Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Қазіргі бұрғылау жабдықтары тағайындалуы және машиналар мен механизімінің қуаты бойынша сәйкес жетектермен қамтамасыз етілген. Жетек қозғалтқыштан, күштілік берілістен және басқару аппаратурасынан тұрады. Жетек типі, оның жинақталуы және конструкциясы бұрғылау қондырғыларының техника-экономиялық көрсеткіштеріне өз әсерін тигізеді. Негізгі және көмекші жетектер болып бөлінеді.
Негізгі жетектерге бұрғылау шығырының, сорабының және ротордың жетектері жатады. Олардың қуаты 6000 кВт және одан жоғары болады.
Көмекші жетектер компрессорларға, дірілдеткіштеге, сазараластырғыштар мен қашауғаберіліс беру автоматына, майлау сораптарына, көтеріп-түсіру операциясын механизациялаушы агрегаттарға және бұрғылау қондырғысының басқа да механизмдеріне арналған. Оның суммарлық қуаты 400 кВт-тан аспайды.
Қолданылатын қозғалтқыштарына байланысты бұрғылау қондырғыларының жетектері дизельді, газотурбиналы және электрлі болып бөлінеді.
Дизельді және газотурбиналы жетектер – автоноиды – электр желісі жоқ шалғай жерлерде барлау және пайдалану бұрғылауларында қолданылады. Кей жағдайларда оның электрлі жетекке қарағанда экономиялық тиімділігіне байланысты жекеменшік компанияларда кеңінен қолданылады.
Электрлі жетектер – автономды емес және оларды тек электр желісімен жабдықталған бұрғылау орындарында ғана қолдануға болады. Бірақ қазіргі кезде электрлі жетектердің дамуына байланысты дизелді-электрлі және сұйық жанармаймен, табиғи және ілеспе газбен жұмыс істейтін газотурбиналы электрстанциясы кеңінен қолдау тауып отыр.
Сипаттамаларына байланысты энергияны үлестіру топтасқан, жеке және аралас болып бөлінеді.
Топтасқан жетекте бұрғылау қондырғысының шығыры, сорабы және роторы сәйкес берілістерді жалпы қозғалтқыштан алады. Сонымен бірге саны және қозғалтқыш қуаты азаяды. Топтасқан жетектердің кемшілігіне оның аса үлкендігі және қозғалтқышты ротормен, шығырмен, сораппен байланыстырушы күштік берілістердің санының көптігінен ПӘК-нің төмен болуы.
Жеке жетектердешығыр, ротор және бұрғылау сораптарының жеке қозғалтқыштары болады. Жеке жетек тиімді айналу жиілігімен, тез қосылумен және тоқтатумен қамтамасыз етеді. Конструкциясының және берілісінің киниматикалық нобайының қарапайымдылығы бұрғылау қондырғысын ықшамды етеді және жоғары ПӘК-мен қамтамасыздайды. Жкек жетектер электрлі бұрғылау қондырғыларында қолданылады.
Аралас жетек дизелді топтасқан жетектердің күші екінші бұрғылау сорабының жұмысына жеткіліксіз болғанда қолданылады. Бұл жағдайда ротор, шығыр және бұрғылау сораптарының біреуі топтасқан жетекпен, ал екінші бұрғылау сорабы жеке жетекпен жабдықталады. Электрлі бұрғылау қондырғыларында аралас жетектер кеңінен қолданылады, ротор мен шығыр топтасқан жетекке, бұрғылау сораптары жеке жетекке жабдықталады.
Әдебиет: НЕГ 1 [296-321]
Бақылау сұрақтары:
1. Беріліс механизмнің тағайындалуы?
2. Беріліс механизмінің нобайын сызыңыз?
3. Беріліс механизмнің түрлері?
4. Беріліс механизмнің салмағын қалай анықтайды?
5. Бұрғылау қондырғысының жетектері?
6. Жетектердің тағайындалуы?
7. Жетектің түрлері мен анықтамалары?
8. Дизельді жетектерді атаңыз?
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1296 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!