Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәннің қысқаша сипаттамасы



Компьютерлік графика – программалық және аппараттық есептеу комплекстердің көмегімен бейнелерді құру және және өңдеу әдістері мен құралдарың зерттейтін информатиканың арнайы аумағы. Компьютерлік графиканың кең дамыған бөлігі 3D графика болып табылады.

3ds max бағдарламасы - қазіргі танда күн санап дамып келе жатқан ең үздік бағдарламаның бірі. Бұл бағдарламаның атқаратын қызметтері шексіз, ал мүмкіндіктері өте ауқым ды деп айтуға болады. 3ds max үш өлшемді компьютерлік графика бағдарламаларының тобына кіреді, немесе оны 3d-графика (3 dimensional-үш өлшемді) деп те атайды. Сонымен қатар, осы бағдарламаның көмегімен жекелеген суретті синтездеуге жэне нақты немесе ойдан шығарылған өмірдегі суреттік қойылымдарды ықшамдап көрсетіп, осындай суреттік кадрлар тізбегін анимация деп аталатын объекттің қозғалысы түрінде байқауға болады

Оқу сабақтары интерактивті лекциялар және практикалық жұмыстар, консультациялар түрінде өткізіледі.

Пәннің мақсаты мен міндеті:

Үш өлшемді графиканың негізгі түсініктері мен принциптері туралы білім қалыптастыру, үш өлшемді объектілерді құруға арналған программаларда жұмыс істеу дағдыларың қалыптастыру.

3D Studio Max негізгі түсініктерін меңгеру; 3D Studio Max негізгі жүмыстары мен үшөлшемді моделдеуде және анимацияда оның мүмкіндіктерін меңгеру; объектілерді белгілеу жэне басқа түрге келтіру; объектілерді редакторлау жэне модификациялауды үйрету; материалдарды құру жэне қолдануы; қазіргі ортаның эртүрлі салаларында 3D Studio Max програмасының эдістерін жэне тэсілдерімен танысу.

Курсты оқу нәтижесінде студенттер мына білімдер мен дағдыларға қол жеткізулері тиіс:

- компьютерлік графиканың негізгі әдістерін және түсініктерін;

- оқылатың программалық құралдармен негізгі жұмыс жасау әдістемесін;

- программалық өнімдердін ерекшеліктерін және оларды қолдану аймақтарын;

- программалық өнімдердін құру жолдарың;

- үш өлшемді объектілерді, анимацияларды модельдеуді үйренеді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 647 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...