Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Параллелепипед



Ең алдымен каркастан жасалған параллелепипед құрастырайық.

1. LM арқылы Geometry (Геометрия) батырмасын шертіп, түрлі объектілер тізімінен Extended Primitives таңдайық. Object Type бөлімінде стандартты примитивтерге сәйкес келетін типтер пайда болады.

1.2-сурет. Geometry батырмасын шерткендегі құралдар панелі.

2. LM-мен Chamfer Box батырмасын шертіңіз.

3. LM-ді Perspecntive шертіңіз де батырманы жібермей тұрып курсорды диагональ арқылы сүйреңіз.

4. Содан кейін негіздің ені мен ұзындығын белгілеу үшін тінтуір батырмасын жібере салыңыз.

5. Жіберілген курсорды төмен немесе жоғары қозғалтсаңыз, параллелепипедтің биіктігін беруге болады. Ол үшін Height параметрін қадағалап отырыңыз.

6. LM-ді биіктікті белгілеу үшін шертіңіз. Тіңтуірді шерткеннен кейін біраз уақыт курсорды жоғары ұстап тұрып, LM-ді шертеміз. Сіз белгілеген қашықтық 45°-қа сәйкес фасканың еніне сәйкес келеді.

Фасканың биіктігін беру үшін Fillet параметрін қолдануға болады.

7. Жоғарғы бөлікті тегістеу үшін Smooth фаскасын іске қосыңыз. Нәтижесінде құрылған параллелепипед 1.3 – суреттегідей түрге енеді.

1.3-сурет. Фаскамен құрылған параллелепипед.

Біз құрған параллелепипедтің сегмент сандары 1-ге тең болды. Сегменттер санын өзгерту үшін, Lengt Segs және Width Segs параметрлерін көрінетіндей етіп шығару керек. Сегмент сандарын көбейту объектінің торлық бөлігін редактрлеу үшін қажет. Фаска көлеміндегі сегметтерді Fillet Segs параметрі арқылы беруге болады.


Фаскамен құрылған цилиндр.

1. Create командалық панеліндегі Geometry батырмасын басып, Extended Primitives нұсқасын таңдағаннан кейін Chamfer Cyl батырмасын басыңыз. Осы әрекеттердің арқасында цилиндр, цилиндрлік сектор және көптобелі призмалар құруға болады.

2. Цилиндр негізін құру үшін Creation Metod ауыстырып қосқышын Edge жағдайына келтіреміз.

3. LM-ді цилиндрдің негізі құрылатын жерде шертіп, курсорды жібермей үстап тұрып, жоғары/төмен қозғалтамыз. Тінтуірді радиус өлшемін белгілегеннен кейін жібере саламыз. Radius параметрі Parameters бөлігінде негіз радиусының өзгерісін көрсетеді.

4. Осы арқылы цилиндр негізінің ұзындығын беруге болады. LM-д ұзындықты белгілеу үшін шертеміз. Курсорды шерткеннен кейін оны тағы да жоғарырақ көтеріп, LM-д басамыз. Сіз белгілеген аралық 45°-қа сәйкес фасканың еніне сәйкес келеді.

5. Parameters бөлігіндегі келесі параметрлер мәнін беріңіз.

· Height – цилиндр биіктігі;

· Heigth Segments – үстінгі бөліктің сегменттерінің саны;

· Cap Segments – радиус бойынща сегменттер саны;

· Fillet – фаска көлемі;

· Fillet Segs – фаска бойынша сегменттер саны.

1.4-сурет. Фаскамен құрылған цилиндр.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 623 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...