Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Этнологиядағы Эволюционизм мектебі



Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: Эволюционизм, мәдениеттің бастауы, географиялық орта факторы, адамзат қауымының дамуы тұжырымдары және т.б.

Дәріс жоспары:

1.Эволюционизм теориясы

2. Эволюционизм классиктері

3. Морган және Тайлордың тұжырымдары

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Эволюционизм. Эволюционизм этнологиялық теория ретінде ХІХ ғ. Ортасында қалыптаса бастады. Жаратылыстану саласындағы жетістіктерге орай эволюционизм теориясының негізін салушылар түрлі халықтар мәдениетінің дамуы барысындағы адамзат мәдениетінің даму заңдылықтарын негіздеуді өздерінің негізгі міндеттері ретінде санады.

Эволюционизмнің негізгі идеялары төмендегідей:

· Адамзаттың шығу тегі ортақ, сондықтан барлық адамдарға адами

қасиеттердің ортақ екендігін ұғындырады;

· Адамзат қоғамы өз дамуында қарапайымнан күрделіге қарай даму

үдерісін үнемі бастан кешіреді;

· Мәдениет қоғамның бөлігі ретінде төменнен жоғарыға қарай үзіліссіз,

дамиды және ақырындап өзгерістер мен сандық өсу немесе азаюды бастан кешіреді;

· Мәдениеттің дамуы көп сатылы әрі әлемдегі барлық мәдениетке тән

ортақ сатыларға, кезеңдерге сай дамиды;

· Адамзат мәдениетініңәмбебап заңдарына сәйкес түрлі халықтар мен

олардың мәдениеті бірдей даму сатыларынан өтеді және олардың мәдениеті бірдей нәтижелерді береді;

· Қоғамдық даму тірі табиғатқа тән эволюция заңдарына бағынады.

Оның қайнар көзі тіршілік үшін күрес. Нәтижесінде жаңа ескіні ауыстырады. Осындай күрестің салдарынан мәдениеттің түрлі элементтері сәйкесінше бір-бірімен тығыз байланысады.

Э. Тайлор (1832-1917). Эдуард Тайлор – этнология ғылымында эволюциялық мектептің негізін салушы. Негізгі еңбектері: «Исследования в области древней истории человечества» (1865); «Первобытная культура» (1871).

Негізгі тұжырымдары:

Мәдениеттің бастауы – Жер планетасында жартылай өркениетті адам нәсілдерінің пайда болуынан: оның дамуы екі түрлі жолмен өтті: 1) артқа – тағылық қоғамға қарай; 2) алға– өркениеті адамдарға қарай.

Тарихи және табиғи катаклизмдердің салдарынан мәдениетте регрессивті өзгерістер болуы мүмкін, алайда адамзат тарихының негізгі бағыты – мәдениеттің эволюциялық прогрессивті дамуы.

Халықтар арасындағы айырмашылық олардың нәсілдік ерекшеліктеріне қарай емес, мәдени дамудың әр түрлілігіне қатысты анықталады.

Адам табиғаттың бөлігі болғандықтан, табиғат заңдарына сәйкес дамиды. Сондықтан адам да адам баласына ортақ қасиеттер де тән. Мәселен, кейбір халықтарда мәдениеттің ұқсаса белгілері басым болып, дамудың да ұқсас қырлары болуы әбден мүмкін.

Тайлор мәдениет құбылыстарын зерттеуде жаратылыстану ғылыми әдістерін қолдануға ұмтылды. Заттар мен мәдениет құбылыстарының жекелеген категорияларын зерттеуді басты назарға алды. Алғашқы қауым халықтарының сенімдерін зерттеп, дінннің қалыптасуының анимистикалық теориясын ұсынды. Тайлордың эволюционистік көзқарастарының түйіні – тарихи процесс пен мәдениеттің прогрессивті дамуының бірлігі тұжырымы.

Г. Спенсер (1820-1903). Герберт Спенсер - этнология ғылымында эволюциялық теорияның өкілі.

Негізгі тұжырымдары:

Қоғам сыртқы факторлардың (географиялық орта, көрші мемлекеттер мен халықтар) ықпалымен дамиды. Г. Спенсер идеялары Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған. 1) Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау; 2) Әлеуметтік эволюция идеясы. Оның пікірінше адамзат қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Ч. Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г. Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшіліктер туралы ой – пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керсінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г. Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.

Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндеу көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болады.

Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ, 1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.

Г. Спенсер әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. ұғымдарды енгізді.

Алайда, Г. Спенсердің эволюционистік көзқарасы нәсілдік сипатты иеленді.

А. Бастиан (1826-1905). Адольф Бастиан – неміс этнология ғылымы мен эволюционизмнің негізін салушы.

Негізгі тұжырымдары: адамзат тарихының заңды дамуы жетілмегеннен жетілуге қарай жүретін үдеріс. Адамзат психикасының бірлігі элементарлы идеялардан көрініс береді. Әрбір халықтың өзінің тіршілік-тынысына сай қалыптасқан өмірі болады, алайда өзге халықтармен араласқанда мәдениетті дамытуға күш беретін жаңа идеялар дүниеге келеді. Осылайша адамзат дамуы цикльдік әрі даму циклі жалғасын табуы мүмкін. Халық өзінің географиялық ортасымен тығыз байланысқан сайын, тарихи өзгерістерге аз ұшырайды. Адамзаттың мәдени дамуы қоршаған ортамен белсене қарым-қатынас жасаған кезде жүретін процесс. Адам биологиялық заңдарға бағынады.

Л. Морган (1818-1881). Льюис Генри Морган – американдық ғалым, АҚШ-тағы үндіс тайпаларын зерттеуші.

Негізгі еңбектері: «Древнее общество» (1877)

Негізгі тұжырымдары:

Морганның классификациясы бойынша, адамзат қауымының дамуын үш кезеңге – Т а ғ ы л ы қ (төменгі, орта, жоғарғы сатылары бар, 180 мың жылға созылады) – Ж а б а й ы л ы қ (мұнда да – төменгі орта жоғарғы сатылы,15 мың жыл) – М ә д е н и е т т і л і к (5 мың жыл, бүгінге дейін) – деп бөлінеді.

Адамзат тарихы екі үлкен кезеңге бөлінуі мүмкін: біріншісі - ертедегі – ру, фратрия, тайпаға негізделген әлеуметтік ұйым; екіншісі – кейінгі кезең – территория мен жеке меншікке негізделген саяси ұйым.

Рулық ұйым – азияттық, еуропалық, африкандық, американдық және австрвлиялық ежелгі қоғамдардың әлеуметтік құрылысының әмбебап негізі болып табылады. Соның негізінде қоғам сақталды әрі ұйымдастырылды. Жеке меншіктің дамуына және оны мұрагерлікпен беру тенденциясына орай аналық ру әкелік руға айналды.

Адамзат тарихында отбасы дамуының үш кезеңі бар:

Қандас туыстық отбасы – отбасының алғашқы түрі болып табылады. Туған және ағайындылар арасында некеге тыйым салмайтын, алайда ата-ана мен бала арасындағы некелесуге рұсат етпейтін отбасы.

Пуналуальды отбасы – бірнеше ағайынды қыздардың ортақ күйеулерінің болуы немесе ағайынды жігіттердің ортақ әйелдермен некелесуі.

Жұпты немесе синдиасмикалық отбасы

Патриархальды, полигамды отбасы;

Қазіргі үлгідегі моногамды отбасы.

Морган адамзат тарихында алғашқы әмбебап кезеңдеуді жасауға әрекеттенді:

Жабайылық кезең;

Тағылық кезең;

Өркениет кезеңі.

Алғашқы екі кезең, төменгі, орта, жоғарғы сатыларға бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

    1. Эволюционизм теориясы және оның ерекшелігі
    2. Л.Г.Морганның адамзат қоғамы дамуы туралы тұжырымдары
    3. Г.спенсердің горграфиялық орта түсінігі
    4. Э.Тайлордың мәдениеттің бастауы тұжырымы

Әдебиеттер:

  1. Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

2. Артықбаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана, 2006

3. Садохин А.П. Этнология. М.2004

4. Таводов Г.Т. Этнология. М.2003





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 3609 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...