Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Этнологиядағы Функционализм мектебі



Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс жоспары:

1. Функционализм мектебі

2. Э. Дюркгеймнің ”Әлеуметтік мектебі“.

3. Р.Турнвальд көзқарасы

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Функционализм мектебі өкілдері адамзат қоғамын жануарлар әлемінің бөлігі ретінде қарастырып, қоғамды тірі ағза секілді дамитындығын, соған сай қоғамды құрайтын элементтердің белгілі бір қызметтерді атқаратындығын тұжырымдаған. Демек, адам қоғамы өзара байланысты әрі бірін-бірі толықтырып отыратын мәдени элементтерден тұрады. Кез-келген әлеуметтік жүйе тұрақты үлгілердің (модель) «құрылымынан» тұрады. Соның негізінде индивидтер өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын жүзеге асырады, жүйенің әлеуметтік ынтымақтастығын қолдауға өзіндік үлес те қосады. Мәдениет индивидтің мұқтаждығына қызмет етеді. Мәдениетте шешуші рөлді салт-дәстүр, жоралғы, моральдық нормалар атқарады. Этнологияның мәіндеті мәдени құбылыстардың атқаратын қызметтерін, олардың әрбір жекелеген мәдениет шеңберіндегі өзара бейімделуі мен өзара байланысын және т.б. зерттеу болып табылады. Көрнекті өкілдері: Б. Малиновский (1884-1942), А. Радклифф-Браун (1881-1955) және т.б.

Әлеуметтанулық мектеп әрбір қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ететін ұжымдық көзқарастар кешенінің өмір сүретіндігін тұжырымдайды. Мәдениеттің қызметі қоғамды ынтымақтастыру үшін, адамдарды жақындастыру үшін өмір сүреді. Бір қоғамнан екінші қоғамға ауысу қиындықпен жүзеге асырылады. Бұл үдеріс ақырындап емес, секірмелі түрде дамиды. Қоғам адамдар арасындағы өнегелі байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесі.Көрнекті өкілдері: Э. Дюркгейм (1858-1917), Л. Леви-Брюль (1857-1939) және т.б. Этнопсихологиялық мектеп мәдениет өкіліне тән айқындалған психологиялық ерекшеліктердің болатындығын дәйектейді. Алғаш рет психолоиялық қорғаныш тетіктері индивидке емес, қоғамға қолданылды. Ұлттық мінез бен ұлттық мәдениет психолоиялық көзқарас тұрғысынан зерттелінді. Ұлттық мінез ұлттың психологиялық ерекшеліктерін айқындайтындығы дәлелденді. Ұлттық сипат мәдениет ішіндегі құндылықтар мен мінез-құлық үлгілерінің тарату мен реттеудің ерекше әдісі ретінде сипатталу мүмкіндігі туралы идеялар айтылды. Көрнекті өкілдері: А. Кардинер (1891-1981), Р. Бенедикт (1887-1948), М.Мид және т.б.

Структурализм мектебі мәдениетті белгі (знак) жүйесі жиынтығы ретінде қарастырады (тіл, ғылым, өнер, сән, дін және т.б.). Көрнекті өкілдері: Э. Эванс-Причард (1902-1973), К. Леви-Стросс және т.б.

Мәдени релятивизм барлық мәдениеттердің даму деңгейлеріне қарамай өмір сүруге құқы бар екендігін, әрбір мәдениет құндылығы салыстырмалы, Еуропа мәдениеті мәдени дамудың бір жолы ғана болып табылады, ал қалған мәдениеттер өзіндік даму жолына қарай бірегей екендігін тұжырымдайды.Өкілдері М.Херскович және т.б.

Г.Клемм, И.Унгер, Т. Вайц. Мәдени-геграфиялық бағыт (Л.Т, Морган, Э.Тайлор и др.). Биологиялық бағыт (А.Бастиан, Т.Ахелис). Әлеуметтік бағыт (О.Конт, Э.Дюркгейм, И. Баховен). Географиялық бағыт (О. Пешель, Р.Андре).

Сұрақтар:

1. Функционализм мектебі және оның өкілдері

2. Э.Дюркгейм тұжырымы

3. Әлеуметтанулық мектеп тұжырымы

Әдебиеттер:

  1. Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

2. Артықбаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана, 2006

3. Садохин А.П. Этнология. М.2004

4. Таводов Г.Т. Этнология. М.2003





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 3089 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...