Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Программаны жүктеу



Ең алғашқы жұмысымызды программаны жүктеу мен ондағы қарапайым геометриялық фигураларды жасаудан бастайық. Сондай-ақ осы фигуралардың сыртқы материалы мен оның түсінің параметрлерін өзгерте отырып, оны қозғалысқа келтірейік. Осы құбылыстардың өзі 3D Studio MAX программасының негізгі мүмкіндіктерін кеңінен түсінуге мүмкіндік береді.

1. Программаны іске қосу үшін тінтуірдің сол жағымен Windows жүйесінің Пуск батырмасын басыңыз.

2. 3dsmax жарлығын іздеп тауып, сол жерді шертіңіз.

1-сурет. 3D Studio MAX жарлығының жалпы түрі

Ары қарай жазбаларды қысқарту үшін біз тінтуірдің сол жақ батырмасы үшін LM мәнін қолданатын боламыз. Программа іске қосылып тұр. Оны жүктегеннен кейін 3D Studio MAX программасының интерфесі шығады. Программаның жұмыс өрісі жобалар терезесіне бөлінеді. Үнсіз түрде экранда жобаның төрт терезешігі пайда болады: Top (төбесінен қарау), Front (алдынан қарау), Left (сол жағынан қарау) және Perspecntive (перспектива). Бір мезгілде тек бір ғана терезе белсенді болады. Белсенді терезенің жиектері ақ түспен қоршалған.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 743 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...