Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мемлекеттік басқару жүйесі



Кеңестік органдар Шаруашылық органдары
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Министрлер Кеңесінің төрағасы
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Министрлер Кеңесі
КСРО Жоғарғы Кеңесі Министрлер
Қаз КСР Жоғарғы Кеңес Президиумы төрағасы Қаз КСР Министрлер кеңесінің төрағасы
Қаз КСР Жоғарғы Кеңесі Қаз КСР Министрлер кеңесі
Халық депутаттар кеңесінің обл. аткомы Министрлер
Қалалық атком Басқармалар
Аудандық атком Тресттер
Жергілікті Кеңестер Кәсіпорын әкімшілігі

Орталық ведомство бұрынғыша кадр мәселесіне, қызметке тағайындауда өте қырағы көзбен қарап отырды, әсіресе қазақ ұлтынан шыққан кадрлардың қызметтік өсуіне тосқауыл қойылды. Өзінше шешім қабылдап немесе Мәскеудің нұсқауымен жүргісі келмеген жігерлі де болашағы зор кадрлар түрлі сылтаумен басқа жұмыстарға ауыстырылды немесе жеке мәселесі қаралып, сөгіспен қызметінен қуылды. 1954-1964 жж. Қазақстандағы билік басында тек Мәскеу бекіткен, көпшілігі бұрын Қазақстанда жұмыс істемеген, республика ерекшеліктерінен хабарсыз басшылар болды. Осы 10 жыл ішінде Қазақстан КП ОК бірінші хатшылары жеті рет алмастырылды. Сайланған осы басшылардың тек үшеуі Ж.Шаяхметов, Д.Қонаев және И.Юсупов қазақстандықтар еді. Жаңа басшы енді ғана реформалар жүргізуге бел шешіп кірісе бастағанда оның орнына басқа бір басшы тағайындалып отырды. Бұл Қазақстандағы билік басындағы, дағдарыстың айтулы белгісі еді.

1954-1964 жж. Қаз КСР басшыларының тізімі:

Шаяхметов Жұмабай Ахметұлы (1902-1966 ) – 1946-1954 жылдары Қазақстан КП Бірінші хатшысы болды.

Пономаренко П.К. – 1954-1955 жылдары Қазақстан КП Бірінші хатшысы болды.

Брежнев Леонид Ильич (1906-1982) – 1955 жылдың тамызынан 1956 жылдың наурызына дейін Қазақстан КП Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Яковлев Иван Дмитриевич – 1956 жылдың наурызынан 1957 жылдың желтоқсанына дейін жоғарыда аталған қызметті атқарды.

Беляев Николай Ильич (1903-1966) – 1957 жылдың желтоқ­санынан 1960 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан КП Бірінші хатшысы болды.

Қонаев Дінмұхаммед Ахметұлы (1912-1993) – Қазақстан КП Бірінші хатшысы қызметін екі рет 1960-1962 жылдары және 1964-1986 жылдары атқарды.

Юсупов Исмаил – 1962 жылғы желтоқсаннан 1964 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан КП Бірінші хатшысы болды.

1961 жылы қаңтарда КП ОК-нің Бюросында тамаша ұйымдастырушы қоғам қайраткері, республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшенов қызметінен босатылды. Саяси айыптар тағылып, елжанды азаматты қызметтен аластатуға әдеттегідей бірнеше сылтау табылды





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2522 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...