Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сурет бойынша түсіндіру



d sin φ= κλ

Қазіргі дифракциялық торлардың 1мм –де 1200 штрих бар.

Өте аз бұрыш үшін sin φ = tg φ алуға болады.

Жарық-ң қысымы. Егер фотондардың импульсы болса, онда жарық денеге түскенде оған қысым көрсетуі керек.

Жарықтың бетке нормаль бойымен түскендегі қысымы мынаған тең болады: (9)

Мұнда - жарықтың интенсивтігі

- жарықтың шағылу коэффициенті

- жарықтың вакуумдағы жылдамдығы

Егер дене түскен жарықты толық жұтатын болса, онда болады да, жарық қысымы мынаған тең болады: ;

Егер денеге түскен жарық түгел шағылатын болса, онда болады да, жарық қысымы былай өрнектеледі:

Сөйтіп идеал айнаға түсетін жарық қысымы абсолют қара денеге түсетін жарық қысымынан екі есе артық болады.

Кванттық тұрғыдан шығарылған осы формула электромагниттік теорияда алынған формуламен дәл келеді. Сонымен, жарық қысымы толқындық та, кванттық та теориямен сәтті түсіндіріледі.

Жарық-ң поляризациясы. жарық толқынының электр және магнит өрістері кернеуліктерівекторларының (Е және Н) жарық сәулесі жазықтығына перпендикуляр жазықтықта бағдарлануының реттелуі. Электр өрісі кернеулігі (Е) мен жарық сәулесі жататын жазықтық полярлану жазықтығы деп аталады. Жарықтың полярлынуы сызықтық жарықтың полярлынуы (Е өзінің тұрақты бағытын сақтайды), эллипстік Жарықтың полярлынуы (Е-нің ұшы жарық сәулесінеперпендикуляр жазықтықта эллипс сызады) және дөңгелек жарықтың полярлынуы (Е-нің ұшы шеңбер сызады) болып ажыратылады. Жарықтың полярлануын полярланған приборлар, поляроидтар, т.б. арқылы алуға болады. Жарықтың полярлануы зат құрылысының кейбір ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік береді. “ Жарықтың полярлануы ” ұғымын И.Ньютон енгізген (1704 — 06).

Жарықтың интерференциясы. Екі немесе одан да көп когерентті жарық толқындарының кеңістікте қабаттасуынан пайда болатын құбылыс жарық интерференциясы деп аталады. Жарық толқындарының кеңістікте қабаттасуының нәтижесінде кеңістіктің әр түрлі нүктелерінде қорытқы толқынның амплитудасы күшейеді немесе әлсірейді.

Айталық, берілген M нүктесінде циклдік жиілігі екі монохромат толқын екі тербеліс тудырсын және М нүктесіне дейін бір толқын сыну көрсеткіші n1 ортадан фазалық жылдамдықпен s1 жол жүрсін, ал екінші толқын n2 ортадан фазалық жылдамдықпен s2 жолын жүрсін:

Қорытқы тербелістің амплитудасы:

Қорытқы толқынның интенсивтілігі :

М нүктесінде пайда болған тербелістердің фазаларының айырмасы төмендегі өрнекпен анықталады:

(мұндағы ; - толқынның вакуумдағы ұзындығы).





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1240 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...