Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лихан - әлем чемпионы



«Құрастырма пирамидадан» Алматыда өткен әлем чемпинатында 18 жастағы қазақ спортшысы Әлихан Қаранеев ешкімге дес бермей, бас бәйгені иеленді.

Бильярдтан «Атакент» іскерлік көрме орталығында орналасқан «Бақшасарай» ғимаратында өткен бүкіләлемдік біріншілікке «Пирамида» ойынының нағыз майталмандары жиналған болатын. Араларында әр жылдары әлем чемпионы болған мықтылар да бар. Үш күндік сайыста 64 үздік бильярдшының ішінен Әлиханның бағы жанды. Ол қазір «Құрастырма пирамидадан» өзіне тең келер адам жоқ екенін дәлелдеді. Спортшы 2003 жылғы әлем чемпионы украиндық Ярослав Винокурды 6:0 есебімен жеңіп шықты. Сөйтіп, Әлихан бас бәйгеге тігілген 10000 АҚШ долларын жанқалтасына басты.

Әрқашан да ұстамды да, сабырлы Әлихан бұл жетістігіне қуанышты болса да, әдеттегідей әдептен асқан жоқ. Жас жігіттің әкесі, әрі бапкері Аңсар Қаранеев те қуанышына ортақтасқандарға қарапайымдылық танытты. Жиналған халық: «Жеңістеріңмен әкелі-балалы Қаранеевтер!» - деп қызыға қол соқты.

(«АЙҚЫН» газетінен)

16-тапсырма

Келесі сөздерді, сөйлемдерді пайдаланып, сұхбаттасыңыздар:

    СПОРТ  

түр – вид, қай түрімен – каким видом, айналысу – заниматься, күрес – борьба, еркін күрес – вольная борьба, ұлттық спорт ойындары – национальные виды спорта, спортшы – спортсмен, жүгіру – бег, бегать, жанкүйер – болельшик, қысқы спорт түрлері – зимние виды спорта.

Сізге спорт ұнай ма? Сіз спортты ұнатасыз ба?– Вам нравится спорт? Спорттың қай түрімен айналысасыз? – Каким видом спорта вы занимаетесь? Мен суға жүзумен, қазақша күреспен, еркін күреспен айналысамын. – Я занимаюсь плаванием, казакша курес, вольной борьбой. Сіз қандай ұлттық спорт ойындарын білесіз? – Какие национальные виды спорта вы знаете? Қазақстанда бәйге, қыз қуу сияқты ойындар кең тараған. – В Казахстане широко распространены такие виды спорта, как байга, догони девушку. Спортшылардың арасында чемпиондар көп пе? – Среди спортсменов много чемпионов?

16-тапсырма

Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз

әйгілі жастайынан болдыру жойқын белдесу лақап бүркеншік тәнті ету жауырынын жерге тигізу аты шулы жасы ұлғаю жалықпау шаршау керемет өтірік күресу белгілі қартаю, есею таң қалдыру жеңу кішкентай кезінен атақты жасырын ерінбеу

17-тапсырма

Мәтінді оқыңыз, қарамен берілген тіркестерді көшіріп жазыңыз, мағынасын ашыңыз:





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 887 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...