Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бұрғылау лебедкасының ленталы тежегіші



Ленталы тежегіш – бұрғылау лебедкасының негізгі тежегіші. Бұғылау колоннасын жылжымайтын жағдайда ұстап тұру және орнату үшін және басқа да аспаптарды ұңғыдан шығару мен көтеруге қолданылады. Ленталы тежегіш қажет болған жағдайда көмекші ретінде де қорлдануға болады. Мысалы, лебедканың көмекші тежегішінің тежегіш моментінің жетіспеген немесе болмаған жағдайда ұңғыға құбырлар колоннасын түсіру жылдамдығын төмендету үшін ленталы тежегіш қолданылады. Қашаудың ілгерілету реттегіші жоқ болған кезде ленталы тежегіш ұңғы түбінің тереңдеуі бойынша бұрғылау колоннасының жетегін және қашауға түсірілетін осьтік салмақты ұстап тұру үшін қолданылады.

МЕСТ-12.2.041-79 мемлекеттік стандартына сәйкес ленталы тежегіштерге төменгі талаптар ұсынылады:

· тежегіш моменті лебедканың берілген жүк көтергіштігіне сәйкес, көп салмақты құбырлар колоннасын қозғалмайтын жағдайда бірқалыпты ұстап тұру үшін көп болуы қажет;

· тежегіш жетегі ұңғыға түсірілетін құбырлар колоннасын ротор столына бірқалыпты жағдайда қою және тежегіш моментін бірқалыпты басқаруды қамтамасыз етуі қажет;

· тежегіш лебедка жетегін қосқанда бір уақытта тежелуі қажет;

· фрикционды жұптың қажалу температурасы тежегіш жұбында қолданылатын материалдардың қызу температурасынан аспауы қажет;

· тежегіш құрылымы өз еркімен тежелуі қажет,

бұрғылау лебедкаларында негізгі түр ретінде екі ленталы тежегіш қолданылады, бір ленталы тежегішпен салыстырғанда жұмыс жасау көрсеткіштері жоғары болады. Бірінші кезекте екі ленталы тежегіш өте тиімді екенін айтуға болады, ол лентаның біреуі істен шығатын кезде жұмысы әрі қарай жалғасады. Екі шкивке тежегіш моментін бөлу қысымды екі есе төмендетеді және колодка мен тежегіш шкивтері ұзақ жұмыс жасайды.

Бұрғылау лебедкасының ленталы тежегіштің кинематикалық нобайы 13 суретте келтірілген. Фрикционды төсемелермен болатты ленталар 4 цилиндрлік тежегіш шкивтерін 2 майыстырады, олар лебедка барабанында 3 орнатылады.

Қажалу нәтижесінде жылжымайтын төсемелер мен тежегіш шкивтер арасында тежегіш моменті пайда болады, олар барабанның айналуына қарсы келеді және жыожымайтын жағдайда ұстап тұрады. Лебедка барабанында тежегіш шкивтерін орнату қажеттілігі тежегіш моментін ұлғайтады. Осыдан жер асты механизмі кинематикалық жынжырда лебедка барабаны жәй жүрісті орган болады. Бірақ та, таль арқаны мен тежегіш арасындағы аралық үзбелердің жоқ кезінде лебедканы тежелуден сақтандырады.

13 сурет. Лебедканың ленталы тежегіштің кинематикалық нобайы: а – У2-2-11, У2-5-5;

б – ЛБУ-1100; в – ЛБУ-1700, ЛБУ-300; г – У2-300





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1552 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...