтықтағы тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасын базалық уақыттағы сондай тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасына бөлеміз.

Жиынтық ұсыным құрылған ұлттық өнім мөлшері мен баға өзгеруінің ұдайы өндірісін көрсетеді.

Жиынтық ұсынымның өзгеруіне әсер ететін факторлар:

а) шығынның үлестік деңгейі;

ә) өндіру деңгейі;

б) өндіріс факторлары жүйесіндегі өзгерістер;

в) өндірістік аппараттағы, ғылыми-техникалық, интелектуальды және ұлттың мәдени-білім деңгейіндегі өзгертулер;

г) мемлекеттік саясат.

3.Жиынтық сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін инфляция қарқыны мен нақты ұлттық өнім көлемі (баға өзгеріссіз қалған кездегі өнім құны) экономиканың жалпы макроэкономикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Жиынтық сұраным жиынтық ұсынымға тең болғанда, экономикалық тепе-теңдік қалыптасады.

Кез-келген ұлттық экономикада нақты ЖҰӨ көлемінің өсуі, инфляциялық процестердің жылдамдауына алып келеді.

Егер де нақты ЖҰӨ-нің ағымдағы өндірісі белгіленген потенциалдан төмен болса, онда жұмыссыздық деңгейін, жиынтық сұранымды өсіруді ынталандыру арқылы төмендетуге болады.

Мұндай жағдайға жету үшін, мемлекеттің экономикалық саясатының 3 негізгі құралы қолданылады:

1) салықтарды төмендету;

2) ақша массасын көбейту;

3) мемлекеттік шығынды өсіру.

1. Экономикалық өсу дегеніміз - белгілі бір мерзімде елдегі шығарылатын тауарлар мен қызметтер көлемінің өзгеруі. Ол мемлекеттік саясаттың әлеуметті-экономиклық мақсаттарының бірі. Оны процент пен немесе салыстырмалы көлемде былтырғы жылменсалыстыруарқылыанықтауғаболады.

Экономикалық өсуге келесідей фокторлар әсерін тигізеді:

а) ғылыми-техникалық прогресс; ә) демографиялық өзгерулер; б) табиғи ресурстар көлемі; в) әлеуметтік факторлар.

Экономикалық өсу- экономиканың дамуын көрсетеді. Бұл кезде ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсуі қалыптасады.

Экономикалық өсу параметрлері, оның динамикасы экономиканы мемлекеттік реттеуде, ұлттық шаруашылық дамуын мінездеу үшін қолданылады. Экономикалық өсу, оның шаруашылық потенциалына ғана емес, сонымен қатар сыртқыэкономикалық және сыртқы саяси факторларға да байланысты.

Экономикалық өсудің 2 типі бар:

1) экстенсивті өсу- ұлтттық өнімді қосымша өндірістік факторларды тарту есебінен жоғарлату.

2) Интенсивті өсу- ҒТП есебінен, яғни жетілген өндіріс факторлары мен технологияны қолдану арқылы ұлттық өнім көлемін өсіру.

2. Экономиклық өсуді оның қарқындарының мөлшерінен көруге болады. Экономикалық өсу қарқынынының 4 түрі болады:

а) жоғары қарқын. Бұл жағдайда қоғам көп өнім алады және өз қажеттігін жоғары деңгейде қанағаттандырады. Бірақ өнімнің сапасы төмен болады, өндірістік өсімнің құрылымы төмендейді.

ә) нөлді қарқын- өндірілетін өнім көлемі өзгеріссіз қайталанады;

б) теріс қарқын – ұлттық экономикадағы дағдарыстарға байланысты өндірілетін өнім көлемінің салыстырмалы азаюы;

в) оптималды қарқын- экономиканың дағдарыстан шығып көтерілуін көрсетеді. Бұл жағдайда ұлтттық экономикада тепе-теңдік қалыптасады.

Макроэкономикалық деңгейде экономикалық өсу динамикасының көрсеткіштері болып саналады:

1. ЖҰӨ немесе ҰТ көлемінің өсуі;

2. ЖҰӨ мен 1 адамға шаққандағы ҰТ көлемінің өсу темпі;

3. өнеркәсіптік өндірістің толығымен, негізгі салалар бойынша және 1 адамға шаққандағы өсуінің темпі.

3. Экономикалық өсу бірнеше фактормен анықталады. Экономикалық ғылымда кең тараған өндірістің 3 факторы бар: еңбек және кәсіпкерлік мүмкіншілік; жер, капитал.

Ішкі және сыртқы элементтеріне қарай экономикалық өсу факторларын 2-ге бөлеміз: сыртқы және ішкі.

Сандық және сапалық өсуге байланысты факторларды 2 топқа бөлеміз: 1) экстенсивті фактрлар:

- технология деңгейінің сақталуы кезінде инвестиция көлемінің өсуі;

- жұмыспен қамтылған жұмысшылардың көбеюі;

- тұтынылатын шикізат, отын, материалдар көлемінің өсуі.

3) интенсивті факторлар:

- ҒТП-тің жылдамдауы;

- Жұмыскерлердің квалификациялық деңгейінің жоғарлауы;

- Негізгі және айнымалы факторларды қолданудыжоғарлату;

- өндіріс тиімділігін оның ең жақсы ұйымы есебінен жоғарлату.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Жиынтық сұраным оның есептелінуі.

2. Жиынтық сұранымның өзгеруіне әсер ететін факторлар.

3.Жиынтық ұсыным.

4.Жиынтық ұсынымның өзгеруіне әсер ететін факторлар

5. Экономикалық өсуге.

6. Экономикалық өсуге фокторлардың әсері.

7. Экономикалық өсудің типтері.

8. Экономикалық өсу қарқынынының түрлері.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 1370 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...