Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Көтеріп-түсіру жұмыстарын автоматтандыру және механикаландыру саласында едәуір жұмыстар жүргізіліп, жаңа техникалық құралдар шығарылуда. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар көтеріп-түсіру операциясын жеңілдетуге, оған жұмсалатын қаржыны азайтуға бағытталған. Осындай механизмдердің бірі автоматтандырылған көтеріп-түсіру (КТА) құрылғысы. Бұл автоматтандырылған механизмдер жинағы төмендегідей жұмыстар атқарады:
а) бұрғылау құбырлары свечаларын ашу, бекіту, оларды орналастыру, тұрған орнынан ұңғы ортасына шығару, көтеріп-түсіру;
б) бұрғы тізбегін элеватормен ұстау, босату жұмыстары автоматтандырылған;
в) бұрғы құбырлары свечаларын орналастыру және ұңғы ортасына шығару жұмыстары механизацияланған;
г) бұрғы құбырлары свечаларының бұрандаларын майлау.
Свечаларды орналастыру арнайы таль жүйесі мен механизмдер арқылы іске асырылады. КТА механизмдер жинағының схемасы 14 суретте көрсетілген.
14 сурет. Автоматтандырылған көтеріп-түсіру механизмдер нобайы
1 – автомат-элеватор; 2 – таль блогы; 3 – тіктеуіш; 4 – ұстау механизмі;
5 – свечаларды тасымалдау; 6 – свечаны қоятын орын; 7 – свечаларды көтеру механизмі;
8 – пневматкалық ұстауыш сына; 9 – автоматтандырылған бұрғы кілті
Көтеру жұмыстарының реті төмендегідей. Бұрғылау құбырлары тізбегі бір свеча бойына көтеріліп, ротор столына ұстауыш сынамен ұстатылады да, автоматтандырылған бұрғышы кілтімен (АКБ) ашылады. Свечаны ашу кезінде бос төл блогы төмен түсіріледі, ол төмен жеткен кезде свеча ұстау, көтеру, жылжыту меxанизмдерінің көмегімен ұңғы ортасына шығарылады. Келесі свеча көтеріліп, шығарылған свеча орналастырылып қойылады. Бұрғылау құбырларын ұңғыға түсіру жұмыстарының реті, көтеру ретіне ұқсас. Көтеріп-түсіру жұмыстарының кейбір бөліктерін атқаратын механизмдер де, кеңінен қолданылады (көтеріп-түсіру механизмдері-КТМ).
Көтеріп-түсіру механизмдер жинағы төмендегідей жұмыстарды атқарады:
1) ағытылған свечаларды орналастыру;
2) ағытылған свечалардың жоғарғы ұшын, элеватор мен төл блогын қоса жоғары жұмысшыға қарай тарту;
3) ағытылған свечаны саусаққа кіргізу және ұңғы ортасына шығару;
4) бұрғылау және шегендеу құбырларын бұрап қатайту.
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2530 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!