Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Керек дерек



· Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша әлемде қазіргі кезде есірткі қолданатындар саны 185 миллион адамға жеткен.

· Республикада жыл сайын 300 адам есірткіден қайтыс болады.

· Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 20 тоннаға жуық әртүрлі есірткі тәркіленеді.

ТАҚЫРЫПТЫҚ СӨЗДІК:

ағза – организм

алдын-алу – профилактика, профилактические

дерт, ауру болезнь, недуг

ем – лечение

есірткі, наша – наркотик

нашақорлық, есірткіге құмарлық – наркомания

жасанды – вымышленное

жас буын – молодое поколение

қыршыннан қию – убивать

бой көтеру –появиться

ар-ұят – совесть

намыс – честь

жүйке – нерв

тыныс алу – дыхание

қантамыр – кровеносный

шаралар – меры

тамақтану, қоректену – питание, питаться

үйлесім – гармония

шынығу – закаливание

қасиет – свойство

төзімді – сильный

5.2 ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

1 –тапсырма

Сұхбатты жалғастырыңыздар.

1. – Қанат, нашақорлық індеті мені қатты толғандырады? Сен қалай ойлайсың?

Нашақорлықты жеңуге бола ма?

- Нашақорлықты жеңу үшін салауатты өмірді көп насихаттау керек деп ойлаймын.

-......

2.- Қазір адамның өмірін ұзарту туралы көп айтады. Адам өмірін қалай ұзартуға болады?

- Менің ойымша, адам өмірінің ұзақтығы әркімнің өзіне байланысты.

- Сонда адам өз ағзасын шынықтыруы керек пе? Әлде басқа бір жолы бар ма?

-....

3. –Сәлеметсіз бе, ата?

-Сәлеметсің бе, балам!

-Денсаулығыңыз қалай?

-..........

8 –тапсырма

Келесі мақалдарды жаттап, мағынасын ашып беріңіз:

1. Тазалық – денсаулық кепілі.

2. Бас ауырса, жан қорқады.

3. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.

4. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады

5.3 ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз

1.Ауырмау....... қолымызда. Қай сөз түсіп қалған?

1) өзім
2) өзіміз
3) өз
4) өзінде
5) өзі

2. Халықтың денсаулығы немен байланысты?

1) әлеуметтік тұрмыспен

2) әлеуметтік жағдайымен

3) әлеуметтік жеңілдікпен

4) әлеуметтік бағытпен

5) әлеуметтік көмекке

3. Түйенің....., жылқының....... тек тамақ қана емес, сонымен қатар ауруға....болған. Қандай сөздер түсіп қалған?

1) қымызы, тұяғы, емге

2) шұбаты, басы, шара да

3) шұбаты, қымызы, ем де

4) шұбаты, сүті, тамақ та

5) қымызы, шұбаты, ем де

4.Келесі сөздердің тіркесімділігін көрсетіңіз: шөптердің, ауруларға, жағымсыз

1) дәрілік қасиеттері, қарсы тұруы, әдеттер

2) дәрілік сапасы, алды, жақсы

3) дәрі, ас, таныс

4) арман, дәрі, ем

5) беті, қарсы алу, талап

6) көп, есірткіге қарсы, таза

5.Үйге мен жоқта........ кіріпті. Қандай сөз түсіп қалған?

1) жаяу

2) екінші

3) біреу

4) алтау

5) бірінші

6.Ең қауіпті және апатты аурулардың бірі не?

1) Бас ауру

2) Көз ауру

3) Араққа салыну

4) Есірткіге құмарлық

5) Шөпті өсіру

7.Есірткі бизнесі қоғамның жас буынын............. Қай сөз түсіп қалған?

1) Қыршыннан қияды

2) Қыршын жас

3) Қарсы қояды

4) жояды

5) Қырын қарайды

8. Қылмысқа не жатады?.

1) Нашаға жататын өсімдіктерді өсіру, тарату, сату да

2) Нашаға жатпайтын өсімдіктерді өсіру, қарау да

3) Нашаны өсірмеу, таратпау, сатпау да

4) Нашаға жататын өсімдіктерді қорғау да

5) Нашаға жатпайтын өсімдіктерді өсіру, тарату, сату да

9. Сұрау есімдікті көрсетіңіз.

1) Бұлар

2) Қайсысы

3) Мұнымен

4) Бізді

5) Сіздер

10. Болымсыздық есімдікті көрсетіңіз.


1) Ешқайсысы

2) Әлдекім

3) Әлдеқалай

4) Қайсыбір

5) Мүмкін





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 769 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...