Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БҰрҒылау сораптары жӘне сорапты-циркуляциялы кешені



Бұрғы сораптарынын міндеті, жұмыс істеу принциптері мен конструкциясы.

Бұрғы сораптары ұңғыға қысым мен жуу сұйығын айдау үшін қолданылады. Бұрғылау жұмыстарында тек горизонтал, жетекті, поршенді сораптар қолданылады. Екі цилиндрлі бұрғы сорабының жұмыс істеу принципі (25-суретте) көрсетілген. Білік (14) айналған кезде шатун (12) кривошипі (13) тербелмелі қозғалыс жасап, крейцкопты (11) және онымен шток (10) арқылы байланысқан поршенді (5) қозғалысқа келтіреді. Поршень (5) астында айдау клапандары (6) орналасқан цилиндр төлке (9) ішімен қозғалады. Сору клапандары сүзгімен қамтамасыз етілген сору құбыры (3) арқылы қабылдау қалбырымен (1) қосылған. Айдау клапандары айдау компенсаторы (8) және айдау жолымен (7) қосылған. Поршень оңға қарай жылжыған кезде, цилиндрдің сол жағы сиретіліп, жуу сұйығы атмосфералық қысым әсерінен қабылдау қалбырынан (1) сору құбыры (3) арқылы көтеріліп, сору клапанын (4) ашады да, сорап цилиндріне кіреді. Осы кезде, цилиндрдің оң жағындағы қуысында жуу сұйығы айдау клапанына (6) айдау жолы арқылы ығыстырылады. Бұл кезде (6а) және (4а) клапандары жабық болады. Поршень кейін жылжыған кезде, цилиндрдің оң қуысында сұйық сорылады, ал сол жақ қуысында айдалынады. Осылай поршень қозғалған кезде цилиндрдің бір жағында сұйық сорылса, екінші жағында айдалынып отырады, яғни сорап екі жақты істейді.

Екі цилиндрлі бұрғы сораптарының техникалық сипаттамалары (11-кестеде) келтірілген.

Соңғы кезде үш цилиндрлі (үш поршенді) бұрғы сораптары кеңінен қолданылады. Олардың екі цилиндрлі сораптардан негізгі ерекшелігі: бір жақты істейтін үш жұп цилиндр поршендерінің болуы; поршендерінің сызықтық жылдамдығы (поршендердің қос жүрісі) жоғары; сұйықты қысып айдау дәрежесі бірқалыпты; жетек және гидравликалық біліктерінің сипаттамалары жетілдірілген.

25-сурет. Екі цилиндрлі бұрғы сорабының жұмыс істеу схемасы

Мысал ретінде үш цилиндрлі НТБ-600 бұрғы сорабының (26-сурет) құрылымын қарастырамыз. Бұл бұрғы сорабы БУ-2500 ЭУ және БУ-2500 ДГУ бұрғы қондырғыларының жинақ құрамына кіреді.

НБТ-600 бұрғы сорабы гидравликалық және жетек бөлімінен тұрады. Гидравликалық бөлім өзара сору (7) және айдау (13) коллекторларымен біріктірілген үш клапан қорабынан (8) тұрады. Клапан қорабында сору және айдау клапандары орналастырылған. Оның ішінде сонымен қатар, алынып-салынбалы цилиндр төлкелерде орналасқан. Төлкелер ішінде өздігінен тығыздалынатын резеңке манжетамен поршендар (11) қозғалады.

Поршень өлшемдері төлкенікі сияқты жуу сұйығының қажетті пайдалану мөлшері мен қысымына байланысты алынады. Поршень қозғалысы крейцкопфқа жалғанған шток арқылы іске асырылады.

Жетек бөлімі станинада тербелмелі подшипниктерге отырғызылған трансмиссиядан және эксцентрлік біліктерден тұрады. Жетек және гидравликалық бөлімдер бір рамаға отырғызылады. Оның құрамына майлау (1) және салқындату (6) жүйелері де кіреді.

11-кесте

Параметрлері БРН-1 У8-6М У8-7М УНБТ-950
Гидавликалық қуаты, кВт 368,8      
Жетектік қуаты, кВт        
Цилиндрлі төлке диаметрі, мм        
Өнімділігі (толтыру коэффициенті 0,9), м3/с ең жоғарғы ең төменгі     0,031 0,015     0,0509 0,0189     0,0502 0,0223     0,0414 0,023
Сұйық айдау қысымы, МПа: Цилиндрлі төлкенің ең үлкен диаметрінде цилиндрлі төлкенің ен кіші диаметрінде 9,7   20,0 10,0   25,0 14,2   32,0 19,0   32,0
Салмағы, кг          

26-сурет. НБТ-600 бұрғы сорабы

1-майлау жүйесі; 2-жетек бөлігі; 3-ендірме; 4-рама; 5- шток; 6-суыту жуйесі; 7-сору коллекторы; 8-клапандар қорабы; 9-клапандар тобы;

10-гидравикалық бөлік; 11-поршень; 12-цилиндр төлке; 1З-айдаушы коллектор; 14-қамыт; 15-сырғыма тиек штогы; 17-сырғыма тиек;

18-станина жапсырмасы

Әдебиет: НЕГ 1 [353-373], ҚОС 8 [1-6]

Бақылау сұрақтары:

1. Сорап дегеніміз не?

2. Тура бағыттағы сорап немен анықталады?

3. Екі бағыттағы сорап қалай анықталады?

4. Дифференциалды бағыттаға насос қалай анықталады?

5. Сораптың қысымы қандай құралмен анықталады?

6. Сорап төлкесінің жүріс саны немен анықталады?

7. Сақтау клапынының атқаратын қызметі?

8. Сорап қандай негізгі бөліктерден тұрады?

9. Төлке сораптың тең еместігі дегеніміз не?

10. Сорап машина ма әлде механизм бе?





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2772 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...