Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ажымұқан Мұңайтпасов



(1871-1948)

Қажымұқан Мұңайтпасұлы - әлемге аты шыққан атақты балуан. Жоқшылық салдарынан жастайынан еңбекке араласқан Қажымұқан (өз аты Мұқан) Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласы) Н.И.Масликов дейтін саудагерге жалданып, жұмысын істейді – малын бағады, шөбін шабады, жүгін тасиды. Қыстың күні шанамен шөп алып келе жатқанда жеккен аты болдырып қалады. Ол дәу шана шөпті бір өзі сүйреп ауылға жеткізеді. Қаршадай ғана баланың мына жойқын күшіне үлкен-кіші түгел таңданады. Осыдан бастап оның аты шыға бастайды.

Қажымұқан он сегіз жасында Омбы қаласына келіп, қалалық циркте өтіп жатқан балуандар күресін көреді. Бір күні чемпионаттың күшті балуандарының бірі А.И.Злобин: Көрермендер арасынан күрескісі келетін адам бар ма, - деп сұрайды. Кілемге жасөспірім Қажымұқан шығады. 18 минутқа созылған белдесуге орыстың кәсіпқой балуандарының бірі А.Н.Злобин Қажымұқанды әрең жеңеді. Осы «тұсау кесерден» соң оның спорттағы үлкен жолы басталды. Петербургте «Ваня аға» деген лақап атпен жұртшылық құрметіне бөленген И.В.Лебедевтің тәрбиесінде болып, классикалық күрес пен цирк өнерін шын беріле үйренеді, жалықпай жаттығады.

Күрес тәсілдері мен өз мүмкіндігін жете меңгерген Қажымұқан 1908 жылы «Ямогата Маханура» деген бүркеншік атпен дүниежүзілік аренаға шықса, бір жылдан кейін Ригада өткен дүнижүзілік біріншілікте бас бәйгені жеңіп алып, алтын медальға ие болды.

Жеңіс жолы одан әрі жалғасты. 1910 жылы Москва мен Петербурге Георг Лурих, Циклоп-Бенковский, Алекс Аберг тағы басқа да күшті балуандармен белдесті. Сол жылы Оңтүстік Америкада ол жанкүйерлерді өз өнерімен тәнті етті. Ал 1911 жылы Варшавада болған дүниежүзілік чемпионатта кіші алтын медальды жеңіп алды.

1913 жылы Қажымұқанның аты ерекше шықты. Троицкіде өткізілген халықаралық жарыста 18 балуанның жауырынан жерге тигізді. Париж, Стокгольм, Кабул, Тегеран, Харбин сияқты ірі қалаларда өткен белдесулерде жеңіс жолын жалғастырады. Оның есімі орыстың аты шулы балуандары: И.М.Поддубныймен, Иван Шемякинмен, И.М. Заикиндермен қатар аталды.

Түріктің жауырыны жерге тимеген әйгілі балуандарын жыққаннан кейін оған «Қажы» атағы беріліп, жұрт оны Қажымұқан деп кетеді. Қажымұқан классикалық күрестегі тамаша жеңістері үшін 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған.

Қажымұқан ғажайып балуан болумен бірге туған халқының асқан патриоты да болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жасының ұлғайып кеткеніне қарамастан, халық арасында өнер көрсетіп, одан жиналған қаржыға ұшақ жасатып, Отанын қорғап жүрген ұшқыштарға сыйлайды. Ол «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталып, «Қазақ даласының батыры» деген құрметті атақ алды.

Батыр атамыздың есімін мәңгі есте сақтау мақсатында республикамыздың елді-мекендеріне, қалалардың көшелеріне, мектептеріне Қажымұқан есімі берілді. Классикалық күрестен республика деңгейдегі дәстүрлі Қажымұқан атындағы жүлде жыл сайын сарапқа салынады.

18-тапсырма

Сөйлемдерді аяқтаңыз

1) Кілемге жас өспірім …

2) Қажымұқанды әрең …

3) Жеңіс жолы одан …

4) Оңтүстік Америкада ол жанкүйерлерді өз өнерімен …

5) Варшавада болған дүниежүзілік чемпионатта кіші алтын …

6) Ол «Құрмет Белгісі» орденімен......................

Еске түсірейік. Есімшенің анықтауыштық қызметі

Етістік +ған, ген, қан, кен Зат есім Етістік +атын, етін, йтын, йтін

19-тапсырма

Мәтінді оқыңыз, етістерді, есімшелерді анықтаңыз.





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 878 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...