Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТӘНІ – САУДЫҢ ЖАНЫ САУ



Ой тастау сұрақтары:

· Сіздің денсаулығыңыз қалай?

· Егер ауырсаңыз, қалай емделесіз?

· Сіз аурудан қалай сақтанасыз?

· Аурудың алдын-алу шараларына нені жатқызасыз?

· Дені саудың жаны сау дегенді қалай түсінесіз?

1-тапсырма

Сөз тіркестерін аударыңыз:

профилактические меры, получать лечение, против наркотиков, здоровье молодого поколения, нервная система, дорогое лечение, опасный недуг; салауатты өмір салты, аурудың алдын-алу, денсаулық үшін пайдалы, жүрек-қантамыр аурулары, нашақорлықтан сақтану, дерттен арылу, ем қабылдау

2-тапсырма

Мәтінді оқып, аударыңыз, мазмұндап беріңіз.

Қазақ халқында «бірінші байлық – денсаулық» - деген мақал бар. Шынымен де, егер адамның денсаулығы болмаса, оның бүгінгі қоғамның толық белсенді мүшесі болуы қиынға түседі. Күнделікті өмір бізге әр түрлі қиындықтарды алға тартады. Оларды жеңу үшін, өз мақсаттарымызға жету үшін ең алдымен деніміз сау болуы керек.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», - деген де мақал бар. Ауырмау да өз қолымызда. Біз дұрыс тамақтанып, көптеген ағзаға зиян заттардан аулақ болып, денемізді шынықтыра білсек, дәрігерлерге жиі-жиі бара бермес едік. Халықтың денсаулығы оның әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын сақтап қалу мәселесіне көп көңіл бөлінеді.

Қазіргі уақытта денсаулықты сақтап қалу - өте өзекті мәселелердің бірі. Өйткені қазір адам бойындағы ауруларға қарсы тұра білу әлсіреп барады. Ерте кезде қазақтар табиғатпен өте тығыз байланыста, үйлесімде өмір сүрді. Шөбі шүйгін жайлауларда, қысы қатал қыстауларда мал бағып, сол малдың етімен, сүтімен қоректенген қазақтар өте төзімді халық болған. Түйенің шұбаты, жылқының қымызы тек тамақ қана емес, сонымен қатар ауруға ем де болған. Ауыра қалса, емді ата–бабаларымыз табиғатта өскен шөптердің дәрілік қасиеттерінен тапқан.

Қазіргі медицинаның дамыған тұсында адам ағзасының ауруларға қарсы тұруы әлсіреген. Бұған экологиялық факторлардың әсері де бар. Дегенмен, жас буын өз денсаулығын қазірден ойлар болса, жағымсыз әдеттерден аулақ болғаны дұрыс. Бұлар: ішімдік, темекі, есірткі. Олардың орнына денсаулыққа пайдалы тағам, спорт, табиғатқа жақындық т.б. тәнге де, жанға да жайлы істермен айналысу абзал. Адамға берілер өмір де, денсаулық та - ең басты байлығымыз. Оларды қадірлей білейік!

3-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Мәтінде қандай мақал-мәтелдер қолданылған?

2. Олардың мағынасын ашып беріңіз.

3. Халықтың денсаулығы неге әлеуметтік жағдаймен байланысты?

4. Қазақ халқы ертеде қалай өмір сүрген?

5. Қандай тағамдар ем ретінде жұмсалған?

6. Жастар өз денсаулығына қалай көңіл бөледі?

4-тапсырма

Мәтіннен есімдіктері бар сөйлемдерді теріп жазыңыздар, олардың қай сөз табының орнына жұмсалғанына назар аударыңыздар, сұрақ қойыңыздар.

Үлгі: Күнделікті өмір бізге (кімге?, зат есімнің орнына) әр түрлі қиындықтарды алға тартады.





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 906 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...