Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Этнологиядағы диффузионизм мектебі



Дәріс мақсаты: Этнологиядағы диффузионизм мектебінің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: Д иффузионизм, Мәдениет тірі ағза, мәдени шеңбер теориясы және т.б.

Дәріс жоспары:

1. Диффузионизм мектебі

2. Диффузионизм классиктері

3. Ф.Ратцель және Ф.Гребнер тұжырымдары

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Диффузионизмнің негізгі идеялары: мәдениет белгілі бір географиялық ортада туылатын және дамитын тірі ағза болып табылады. Мәдениеттің әрбір бөлшегі (элменеті) нақтылы өңірде пайда болады және сол өңірден барлық жер бетіне таралады. Мәдениеттің негізгі факторлары ықпалдасу, мәдени элементтердің араласуы және т.б. Тек ғана материалдық мәдениет емес, рухани құбылыстар да таралады. Әрбір мәдениеттің пайда болатын және таралатын орталығы болады. Этнологияның басты міндеті-мәдениеттің орталықтарын табу, зерттеу.Мәдениетті зерттеу әдістері мәдени шеңберлерді немесе оның таралу аймақтарын, мәдениет элементерін зерттеу болып табылады. Мәдениеттің әрбір элементі бір-ақ рет пайда болады: оның таралу аймағын анықтау арқылы, әрбір элементтің алғашқы пайда болған жерін де айқындауға болады. Көрнекті өкілдері: Фридрих Ратцель (1844-1904) – Мюнхень университетінің этнография профессоры.Негізгі еңбектері: «Антропогеография» (1882); «Халықтану» (1885); «Жер және өмір» (1981)Негізгі тұжырымдары: Халықтардың байланысынан мәдениет дамиды. Нәсілдер раласады, тілдер жоғалады немесе ауысады, халықтардың атауы да өзгереді, тек ғана мәдени заттар ғана өз түрі мен өмір сүрген ортасын жоғалтпайды. Сондықтан этнологияның негізгі мақсаты – мәдени заттардың таралуын зерттеу. Материалдық мәдениет заттары мәдениеттің өзге құбылыстарына қарағанда өз түрі мен өмір сүру ортасын ұзағырақ сақтайды. Адам - этнографиялық заттарды тасмалдаушы. Мәдениетердің араласуының екі әдісі бар: жекелеген заттар емес, тұтас мәдени кешеннің (аккультурация) түгелдей және жылдам ауысуы. Лео Фробениус (1873-1938) - фольклорист, археолог и этнолог, Ратцелдің шәкірті мәдениет морфологиясы тұжырымын жасаушы, «мәдени шеңберлер» теорияс-ының негізін салушы, африка мәдениетінің маманы. Негізгі еңбектері: «Происхождение африканских культур» (1898)7 Негізгі тұжырымдары: Мәдениет тірі ағза болғандықтан, туылу, балалық шақ, есею кезеңі, кәрілік және өлу секілді өмірлік кезеңдерді бастан кешіреді. Мәдениетті адамдар жасамайды, мәдениет өздігінен өсіп – жетіледі. Адам мәдениеттің жемісі немесе нысаны. Мәдениет адамсыз таралмайды. Адам мәдениетті тасымалдаушы ғана. Әрбір мәдениет ерекше өіндік сипатты, өзіндік «мәдени жанын» иеленеді. Ерлер мен әйелдер мәдениеті де өмір сүреді.

Фритц Гребнер (1877-1934)-неміс тілді елдерде фиффузионизм теориясының негізін салушы. «Этнология әдістері» атты еңбегі 1911 жылы жарияланған. Мәдени тарихи байланыстдың немесе мәдениеттің өз бетінше пайда болуын зерттеудің әдістерін жасаған. Мәдени шеңберлер теориясын ғылыми айналымға енгізген (барлық алғашқы қауым тарихын ғаламдық қайта жаңғыртуға әрекет жасаған). Барлық халықтардың мемлекетке дейінгі даму кезеңдерінің мәдени жетістіктері алты мәдени шеңберді біріктіреді. Олардың әрқайсысы 19-20 элементтен тұрады. Қандай шеберде болмасын, мәдени құбылыстар ұқсастығы белгілі бір шеңберге тиесілі және бір географиялық ортадан шығады. Кез-келген мәдени факт тарихта бір рет белгілі бір жерде пайда болады және белгілі бір мәдениетке ғана тиесілі болады. Адамзат тарихында қайталаушылық пен заңдылықтар жоқ. Этникалық үдерістердің қайталануы мүмкін болып көрінгенімен, ал шын мәнісінде барлық құбылыстар дара сипатты иеленеді. Сонымен қатар диффузионизм мектебінің К. Уисслер (1870-1947), У. Риверс (1864-1922) және т.б. көрнекті өкілдері бар.

Бақылау сұрақтары:

      1. Диффузионизм мектебі және оның қкілдері
      2. Мәдени орта және мәдениет тірі ағза теориясы
      3. Мәдени шеңбер теориясы

Әдебиеттер:

  1. Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

2. Артықбаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана, 2006

3. Садохин А.П. Этнология. М.2004

4. Таводов Г.Т. Этнология. М.2003





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2329 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...