Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

КСРО ОК 1985 ж. сәуір пленумы және қайта құру



Би­лік­ке кел­ген М.Гор­ба­чев бір айдан кейін 1985 жыл­ғы сәуір­де­гі Ор­та­лық Ко­ми­тет­тің Пле­ну­мін­да жа­ңа саяси ба­ғыт­қа кө­шу ту­ра­лы жа­рияла­ды. Ол бойын­ша қо­ғам­да са­па­лық жа­ғы­нан те­рең өз­ге­ріс­тер жүр­гі­зу ке­рек бол­ды. Со­ны­мен қа­тар эко­но­ми­ка мен әлеумет­тік са­ла­ны өр­кен­де­ту ту­ра­лы ша­ра­лар бел­гі­лен­ді.

Қо­ғам­ды жа­ңар­ту­да­ғы бас­ты мә­се­ле ре­тін­де мем­ле­кет­тің әлеумет­тік-эко­но­ми­ка­лық өр­кен­деуін же­дел­де­ту деп көр­се­тіл­ді. Же­дел­де­ту­дің бас­ты мақ­сат­та­рын ше­шу үшін: ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық жа­ңа­лық­тар­ды пайда­ла­ну, эко­но­ми­ка­ны бас­қа­ру­ды өз­гер­ту, кә­сі­по­рын­дар­дың құ­қын ке­ңейту, ша­руашы­лық есеп­ке кө­шу, ең­бек тәр­ті­бін кү­шейту, жа­ңа кә­сі­по­рын­дар са­лу жә­не ес­кі­ле­рін­де мо­дер­ни­за­ция жүр­гі­зу ке­рек деп көр­се­тіл­ді. Ма­ши­на жа­сау са­ла­ла­ры­на ерек­ше мән бе­ріл­ді. Олар­дың өн­ді­рі­сі бас­қа са­ла­лар­мен са­лыс­тыр­ған­да 1,7 есе тез да­ми­тын бол­ды. Жа­ңа ба­ғыт­тың ав­тор­ла­ры ма­ши­на жа­сау са­ла­ла­рын да­мы­ту ар­қы­лы бү­кіл ха­лық ша­руашы­лық ком­плек­сін­де тех­ни­ка­лық ре­конструк­ция жүр­гі­зіп, сол ар­қы­лы бір­қа­тар әлеумет­тік мә­се­ле­лер­ді шеш­кі­сі кел­ді.

Әлеумет­тік-эко­но­ми­ка­лық же­дел­де­ту мен қа­тар қо­ғам­дық-саяси өмір­ді жа­ңар­ту­да ерек­ше рөл ат­қар­ған. осы кез­де жүр­гі­зі­ле бас­та­ған «жа­риялы­лық» саяса­ты еді. Ол бойын­ша цен­зу­ра жойылып, бар­лық аймақ­тар­да әр­түр­лі ба­ғыт­та­ғы га­зет пен жур­нал­дар жә­не кі­тап­тар шы­ға­ру­ға рұқ­сат бе­ріл­ді. Осы­ның бар­лы­ғы ха­лық­тың ара­сын­да әлеумет­тік бел­сен­ді­лік ту­ғыз­ды. Қыс­қа мер­зім­де көп­те­ген қо­ғам­дық ұйым­дар құ­ры­лып, олар М.Гор­ба­чев ре­фор­ма­сы­ның «же­дел­де­ту», «жа­риялы­лық» жә­не «қайта құ­ру» де­ген үш ұра­нын қол­дап шық­ты. Со­ны­мен қа­тар үкі­мет­тің жа­ңа ба­ғы­ты көп­те­ген кез­де­су­лер мен ми­тин­гтер­де тал­қы­ла­нып, қол­дау тап­ты. Ал бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры КСРО-ң да­му стра­те­гиясы бойын­ша көп­те­ген пі­кір­сайыс­тар өт­кіз­ді. Олар­да әр­түр­лі көз­қа­рас­тар байқа­лып жат­ты.

Қо­ғам­ды жа­ңар­ту саяса­тын жүр­гі­зе бас­та­ған­да М.Гор­ба­чев­ке үш ба­ғыт­та­ғы күш­тер­мен есеп­те­су­ге тұ­ра кел­ді. Олар: 1) бұ­рын­ғы Бреж­нев­тің адам­да­ры, 2) жа­ңа ба­ғыт­ты қол­да­ған пар­ток­рат­тар, 3) көз­қа­рас­та­ры Еуро­па со­циал-де­мок­рат­та­ры­на жа­қын ре­фор­ма­тор­лар бол­ды. Осын­дай жағ­дайға байла­ныс­ты бұ­рын­нан ке­ле жат­қан бір­қа­тар бел­гі­лі саяси қайрат­кер­лер әр­түр­лі сыл­таумен қыз­мет­тен бо­са­тыл­ды. Олар­дың ішін­де: Г.Ро­ма­нов, В.Гри­шин, В.Щер­биц­кий, Д.Қо­на­ев, Г.Али­ев т.б. бол­ды. Қыз­ме­ті­нен бо­са­тыл­ған В.Гри­шин­нің ор­ны­на Мәс­кеу қа­ла­лық пар­тия ко­ми­те­ті­нің бас­шы­сы бо­лып Б.Ель­цин сайлан­ды.

1986 жыл­дың ақ­пан айын­да КОКП-ң ХХVІІ съезі өт­ті. Ол пар­тияның бағ­дар­ла­ма­сы­на өз­ге­ріс­тер ең­гіз­ді. Олар бойын­ша ха­лық­тың ал­дын­да ком­му­низм ор­на­ту емес қайта со­циализ­мнің да­му­ын же­тіл­ді­ру мақ­са­ты қойыл­ды. Съез эко­но­ми­ка­да­ғы жә­не қо­ғам­дық-саяси өмір­де­гі бо­лып жат­қан ре­фор­ма­лар­ды то­лық қол­да­ды. Со­ны­мен қа­тар мұн­да со­циалис­тік қо­ғам­ның сақ­та­ла­тын­ды­ғы жә­не осы қо­ғам­да Ком­му­нис­тік пар­тияның бас­қа­ру­шы рө­лі бұ­рын­ғы­ша қа­ла бе­ре­тін­ді­гі ту­ра­лы нақ­ты көр­се­тіл­ді.

3. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы: себептері және барысы. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасыныңшығуы Орталықтың өктемдік әрекеттері мен командалық – бюрократиялық табиғатында жатыр. Олар: Жері мен табиғат байлығының молдығына қарамастан, республика халқының мүддесі еш ескерілмей, тұрмыс дәрежесі төмен болды; Қазақстанның елдің дамыған аймақтары үшін шикізат көзіне айналуы және өлкенің экологиялық апатқа ұшырауы; Халық тұтынатын тоуардың 60% сырттан әкелінді; Ұлт мәселесінің шиеленісуі мен орыстандыру саясатының кең етек алуы еді; Мәдени салаларды қамтыған кемшіліктер: идеологияның біржақтылығы білім, ғылымның «қалдық» принцип бойынша қаржылануы; адамдардың рухани дамуына жасалған кедергілер. Мысалы 1954-1986 жж. республиканың 700-ден астам қазақ мектептері жабылды. Әкімшіл-әміршіл жүйе саясатының салдарынан қазақ тілі барлық саладан жедел түрде ығыстырыла бастады. Қазақ мектептерінің саны 60-90 жылдары әсіресе Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында күрт қысқарып кетті. Қалыпты жағдайда дамыған тіл 80 қоғамдық қызметті атқаруға жарайтын болса, қазақ тілі бар-жоғы 10 түрлі функцияда пайдаланылып келді. Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізуден әсіресе қалаларда шектелді. Тіл мәдениетіне деген мұндай көзқарас қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдебиетіне, тарихына және салт-дәстүріне салқынын түсірді.

Қазақстан комсомолы басқалардың алдында айрықша сынға алынды. Қазақстан Коммунистік партиясы ұйымындағы кемшіліктер «Правда» газетінде талқыланды. Д.А.Қонаев пен М.С.Горбачевтың арасындағы ел басқару мен шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру, кадрлар жүйесіне қатысты көзқарастар қақтығысы он сегіз айға созылды.

Ушығып отырған жағдайды шиеленістірген, Желтоқсан оқиғасына түрткі болған оқиға – Қазақстан Компартиясының таңертеңгі 18 минутқа созылған 16 желтоқсандағы V-Пленумының шешімі-еді. Мұнда КОКП ОК-нің сол кездегі хатшысы Г.П.Разумовскийдің басшылығымен, Мәскеуде отырған жоғарыдағылардың шешімімен Д.А.Қонаевты республика Компартиясы ОК-нің І-хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына бұрын Ульянов облыстық партия комитетінің І-хатшысы болған Г.В.Колбин «бір ауыздан» сайланды. «Бұл Пленум тоқырау кезеңінің нашар дәстүрлері негізінде өткізілді. Респубика партия ұйымының аса маңызды мәселесін – Орталық Комитетінің бірінші хатшысын сайлауға арналған ол небәрі 18 минутке созылды», - деп мәлімдеді кейініректе КОКП ОК-нің Қыркүйек (1989 жыл) Пленумында Н.Ә. Назарбаев.

Пленумның шешімі жөніндегі хабар республикалық радиодан 16 желтоқсан күні сағат 15-00-де берілді. Сол күні кешке қалалық ішкі істер басқармасы мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жергілікті халық арасында Пленум шешіміне наразылық туып жатқандығы жөнінде хабарлар түсіп жатты. Қайта құру кезеңіне дейінгі ескі дағдысына салып Орталық Комитеттің республика басшылығына Қазақстан халқының пікірімен санаспай, өлкенің жер жағдайын білмейтін, оның өзіндік ерекшеліктерін бейхабар адамды әміршіл әдіспен отырғызуы бұқараның наразылығын туғызды. Наразылықтың көш басында жастар, студенттер, жұмысшылар тұрды және олар Желтоқсан оқиғасының қозғаушы күштері болып табылады.

Алматы қаласының студент жастары мен жұмысшы топтарының 1986 жылғы желтоқсанның 17 жұлдызындағы бой көрсетуі формасы жағынан ұлттық болғанымен, ұлтшылдық сипатта емес еді. Жастардың ұрандарының бірі – «Тіліміз – жоғалмасын, жеріміз – тоналмасын» болатын. Ол уақыттағы өмір шындығы солай еді. Демонстрация бейбіт және саяси сипатта болды. Алаңға жиналған жастар қазіргі әнұранымызға айналған “ Менің Қазақстаным ” әнін шырқап тұрды. Әкімшілдікке дағдыланған республика басшылары ту бастан-ақ жастармен тең құқылы келісімге бармады. Желтоқсан оқиғасының даму барысын академик М.Қ.Қозыбаев 3 сатысмен көрсеткен:

1-саты-желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні. Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу, тербеліс, үміт кезеңі болатын.

2-сатысы желтоқсанның 17-сі сағат 7-8-ден-18 сағатқа дейінгі кезең. Бұл әміршіл-әкімшіл жүйе мен жас балғын демократияның бетпе-бет бейбіт жүздесу сәті, арбасу кезеңі.

3-сатысы 17-желтоқсанның 18 сағатынан 18-желтоқсан күні. Бұл барикаданың екі жағындағы күштердің арбасуынан алысуға, қозғалыстың стихиялық көтеріліске айналу сәті, әміршіл жүйенің қарулы жазалаушы отрядының күш жұмсап, наразы топты еріксіз қорғаныс жасауға, күшке күшті қарсы қою кезеңі.

Демонстранттарды қуып таратудың арнайы оперативті жопары «Құйын-1986» («Метель-1986») деп аталды. Шешімді Орталықтың мақұлдауымен жергілікті басшылық қабылдады. «Құйын» операциясына жалпы басшылық КСРО ІІМ (МВД) ішкі әскер басшысының 1-орынбасары В.С.Дубиняк, генерал-полковник Б.К.Елисов және ҚазКСР Ішкі істер министрі Г.К.Князевтің тарапынан жасалды. Қуып тарату жөніндегі тікелей бұйрықты Қазақ КСР Ішкі істер министрі Г.Н.Князев берді. Осы сәттен бастап Алматыда жаппай тәртіпсіздік басталды. Қаруланған солдаттар жастарды сапер күректермен, дубинкамен ұрып, зорлық-зомбылық жасады. Желтоқсанның суық аязында су шашып, кезекті операциядан кейін ұсталған жігіттер мен қыздарды солдаттар бірнеше сағат бойы қақаған аязда жер бауырлап жатуларына мәжбүр етті. Көптеген ұсталған адамдардың прокурордың рұқсатынсыз және соттың қаулысынсыз ешқандай ресми тіркелместен тергеу изоляторларына, арнайы қабылдайтын орындарға, уақытша ұстайтын изоляторларға, медициналық айықтырғыштарға отырғызылғаны анықталды.

Операцияны іске асыру барысында милиция және ішкі әскер құрамынан 5700 адам, 11 өрт сөндіргіш машина, 5 бронетранспорттер тартылды. Қаланың әрбір аудандық комитетіне екі мың адамнан халық жасақшыларын жасақтауға нұсқау берілді. Халық жасақшылары төтенше тәртіппен топталып, олардың саны шамамен алғанда 16 мыңдай болды.

18 желтоқсанның кешінен бастап саяси және жалпы басшылықты Мәскеуден келіп қолына алған М.С.Соломенцев жастардың бейбіт шеруін «барып тұрған ұлтшылдық» деп бағалап, одан әрі шындықты бұрмалады.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қарсы қуғын-сүргін және КСРО ОК-нің арнайы қаулысы. Сол күндері орталық басылымдар, басқа да бұқаралық ақпарат құралдары оны алматыдағы экстремистердің, ұлтшылдардың, бұзақылар мен нашақорлар тобырының бас бұзарлығы деп хабарлады. Желтоқсан оқиғасынан кейін республика саяси өмірінде әлі де бұрынғыша басқару әдістері жүзеге асты. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа басшы барынша дәріптеліп, кемшіліктің бәрі бұрынғы басшыға аударыла бастады. Д.Қонаевты сынау, жамандау, бұрынғы аппарат қыз­меткерлерін тазалаудан өткізу, анық-қанығына қарамай қызметтен босатулар, әдеттегідей, науқаншылдықпен астасып жатты. Жоғарғы оқу орындарына оқуға қабылдауда қазақ ұлтының пайыздық үлесі басым болмауы бақыланды

1987 жылы 16 шілдеде қабылданған Кеңес Одағының Компартиясының Орталық Комитетінің «Қазақ республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернациональдық және патриоттық тәрбие жөніндегі жұмысы туралы» қауылысында осындай баға беріліп, бүкіл қазақ халқына ұлтшылдық таңбасы таңылды.

Ресми партиялық құжаттың жарық көруінен кейін-ақ кадрларды қудалау басталды, олардың қателіктерін іздеп, жұмыстан қуды, партия қатарынан шығарды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, жоғары оқу орындарының 12 ректоры жұмыстан босатылып, бастауыш және цехтық партия ұйымдарының 450 хатшысы қайтадан сайланды және облыстық, аудандық комитеттердің бюросы тазартылды. Партия, Кеңес, кәсіподақ, комсомол қызметкерлері аттестациядан өтті. Жоғары оқу орындарынан 271 студент шығарылды.

Шаханов комиссиясының қорытындысы бойынша сол күндері 8500 адам қамауға алынған. Мәліметтер бойынша 1720 адам жарақат алды. 110-адам сотталған. Желтоқсан оқиғасының қайғылы беттерінің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағұл Әбдіқұлов, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова қазақтың жігітері мен қыздарының қаза табуы. Сол кездегі қыздарымыздың ерлігі мен батырлығы ел ішінде аңызға айналды.

Тергеулер асығыс, ойдан шығарылған және тек айыптау түрінде жүргізілді. Жазықсыз айыпталғандардың бірі Қайрат Рысқұлбеков Алматы сәулет-құрылыс институтының 1 курс студенті „жасақшы С.Савицкийді өлтірді“ деп айыпталды. Қ.Рысқұлбеков өлім жазасына кесіліп, ол артынан 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырылды. Алайда Семей түрмесінде белгісіз жағдайда қайтыс болды.

Сол күндері Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің 1596 қызметкері Құрмет мадақнамаларымен, «Үздік қызметі үшін», «Милиция үздігі» белгілерімен, ақшалай сыйлықтармен, алғыс қағаздармен көтермеленді, 250 адам медальдармен және 250 адам Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мадақнамаларымен марапатталды. Жалпы Желтоқсан шеруін басуға қатысушыларды марапаттау-тарихымыздың ең масқара беттерінің бірі.

1986 жылғы желтоқсан қозғалысының тарихи маңызы. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы өте зор. 1-ден, қазақ халқының ұлттық санасының өсуіне айрықша ықпал етті, қазақтың өзін-өзі тануы және ұлттық мақтаныш пен тәуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті. Тотолитарлық жүйеге қарсы тұрған жастарға деген мақтаныш сезімі мен бюрократиялық аппараттың тарапынан бүтіндей бір халықтың ұлтшыл деп айыпталуы қазақ халқының этникалық есеюін, топтасып-бірігуін, ұлттың кемелденуін одан сайын тездетті. 2-ден, халықаралық тұрғыда танылған ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы принципі мүлде басқа мағынаға ие болып, дербес мемлекет жолындағы күрес күшейді. Ендеше бұл оқиға одақтас республикалардың егемендігіне серпін берді (Тбилиси-1989, Баку-1990, Вильнюс... т.б.). 3-ден, демократия және адам құқығы туралы ұғымға өзгеріс енгізді. Жастар мемлекеттік машинаның бұрандасы ретінде қарайтындармен ымырағы келмей, өздерін мемлекетті басқару ісіне қатысуға құқығы бар, толыққанды азамат екендігін көрсетті.

Қозғалыс бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етті, ұлттық сананы өсірді, ұлттық рухты жандандарды. Желтоқсан күндері Алматыда қазақ жастарымен милицияға әкелгендер ішінде 25 орыс, 18 ұйғыр, 10 татар, 7 қырғыз жастары болғаны белгілі. Олар Желтоқсан идеясына сенген Қазақстан халықтарының өкілдері. Бұл болса тоталитарлық команданың әкімшілік жүйеден жапа шеккен жалғыз қазақ емес, басқа да кеңес халқының бар екендігін дәлелдейді.

Сөйтіп, қозғалыс 1986 жылғы желтоқсанның үш күнімен шектелмей, тәуелсіздік алғанға дейінгі тұтас бес жылды қамтыды. Желтоқсан бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етті, ұлттық сананы өсірді, кеңес дәуірінде қатты қысым көрген ұлттық рухты жандандарды.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ақталуы. 1990 жылы мамыр айында Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен 1987 жылғы шілде айында КОКП ОК-нің «қазақ ұлтшылдығын» айыптаған қаулысы күшін жойды. КОКП ОК Саяси бюросы бұл ұсынысты қабылдауға мәжбүр болды.

1989 жылы басшылыққа келген Н.Назарбаевтың алдында бірқатар келелі мәселелер тұр еді. Ең алдымен “қазақ ұлтшылдығы” деген әділетсіз айыпты алып тастау үшін бірталай күш жұмсалды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1990 жылғы қыркүйектің 24-індегі қаулысында «бейбіт және сан жағынан аз наразылық демонстрациясының жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуі – республика басшыларының саяси дәрменсіздігінен, қиын жағдайдан бейбіт жолмен шыға алмағандығынан және шыққысы келмегендігінен, олардың сана мен ізгілік ниетке емес, күшке арқа сүйегендігінен», - деп атап көрсетілді.

1990 жылдың 31 қаңтарында желтоқсандағы оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия өмірге келді. 1990 жылы желтоқсанның 17 жұлдызы Демократиялық жаңару күні болып жарияланды. Сол жылы 4 жыл кешіксе де шындық салтанат құрды, оның айқын айғағы Республика алаңында Желтоқсан оқиғаларын есте қалдыруға арналған ескерткіш тақта болып табылды. Елбасы Алматы қаласында болған желтоқсан оқиғасына қатысты ішкі әскер және құқық қорғау органдары қызметкерлерін мемлекеттік марапаттармен мадақтау Жарлығын қате қабылданған деп қайта қарау үшін Жоғарғы Кеңеске ұсынысын білдірді

1991 жылдың 12 желтоқсанында Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы «1986 жылғы 17–18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» жарлық шығарды, ол бойынша қылмыстық жауапкершілікке, әкімшілік және тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғандар ақталды.

2006 жылдың қыркүйегінде Елбасының қатысуымен Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай ресми түрде ескерткіш ашылды. «Тәуелсіздік таңы» мемориалын ашу кезінде Мемлекет басшысы: «Жастарды алаңға шығарған желтоқсан оқиғасы біздің тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығашы болды» - деп атап көрсетті. Қазақ халқының қадір-қасиетін асқақтатқан азаматтардың аруағын, ең алдымен, жастардың батыл іс-әрекеттерін ардақтау мақсатында жастай өмірден кеткен ер жігіт Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылдың 9 желтоқсанында еліміздің ең жоғары наградасы – «Халақ хаһарманы» атағы берілді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 9719 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...