Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сталинизм идеологиясы және қуғын-сүргін саясаты



1945-1953 жылдардың бас кезінде социализмнің сталиндік үлгі идеологиясы өзінің шарықтау шегіне жетті. Тоталитарлық жүйе қанатын кең жайып, қоғамдық өмірге бақылауын күшейте түсті. Ішкі саясатта сталиндік билік халықтың рухани өмірін бақылауды күшейтті.

Партия елдің жаңа тарихын жасауға баса-көктей әрі дө­рекі түрде кірісті. 1946 жылы тарихты жаңаша қарауды ұйымдастыра алмағаны үшін “Тарих журналы” жабылса, 1949 жы­лы оның орнына келген “Тарих мәселелері” журналы да қатаң тазартуға ұшырады. “Батысқа бас июге” қарсы күрестің өрістеуі барысында, ешқандай негізсіз бірқатар ғылымдағы жаңалықтар бұрмаланды.

1946 жылы 14 тамызда партияның “Звезда” және “Ленин­град” журналдары туралы қаулысы қабылданды. Мұнда жазушылар, ақындар, драматургтер, әсіресе талантты және танымал екі зиялы - М.Зощенко мен А.Ахматова – қатаң сынға алынды. Бұл ғалымдардың араларынан “жау” іздеуге итермеледі.

Демографтардың зерттеулерінше жалпы 1948-1953 жж. КСРО көлемінде 6,5 млн адам қуғындалған. 1946 жылға дейін ерекше қауіпті қылмыскерлер, «халық жаулары», «отанын сатқандар», «контрреволюционерлер» үшін құрылған Жезқазған лагері Карлагтың қарамағында болды. Егер Карлаг патшалы Ресейдің еңбекпен түзеу колониясы принципі бойынша құрылған болса, Степлаг (Дала лагері) Герман концлагерьлерінің принципі бойынша құрылды. Егер Карлаг тұтқындары негізінен ауылшарушылығымен айналысса, Степлаг тұтқындары тек қана өнідірістік кәсіпорындарда жұмыс істеді.

1954 жылы 16 мамырдан - 26 маусымға дейін Степлагта атақты көтеріліс бұрқ ете түсті. Ол бүкіл ГУЛАГ жүйесін дүр сілкіндірді. 8 мыңдай адам қатысқан Степлаг тұтқындарының көтерілісі 40 күнге созылды. Олардың көпшілігі әскери және саяси тұтқындар еді. Әсіресе олардың арасында украин, орыс, латыш, литва, эстон, евреи, белорусь т.б. ұлттар өкілдері көп болды. Олар үкіметке ұйымдасқан түрде қарсылық көрсетті. Көтерілістің басында Кеңес Армиясының неміс тұтқынында болған әскери интеллигенциясының өкілдері тұрды. Бұлар ақылды, сауатты, батыл шешім қабылдайтын адамдар еді.

Көтеріліс соғыс техникасының және тұрақты армия бөлімінің күшімен асқан қатыгездікпен басылды. Көтеріліс басшылары тұтқындалды. Өлгендер мен жарақаттанғандар көп болған, тірі алған куәгерлердің айтуынша 600 адам өліп, жарақаттанған. Көтерілістен кейін лагерь тұтқындарының өмірінде біршама жеңілдіктер жасалды. Жұмысқа тұтқындар конвойсыз барды, кейде тіпті отбасын құруға да рұқсат берілді. Кеңгір бөлімшесіндегі тұтқындардың қарсылығы бұрын өмір сүрген және өмір сүретін лагерьлер тарихында аса маңызды орны бар оқиға. Кеңгір көтеріліснен кейін бүкіл ГУЛАГ жүйесіндегі каторгалық ерекше лагерьлер жойылды.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 6590 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...