Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сталиндік лагерьлер жүйесінің ұйымдастырылуы



Кеңес Мемлекетіндегі пролетариат диктартурасы марксистік теориялық постулаттар негізінде қанаушы таптарға қарсы тұратын құрал ретінде құрылғаны белгілі. Қоғамды революциялық жолмен өзгертуді мақсат еткен большевиктер, кеңес өкіметін мойындағысы келмейтін барлық әлеуметтік топтарға күш қолданып отырды.

Ресми түрде мәжбүрлікпен жұмыс істеттін лагерьлердің бес түрі қолданылды:

• ерекше міндеттегі лагерьлер;

• тұтқындары бір жерде жинап ұстайтын лагерьлер;

• өндірістік лагерьлер;

• әскери тұтқындар;

• бөліп тарататын лагерь.

Негізінен лагерьлер тұтқындарының жағдайы жағынан да, негізгі бағыттары жағынан да бір-бірінен айырмашылығы болған жоқ. 1918 жылы шілдеде Орталық Жазалаушы орган (Центральный Карательный орган) «Халком юстицияның уақытша нұсқауын» жариялады. Бұл жүйе негізінен екі принципті басшылыққа алды: лагерьлер өз шығынын өзі ақтау және тұтқындарды қайта тәрбиелеу. Орталық Жазалаушы орган тұтқындады. Жұмыспен қамтамасыз ете алмады.

1922 жылы Қылмыстық кодекс шықты, онда лагерьлерде отырғандар жөнінде айтылмады. Келесі жылдары Солтүстік лагерьлер басқармасынан басқа барлық лагерьлер таратылды. Лагерьлердің орнын арнайы жабдықталған изоляторлар басты. Олар: еңбекпен түзету үйлері, еңбек колониялары, кәмелетке толмаған заң бұзушыларға арналғанг еңбек еңбек үйлері, еңбекші-шаруа жастары арасындағы заң бұзушыларға арналған еңбек үйлері, ақыл-есі кемтарларға, кұрт ауруымен және басқа да аурулармен ауырған тұтқындарға арналған колониялар.

Мұндай қайта құрулар барлық республикалар да дерлік, соның ішінде қазақстанда да жүргізілді. 1924-1930 жылдары Қазақстандағы тұтқындарды ұстау жүйесіне: арнайы жабдықталған үш изолятор ұстау жүйесіне: арнайы жабдықталған үш изолятор Возрождения, Орал және Тортакул; еңбекпен түзету үйлері: Ақтөбе, жетісу, Әулиеата, Семей, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Қызылорда, кәмелетке толмаған заң бұзушыларға арналған еңбек үйлері қазалыда орналасты, оның екі бөлімшесі болды.

КСРО құрылғаннан кейін 1923 жылы 6 шілдеде Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма (ОГПУ) құрылды, ол КСРО ХКК (СНК СССР) бағынды. 1923 жылы 13 қазанда КСРО ХКК қаулысымен Солтүстік лагерьлер таратылып, оның базасында УСЛОН (Управление Соловецких лагерей принудительных работ особого назначение) құрылды. 1923 жылы онда – 2 557 тұтқын отырса, 1927 жылы – 12 896 – ға жеткен.

1928-1929 жылдары Кеңестік лагерлер жүйесі дағдарысқа тіреліп, қайта құрулар жасауды талап етті. Тұтқындар мөлшердегіден 2-2,5 есе асып кетті. 1929 жылы Сталиннің жарлығымен еңбекпен түзеу лагерьлерін кеңейту жоспары жасалды. Лагерьлер жүйесінің қалыптасуында КСРО халық комиссарлар Кеңесінің 1929 жылғы 11 шілдедегі «Қылмысты тұтқындардың еңбегін пайдалану» туралы қаулысының орны ерекше болды. Қаулыға сәйкес бас бостандығынан айрылғандарды ұстайтын екі құрылым: ОГПУ және республикалық НКВД пайда болды. 1930 жылы 7 сәуірде лагерьлер жүйесіне басшылық етуге арналған «Еңбекпен түзеу лагерьлері» шықты. Осы жылдың 25 сәуірінде лагерьлер Басқармасы құрылды, (УЛАГ,ОГПУ) бір жылға жетер-жетпестен Бас Басқарма (ГУЛАГ,ОГПУ) болып қайта құрылды.

1930 жылдың басында Қазақстандағы лагерьлер жүйесін қайта құру жүргізіле бастады, бұл процес 1938 жылдың көктеміне қарай қалыптасып бітті. 1932 жылы елде ГУЛАГ-тың 11 еңбекпен түзеу лагері болса, 1940 жылдың басында 53 лагерь және 425 еңбекпен түзеу колониялары болды. 1931 жылы Орталық Қазақстандағы: Қарағанды көмір бассейін, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарын арзан жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында 1931 жылы 19 желтоқсанда КазИТЛАГ-нің алғашқы бөлімшесі Қарағанды еңбекпен түзеу лагерін құру (Карлаг) жөнінде шешім қабылданды. Тоталитарлық жүйе кеңестік жазалау лагерьлерін кеңейте түсті.

Қосымша мәлімет: кеңестік республика аумағында ең алғашқы лагерлер 1918 жылы жазда азамат соғысы тұсында пайда болды. Үкімет тап жауларын аяусыз жазалау үшін, оларды арнаулы лагерлерге қамауға арналған жарлықтар шығарды. Ресми түрде жазалау орындары лагерлердің ашылуына Халық Комиссарлар Кеңесінің 1918 жылы 5 қыркүйектегі декреті ықпал етті. Большевиктердің саяси жауларына қарсы күресі адамдардың басқаша ойлаудың ешбір түріне рұқсат етпеді. Жылдан жылға лагерлер саны көбейіп, онда жазықсыз «жазасын өтеп» отырғандар саны өсті. Жедел индустрияландыру мен ұжымдастыру жылдары қуғын-сүргін жаппай сипат алғанда, қамау орындарын көбейту қажеттігі туындады. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 7 сәуірдегі “Еңбекпен түзеу лагерьлері туралы” ереже командалық-әміршіл басқару әдістерін нақты бекітіп, Мәскеуде ГУЛАГ-ты (Главное управление лагерей) құрды.

Қаулы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін ұйымдастыру мен басқаруды жүзеге асыру НКВД-дан ГУЛАГ қарамағына берілді. Мұндай лагерлердің басты міндеті – табиғи байлықтар мен жаңа кен орындарын игеруде, заводтар мен фабрикаларды салуда бас бостандығынан айрылған адамдар арқылы жүзеге асыру көзделді.

1929 жылдың 11 шілдесінде КСРО ХКК «бас бостандығынан айрылған қылмыскерлердің еңбегін қолдану туралы» қаулы қабылданды. Лагерлерде әртүрлі қылмысы үшін сотталған қылмыскерлермен қатар социалистік жүйеге «бағынбаған» саяси тұтқындар қатар отырды. Лагерлерге ересектермен қатар 12 жастан асқан балалар да қамалды. Балаларға да ересектерге сияқты қатал жаза түрлері берілді. Лагерь тәртібін бұзған тұтқындарға қатал жаза қолданылып, тіпті ешқандай сотсыз атып тастайтын. ГУЛАГ лагерлері тұтқындарының көпшілігі ең ауыр жазаға кесілді, мерзімдері де ұзақ болды және олардың саны жылдан жылға көбейе түсті.Лагерь тұтқындарының ешқандай құқықтары сақталмады, елеусіз тәртіп бұзғаны үшін қатал жазаға тартылды. Тұтқындар Солтүстікте, Қиыр Шығыста тағы басқа аймақтарда канал, жол құрылысында, ауылшаруашылық жұмыстарында, өнеркәсіпте еңбек етті. Ауыр еңбек, аштық, індеттерден титықтап өлгендер саны өте көп болды.

ГУЛАГ еңбекпен түзеу лагерьлерінің желісі кеңейіп, елдің көп аймақтарын Солтүстікті, Сібірді, Қиыр Шығыс пен Орта Азияны қамтыды. Кеңес Одағында 63 лагерь болды, онда қамалғандардың саны 2 199 535 адамға дейін жетті.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 4596 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...