Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рашид Нугманов (19.03.1954) – кинорежиссер, сценарист



Туған жері Алматы қаласы. Қазақ мемлекеттік политехникалық

институтының архитектура факультетің 1977 жылы бітірген. 1989 жылы Бүкілодақтық кинематографистер институтының режиссура бөлімін (С.Соловьев шеберханасы) аяқтаған. Политехникалық институты бітірген соң «Казграждансельпроект» институтында аға архитектор болып қызмет жасайды. Алматы облысының мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамдық кеңесінің жауапты хатшысы, 500 елдің ескерткіштерін суреттеген автор болып Қаз.ССР мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамдық Орталық кеңесінде кеңесші қызметін (1981-84) атқарды. 1984 жылы Қазақстан шығармашылық тобының құрамында конкусқа қатысып, сол жылы С.Соловьевтың эксперименттік шеберханасына оқуға түсті. Рашид Нұғманов оқып жүріп өзінің сценарийі бойынша өте даулы болған екі қысқаметражды «Йа-хха» және «Искусство быть смирным» (киноальманахта «Любовь мы сохраним», 1987) картиналары болды. Қазақ киносын және авторды халықаралық деңгейге жеткізген Р.Нұғманов өзінің танымал «Ине» фильмін 1988 жылы түсірді. Фильм 1990 жылы ФРГ-да Нюрнгри қаласында халықаралық кинофестивальде басты сыйлықты иеленді, ал басты ролді сомдаған әнші В.Цой «Советский экран» сұрауы бойынша 1989 жылы үздік актер атанды.

«Режиссер өз кейіпкері туралы: Ол алғаш В.Цойды көргенде өз фильмінде ойнайтын актерді емес өз кейіпкерін (типаж) көргендей болғаның айтады. Ал В.Цой өз кейіпкері туралы: Бұл фильмінің кейіпкері бір жағынан ойлағанда еш жақтан келмеген адам сияқты, ол рухы жағынан маған өте жақын. Мен фильмде ештеңкеніде ойнамадым, жалпы осындай жағдайларда мен өзімді қалай ұстар едім (әрине сценраий бойынша) солай болды». 1.

1992 жылы «Дикий Восток» фильмін түсірді. 1988-89 жылы «Қазахфильм» киностудиясында «Әлем» шығармашылық-өндіріс бірлестігінің көркемдік жетекшісі болды. 1993 жылдан шет елде тұрады және жұмыс жасайды.

Серік Апрымов (1960 жылы туған) – кинорежиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Туған жері Семей аймағы Ақсуат ауданы. Мектептен кейін Алматы Индустриальдық техникумды оқыды. Әскерден кейін 1980 жылдар басында «Қазақфильм» киностудиясында жүргізуші, администратор, режиссердің ассисенті болып жұмыстар атқарды. Сергей Соловьев шеберханасына жарияланған конкурсқа қатысып, Бүкілодақтық кинематографистер институтының режиссура бөліміне 1984 жылы оқуға түсіп, 1989 жылы тәмәмдады. 1992 жылы Лонданда орналасқан Би-Би-Си компониясына екінші режиссер ретінде жұмысқа шақырылды.

ВГИК-та оқуда жүргенде Апрымов «Двое ехали на мотоцикле» (1987, «Молодость» фестивалінде Гран-при Киев-89, Грани-при Баку-89, Лондон-89), «Гипнотизер» атты екі қысқаметражды фильмін түсірді. Фильмде жаңаша формада, кинематографиялық тілмен ерекше мәнерлі, өте астарлы және жеңіл әзілмен, сондай-ақ өзінің кейіпкерлеріне деген жылы қарам-қатынасты бере білген. Толықметражды дипломдық фильмі «Соңғы аялдама» Канн кинофестивалінде сыншылар аптасында көрсетілді. Бұл фильмде эстетикалық принциптер... – шынайлыққа сенім, актердың орнына көшеден адамдар алу, павильонда орналасқан декорациядан гөрі шынайы-табиғилықта, объективтік таза шынайлықты түсірді. С.Апрымовтың картиналарында көрерменнің қабылдауын талап ететін кеңес кезеңіндегі идеологиялық саясат және қазіргі таңдағы уақыттың саясаты жоқ. «Соңғы аялдама» фильміне режиссурасы үшін Киевтегі «Молодость» МКФ Гран-при алды. Фильмде бір ғана кәсіби театр актеры ойнайды. Ал, қалғандары Ақсуат тұрғындары. Фильмде абсурд сөздер, ара қатынастар т.б. көп делінген. Ал, бұл деректілікті режиссер «адамдар өмірінде көп нәрсе абсурд» деп түсіндіреді. Оның екінші «Түс ішіндегі түс» (1993) фильмінде қала өміріндегі тірішілік, онда режиссер түс, ойын, алып қиялға құрған. Режиссер «Ақсуат» (1997ж.) («Евразия» Алматы-98 фестивалінде әділ қазылар алқасының арнайы жүлдесі, Нант-99 жюри сыйлығы) фильмінде қайтадан өз шығармашылығының қайнар көзі ауыл тақырыбына қайта келеді. Ол бірінші фильмінің поэтикасы еді. Адам және қоғам. Экранда қазіргі таңдағы әлемдегі жеке адамның тұрмыстың ең негізгі категориясы шығарманың материалдық және руханилығын сақтай отырып, өзара өте үйлесімді құралады. Құрдымға кеткен ауыл бейнесі. «Ақсуат» және «Соңғы аялдама» фильмдерінде кері кетуді сыртқы белгілерін қатты әйгілемей-ақ басқа бір денгейде шешілген қйындықта көрсеткен. 2000 жылы режиссер балалар тақырыбында «Үш ағайынды» (Токио-2000 Гран-при, Нант-2000 публика сыйлығы, Анапа-2000 жюри сыйлығы) фильімн түсірді. «Аңшы» (2004) фильмінде ол идеалды қазақтар туралы этнографиялық фильм болды.

Серік Апрымов – Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты. Оның фильмдері Халықаралық 18 сыйлықтармен марапатталған.

Дәріжан Өмірбаев – (1958 жылы туғын) кинорежиссер, сценарист, кинотанушы. Туған жері Жамбыл аймағы. Д.Өмірбаев 1980 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің математика факультетін бітірген. 1984 жылы Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематографистер институтының ружссура факультетінде С.Соловьевтың шеберханасына түсті де, кейін одан кетіп қалды. 1987 жылы ВГИК-та кинотану бөлімін бтірген соң, Метц, Пазолини, Якобсон және Митри бойынша кинематографияның структуралық қортындысымен (анализ) айналысты. Бұдан кейін «Новый фильм» журналының редакторы болып қызмет атқара жүріп фильмдер түсірді. Д.Өмірбаев өзінің алғашқы қысқаметражды «Шілде» фильмінің сценарийін кинодраматург Лейла Ахинжановамен бірге жазды. Фильм 1988 жылы түсірілді. Ал, 1991 жылы толықметаржды дипломдық фильмі «Қайрат» (сц.авт. Д.Өмірбаев, опер. А.Сулеев) болды. Фильм «Серебряный леопард» Локарно-92, ең үздік бейнелеу шешімі үшін Ашхабад-90 сыйлығымен, Страсбург-93, Нант-92, Алматы-93 Гран-приіне ие болды. 1993 жылы «Профессия-контролер» деректі фильмін түсірді. Режиссер «Кардиограмма» (1995ж. опер. Б.Трошев, суртшісі С.Құрманбеков) фильмімен балалар тақырыбына келеді. Бұдан кейін «Кадам» НПИ - продюссерлік фирмасында «Киллер» (1998ж. сц.авторлары Д.Өмірбаев, Л.Жексембаева, опер.Б.Трошев) фильмі «Қайрат» фильмінің жалғасы деп қарауға болады, Қайрат есейген, қала тірлігіне үйренген, автобус жүргізушісі енді институт директорының шоферы, сондай-ақ жатаханадан кетіп, өзінің жеке меншік квартирасына тұрып жатыр. Фильм басындағы бірнеше кадрлардағы барахолка, директормен болған радиодағы сұқбат, ұйықтап жатқан сақшының ұзақ планы, директордың шығар есікті таппай адасуы осының бәрі уақытты бейнелі жақсы көрсеткен. Қазақ киносында «Киллер» фильмі екінші болып (бірінші 1964 жылы А.Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа») Каннда «Особый взгляд» бағдарламасынның әділ қазылар сыйлығын иеленді.

2001 жылы Даріжан Өмірбаев француздар ақшасына «Жол» фильмін түсірді. Дәріжан Өмірбаев соңғы уақытта орыс классик жазушыларының шығармаларын экранға шығарды. Чеховтың «Махаббат туралы» әңгімесінің желісімен «Махаббат туралы» фильмін қазіргі таңдағы заман бейнесіне қарай экрандалды.

Д.Өмірбаев өз режиссурасы туралы: «Мен өнер туындысында басты нәрсе мазмұн емес – форма, шындық емес – стиль. Фильм емес – кинематограф деп есептесем де, фильмге негізгі материал болып өзіндік тәжірибем қызмет етеді»,-дейді. 1.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 548 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...