Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тоталитарлық тәртіптің толық орнауы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси ахуал



КСРО – да орныққан тоталитарлық жүйе соғыстан кейінгі жылдары интеллигенцияға қарсы күресін одан әрі өрістетті. Мәселенің бастауы «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы қаулысы болды. Ақын А.Ахматованың, М.Зощенконың шығармаларын сынға алды, баспасөз беттерінде жариялауға тыйым салды. «ҚызЖібек», «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты» пьесаларында идеялық кемшіліктер бар, сондықтан қайта өңдеу керек деген мәселе қойылды. Әдебиет саласында М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов және С.Мұқановтарды сол кезең тақырыбына жазбады деп кінәлады. А.Жұбановтың ұлттық дәстүрлерден бастау алатын кемел шығыармалары ұлтшыл бағытта жазылған шығармалар қатарына жатқызылды. 1947 жылы «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы шықты. Онда Базар, Мұрат, Шортанбай, С.Торайғыров және басқа төңкерістен бұрынғы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармалары буржуазиялық-ұлтшылдық, феодалдық –реакциялық сарында жазылған делінді. Қазақстан Компаритясы ОК-нің 1948 жылы тамызда қабылданған «Қазақ совет әдебиетінің жағдайы және онан әрі дамыту туралы» шешімі ахуалды ауырлата түсті. Соғыстан кейінгі интеллигенцияға қарсы қуғын-сүргін түрмеге қамау, жер аудару, партия қатарынан және қызметтен босатуға ұласты. Талантты тарихшы ғалым Е.Бекмахановқа қарсы ұйымдастырылған «Бекмаханов ісі» осы жылдардан басталды. Соғыстан кейінгі жылдарды Н.Верт «дамыған» сталинизм жылдары деп атады.

ХХ ғ. 20-30 жылдарының өзінде ұлттық бағыттағы қазақ зиялылары саяси қуғын-сүргінге ұшырап, М.Тынышпаев, С.Асфендияров, Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов және басқа да қазақ зиялыраның қазақ тарихына қатысты жазған еңбектеріне таптық көзқарас тұрғысынан жазылмаған «қате» әрі «зиянды» деген баға берілді. Институт ұжымы құрылғаннан кейін 1950 жылға дейін бірқатар монографиялық зерттеулер, деректі еңбектер жазды. мәселен: Айдарованың «Шоқан Уәлиханов», Шахматовтың «Внутренняя Орда и восстание Истатая Тайманова», БЕкмахановтың «Казахстан в 20-40 гг. ХІХ века», Аполованың «Присоеденение Казахстана к России», Жиреншиннің «Абай и его русские друзья» т.б. және «Революция 1905-1907 гг. в Казахстане» деректер жинағын жариялады.

БК(б)П Орталық Комитеті соғыстан кейінгі жылдары И.Сталиннің нұсқауымен идеологиялық мәселелерге арналған бірқатар шешімдер қабылдады. Ондағы көрсетілген басты бағыт буржуазиялық идеологияның қандай түріне болса да белсене қарсы кұресу, идеологиялық бұрмалаушылыққа жол бермеу болды. БК(б)П Орталық Комитеті кеңес ғалымдарына, әдебиет пен өнер қайраткерлеріне арнайы большевиктік тапсырма берді. БК(б)П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөніндегі қаулы-қарарлары кеңестік тарих ғылымына тікелей қатысты, тарихшылар жұмысының «әскери бағдарламасы» саналды. Қоғамдық ғылымдарға партиялық саясат пен идеологияны насихаттап жазу және бұқара халыққа тарату талаптары қатаң қойылды. Қазақстандағы идеологиялық жұмыстарды насихаттап таратуда жоғарыдағы аталған қаулы-қарарлар шешімдерінен, «Қазақ ССР тарихы» туралы арнайы қабылданған Қазақстан К(б)П ОРталық Комитеті шешімдерінен ауытқымау міндеттелді.

БК(б)П Орталық Комитетінің шешімдеріне сәйкес тарихшы мамандар ғылыми жұмыстармен қатар қоғамдағыидеологиялық жұмыстарға да таратылуы тиіс болатын. Қазақстан тарихының кеңестік кезеңге дейінгі тарихын зерттеген ғалымдар еңбегінен саясижәне методологиялық тұрғыдағы қателіктер ізделді. «Саяси және методологиялық өрескел қателіктер» жіберген деп айыпталған еңбектер тобы анықталды. 1946 жылғы «Известия Академии наук Казахской ССР» тарих сериясының екінші басылымында филология ғылымдарының докторы Ә.Марғұланның Едіге батырға арналған мақаласын «Едіге барлық Орта Азия халықтарына ортақ тұлға деген идеяны дамытып, таратпақ болды» бұл ғылымға қарсы және реакциялық мәні күшті пантюркистік идея деген айып тағылды. 1951 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан кеңес жазушылары одағы жанындағы партия ұйымының ашық жиналысында, «Правда» газетінің 1950 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақала және ҚК(б)П Орталық Комитетінің осы мақала жөніндегі қаулысы талқыланды.

ХХ ғасырдың 40-50 жж. тарих ғылымы алдында тұрған басты, әрі маңызды міндет Қазақстан коммунистік партиясы тарихын жазу мәселесі болды. Қазақстан тарихының кеңестік кезеңін зерттеп жазуды «кеңестік кезең тарихы – қазақ халқының қайта өрлеу, экономикасы мен мәденитінің гүлдену кезеңі, қазақ тарихының алтын беттері» деген методологияны негізге алу тиіс болды. Сонымен, соғыстан кейінгі жылдарда кеңестік қоғамда сталиндік әміршіл-әкімшілдік жүйенің күшеюі, қоғамдық ғылымдар саласында партиялық саясат пен идеология үстемдігін толық бекітті. Тарих ғылымы коммунистік партия тарихын дәріптеп жазуға жұмылдырылды, Қазақстан тарихының өткені мен бүгіні тек таптық-партиялық методология тұрғысынан зерттелуі тиіс болды.

1953 жылдың 5 наурызы 21 сағ. 50 минутта «Ленин ісін жалғастырушы данышпан, Коммунистік партияның және бүкіл Кеңес халқының көсемі» И.В.Сталиннің қайтыс болғанын ТАСС хабарлады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Төлентаева К. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Зият Пресс», 2006. 168 бет.

2. Адамбеков Б.К. ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті және ТМД тарихы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. -344 бет.

3. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ.Аяғанның жалпы редакциясымен. –Алматы: Раритет, 2010. - 448 бет.

4. Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін: Бес том­дық. 3-том. – Ал­ма­ты: «Атамұра», 2002. -768 бет.

5. Қазақстан тарихы көне заманнан бү­гін­ге дейін (Очерк): Оқу құралы. – Алматы: Дәуір, 1994. – 446 бет.

6. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 4-том. - Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет.

7. Қандық Е.С. Қазақстан тарихы (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан) Оқулық. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. -512 бет.

8. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.С. Қаражан. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009.

9. Қазақстан тарихы: Оқулық /Жұмақаева Б.Д. – Алматы, -ТОО «Издательство LЕМ», 2010.

10. Қазақстан. Фотошежіре. Казахстан. Фотолетопись. Том 1. -Алматы: RUAN, 20057 -128 бет.

11. Қазақтар, казахи: Тоғыз томдық анықтама. – Алматы, 1998.

12. Новейшая история Казахстана. Сб. документов и материалов. Т.1 (1917-1939 гг.). Сост. Каражанов К.С., Такенов А.С. -Алматы: Санат, 1998.

13. Садыков Т.С., Кеңестік тоталитарлық саясат және Қазақстан қасіреті. Оқу құралы. – Алматы: Эверо. 2014.

Қосымша әдебиеттер:

1. Прімбетова Ә.Ө. Қазақ елінің тарихы: Оқу құралы. - Алматы, 2003.

2. Тәтімов М. Қазақ әлемі. - Алматы: Атамұра, 1993.

3. Козыбаев М.К. История и современность. - Алматы, 1991.

4. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап. - Алматы, 1998.

5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы, оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2009.

6. Голод в Казахской степи. Сб. документов. - Алма-Ата, 1991.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі:

1. Өскембаев Қ.С. Қазақстан тарихы (1917-1991 жылдар). Электрондық оқулық. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы тізімдегі. № 1511 (2013 жыл 12 қараша).

Интернет көздері:

1.История Казахстана. // http://ru.wikipedia.org/wiki

2. История Казахстана. // http://www. encyclopedia.kz/wiki/

3. История Казахстана, Информация об истории Казахского народа. Исторический очерк о 4. Казахстане. // http://www.kazakhstan.orexca.com/rus/ kazakhstan_history.shtml

5. Культура Казахстана 19 века. // http://www.panasia.ru/main/kazakhstan/culture/1.html





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 3886 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...