Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Иілмелі түйіндер



1. Create командалық панеліндегі Geometry батырмасын шертіп, Extended Primitives тізіміндегі Torus Knot батырмасын шертіңіз. Осы әрекеттердің арқасында кеңістіктегі иілмелі құбырлар тобын құрып, олардың формасымен өлшемін жасауға болады.

2. Creation Metod ауыстырып қосқышын Diameter қалпына келтіру керек. Иілмелі түіндерді радиусы бойынша құру үшін Radius ауыстырып қосқышын қою керек.

3. Базалық қисық шеңбер қалыпты болу үшін Base Curve бөліміндеге Circle акыстырып қосқышын қосамыз.

4. Warp Count параметрін 3-ке және Warp Heigth параметрін 0,8-ге тең етіп орнатайық. Бұл мәндердің көлемі базалық қисықтың радиусына байланысты.

5. LM-ді түйіннің бастапқы нүктесіне қойып, курсорды жібермей үстап тұрып, жоғары/төмен қозғалтамыз. Тінтуірді радиус өлшемін белгілегеннен кейін жібере саламыз. Radius параметрі Base Curve бөлігінде негіз радиусының өзгерісін көрсетсе, ал Cross Section бөлігіндегі радиус мәні құбырлардың қиылысу радиусын көрсетеді.

6. Түйіндердің қиылысу түйінін шеңберден эллипске ауыстырайық. Ол үшін Cross Section бөлігіндегі Eccentrecity өлшемін баптаңыз. Құрылған иілмелі түйіндер 1.6-суреттегідей түрге енеді. Базалық қисық үшөлшемді түйіннің түріне енуі үшін Base Curve бөлігіндегі Knot ауыстырып қосқышын қосу керек.

1.5-сурет. Иілмелі түйіндердің параметрлері кестесі.

7. Басқа конфигурациялы параметрлер арқылы тағы бір түйін құрастырайық. Knot ауыстырып қосқышын қосып, мынадай параметрлерді беріңіз: Р=2, Q=3. Нәтижесі 1.6 – суретте көрсетілген.

1.6-сурет. Нәтижесі

P және Q параметрлері иілгіш түйіндердің айналма санын анықтайды. Тура осылай Twist,Lump Height және Lump Offset параметрін баптаймыз.

1.7-сурет. 1.8-сурет.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 415 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...