Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Көтеріп-түсіру жұмыстары (түсіру, көтеру жылдамдықтары, көтеріп бастау кезеңі, ұңғы оқпанын өңдеу тағы басқа жұмыстар) режімдік-технологиялық карта көрсеткіштеріне сай немесе бұрғы мастері, инженерлік-диспетчерлік кызметкерлер нұсқауы бойынша жүргізілуге тиіс.
Бұрғылау тізбегін көтеру, түсіру, ұзарту жұмыстарын жүргізу үшін бұрғы қондырғысы керекті аспаптармен қамтамасыз етілуге тиіс. Бұрғылау немесе бұрғылау соңында, жетек және бірінші құбырды бірінші жылдамдықпен көтеру қажет. Бұрғы свечаларын, құбырларды және басқа да бұрғы тізбегі элементтерін ротор көмегімен ашуға болмайды. Сонымен қатар ротордың кері айналу жүрісін қосып, бұрғы тізбегінің айналымын тоқтатуға болмайды.
Ауырлатылған және бұрғылау құбырларын ұңғыға түсіру кезінде, жалғау элементтерінің арасындағы саңылауды момент өлшеуіштермен қадағалай отырып, автоматтандырылған машина кілттерімен қатайту керек.
Бұрғылау тізбегін толық тоқтатпай сына ұстағышты қосуға болмайды. Көтеріп-түсіру кезінде бұрғылау тізбегі роторға жәйлап отырғызылады. Бұрғылау тізбегін түсіру басында, тізбек жүрмей тоқтаған жерлерді бұрғы сорабын қосып, ұңғы оқпанын жуу арқылы өңдеу керек.
Таль арқанының лебедка барабанына дұрыс оралуын қамтамасыз етуші тетіксіз, жұмыс істеуге болмайды.
Ұңғы ішінен бұрғылау тізбегін, оның элементтерін көтеру кезінде, оларды жуу сұйығынан арнайы құралдар көмегімен тазалап отыру қажет.
Пневматикалы ұстауыш сынамен жұмыс істеу барысында, ротор үстелінің үстінде тұруға, сынаны толық көтермей тізбекті көтеруге, түсіруге, ротор столын айналдыруға болмайды. Бөгде заттар ұңғы ішіне түсіп кетпеу үшін, ұңғы сағасын жабық ұстау қажет.
Газ және жуу сұйықтарын жұтуға бейімді қабаттарды ашқан жағдайларда, қабатты жарып алмау үшін бұрғылау тізбегін ақырын көтеріп, түсіру қажет.
Бұрғылау тізбегін ұңғыдан көтеру барысында, ұңғыны уақытымен жуу сұйығымен толтырып отыру керек. Бұрғы мастері көтеріп-түсіру механизмдерін сақтық кестесіне сай тексеріп, тексеру нәтижесін арнайы журналға тіркеп отыруға тиісті. Белгілі мерзімде түсіру, механизмдерінің кемістіктері тексеріліп отыруы қажет.
Әдебиет: НЕГ 1 [246-262]
Бақылау сұрақтары:
1. Ленталы тежегіш құдықты тежегіштен айырмашылығы?
2. Тежегіште қандай фрауционды материалдар қолданылады?
3. Сипатына қарай қандай тежегіштер болады?
4. Автоматтандырылған механизмдерді атаңыз?
5. Көтеріп-түсіру жұмыс кезінде сақталатын негізгі сақтық ережелерін атаңыз?
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1360 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!