Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Мұнара мен мачтаның негізгі көрсеткіштеріне биіктігі, жүк көтергіштік күші, жоғарғы және төменгі өлшемдер, салмағы және ұңғының бұрыш диапазондары кіреді.
Жүк көтергіштік күші бұрғылау үрдісінде болатын мұнара мен мачтаның салмағын көтерімен сипатталады. Минимальді және номинальді жүк көтергіштік күштері болады.
Мұнара мен мачта салмағының технкалық пайдалану талаптары мұнара мен мачтаға қаттылық, тұрақтылық, ұзақ жұмыс жасау мерзімі, метал сыйымдылығының құрылымы және салмаққа байланысты болатын жұмыстар жатады.
Мұнаралар жүккөтергіштігі, құрылымы, пішіні, өлшемі. Тірек жүйесіне және фундаментке негізгі салмағын беру қабілеттігіне, құрамдас бөлшектерге бөліну дәрежесі мен құрастыру тәсіліне қарай бөлінеді.
Жүккөтергіштігін номинал және максимал деп бөліп анықтайды. Мұнараның номинал жүккөтергіштігі деп ілмекке түсірілетін максимал статикалық салмақты атайды. Ол мұнараға ілінген бұрғылау бағанасының максимал салмағымен анықталады. Мұнараның максимал жүккөтергіштігі қысқа мерзім ілінген шегендеуші бағанасының максимал салмағымен анықталады.
Ұзын свечаларды қолданған кезде көтеріп – түсіру операциясына жұмсайтын уақыт азаяды. Свечаны ұзартқан сайын мұнараның биіктігі, яғни оның салмағы көбейе түседі. Сол себепті, ұзын свечаларды тек терең ұңғыны қазған кезде пайдалану экономикалық тұрғысынан қарағанда тиімдірек.
Мұнараның фундаментке тірелу жүйесі. Бұл белгі бойынша мұнараларды мұнаралы және діңгекті түрге бөлінеді. Мұнаралы түрінің салмағы үш немесе төрт аяққа, ал діңгекті түрдің салмағы бір немесе екі аяққа түседі, діңгекті түрге А – типі мұнаралар жатады.
Мұнараның құрамдас бөлшектерге бөліну қаблеті. Құрамдас бөлшектерге бөліну қабілеті бойынша мұнаралар білікті және секциялы болып бөлінеді. Соңғысы құрамдас бөлшектерге бөлінбейтін секциялардан тұрады. Секциялы мұнаралар тасымалдауға ыңғайлы, оларды құрастыруға және керісінше жинауға аз уақыт жұмсалады.
Мұнаралы мұнара – керегеторлы, дұрыс төртқырлы қима пирамида пішінді құрылым. Ол сортты прокаттан немесе бұрғылау құбырынан жасалады. Оның бөлек бөлшектері болтпен қыстырылады. Орынықтырақ болу үшін оны тіреуішпен бекітеді.
Пирамиданың көпіршелерге қарағанда алдыңғы және артқы қырларында бұрғылау және шегендеуші құбырларын мұнараға кіргізуге арналған қақапалар орнатылған. Олардың биіктігі 8 м-ден 12 м-ге дейін барады.
Свечаның ұзындығына байланысты белгіленген биіктікте ортасында квадрат арқалығы және фонарьға кіріп тұрған алаңшасы бар төртбұрышты баткон орнатылады. Балкон мен люльканың еденіне тақтайлар төселіп, қоршаумен қауіпсіздендіреді.
Бұрғылау мұнараларының техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштер | Мұнаралы секциялы, А – типті | |||||
НБ53-300 | В1-300-53 | В200-41 | ВАС-42 | ВАС-42ІІ | ВАС-53А | |
Ілгектің номинал жүк көтергіштігі, т | ||||||
Мұнараның биіктігі, м | 42,83 | 53,4 | ||||
Төменгі табанның өлшемдері, м | 10х10 | 10х10 | 8х8 | |||
Шарнирлі тіреуіш аяқтарының арасындағы қашықтық, м | 9,2 | 9,2 | 10,78 | |||
Балкондардың саны | ||||||
Балкондардың орналасу биіктігі, м - біріші балкон - екінші балкон | 24,2 | |||||
Жоғарғы табанының биіктігі (аяқтарының осі бойынша), м | 2х2 | 2х2 | 2х2 | 1,8х1,8 | 1,8х2,0 | 1,8х1,8 |
Комплекті мұнараның салмағы, т | 30,3 | 36,5 | 32,5 |
ВМ-41М мұнарасы 150 тонна салмаққа дейінгі бұрғылау жұмыстарына арналған. Құрамдас бөлшектерге бөліну типі бойынша ол бөлек біліктерге бөлінетін мұнараларға жатады. Ол иілгіш белдеушелермен қосылған төрт аятан және диягональ тартымдардан тұрады. Керегеторы крест схемасы бойынша жасалған. Белдеушесі – 168 мм, қабырғасының қалыңдығы 6 мм бұрғылау құбырынан, тартымдары – 22 мм құрыш шыбығынан жасалынған. Мұнара ортасынан биіктігі 4 м он секцияға бөлінеді. Белдеушелер аяққа жартықамық көмегімен құбырлардың түйісінде болаттармен бекітіледі.
Биіктігі 53 м. Жүккөтергіштігі 300 т. ВБ – 53 – 300 мұнарасы тоғыз панельден тұрады. Астыңғы панельден басқасының биіктіктері 6 м, Астынғысыныкі – 7 м Мұнараның аяқтары 246 мм, қабырғасының қалыңдығы 10 мм Құбырдан, белдеушелері қабырғасымен қалыңдығы 5 мм, ұзындықтары 194 және 140 мм құбырлардан жасалады. Керегеторы крест түрінде, диагональ тартымдары иілгіш және ұзындығы керек кезде оңай өзгерілетін болып жасалады. Ұзындықтары 25 м және 36 м свечаларды көтеру үшін екі балкон жасалады. Екі арқалықтан тұратын рамаға жүккөтергіштігі 300 немесе 200 т кронблокты орнатуға болады.
Қазіргі таңда А – типті діңгек түріндегі секциялы мұнаралар кең қолдануда. Оның себебі мұнаралы мұнараларға қарағанда бұндай түрінің бірқатар артықшылығының бар болғанына байланысты. Олардың металлсиымдылығы жүккөтергіштігі бірдей болған кезде, мұнаралыға қарағанда 20 % аз. Құраушы бөлшектерінің де саны аз, және осыған байланысты оны құрастыру және жинау уақыты азаяды.
А – типті мұнаралар, жетуге қиын аудандарда және үлкен ара – қашықтыққа жиі орын ауыстыру керек болатын аудандарда кеңінен қолданылады.
ВАС-42 мұнарасының биіктігі 42 м, жүккөтергішті 200 т. Аяқтары біріккен жерінде кронблокасты рамасы мен кронблоктың алаңшасы орналасқан. Мұнараны вертикаль күйінде орынықтыру үшін 426 мм құбырдан жасалған екі сүйемелерді және тартымдарды қолданады. Мұнараның аяқтары қимасы теңбүйірлі үшбұрыш төрт пісірілген торлы формадан тұрады. ВАС – 42 мұнарасы балконмен, маршты баспалдақпен және сатымен жабдықталған.
Бұрғылау қондырғыларын және бұрғылау ғимараттарын топтастыру принципі. ВАС-42 мұнарасының биіктігі 42 м, жүккөтергіштігі 200 т. Аяқтары біріккен жерінде кронблокасты рамасы мен кронблоктың алаңшасы орналасқан. Мұнараны вертикаль күйінде орынықтыру үшін 426 мм құбырдан жасалған екі сүйемелерді және тартымдарды қолданады. Мұнараның аяқтары қимасы теңбүйірлі үшбұрыш төрт пісірілген торлы формадан тұрады. ВАС – 42 мұнарасы балконмен, маршты баспалдақпен және сатымен жабдықталған.
Әдебиет: НЕГ 1 [176-224]
Бақылау сұрақтары:
1. Мұнара дегеніміз не?
2. Мачта дегеніміз не?
3. Мұнара биіктігі қалай анықталады?
4. Бұрғылау мұнараларының техникалық сипаттамасын атаңыз?
5. Мұнараның жүккөтергіштері?
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1593 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!